JOSPARLAR.KZ-Орта мерзімді және Қысқа мерзімді Сабақ Жоспарлар сайты

hacked by mohamed.xo

Еңбекпен келген жеңіс

Алматы қаласы, Алмалы ауданы, КММ «79 гимназия»

Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Керембаева Бакытгуль Неспаевна

Алматы қаласы, Алмалы ауданы, КММ «79 гимназия»

Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Керембаева Бакытгуль Неспаевна

 

Пәні: Қазақ тілі Сыныбы: 7

 

Сабақ тақырыбы: Еңбекпен келген жеңіс
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемер) 7.Т2. Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау.
7.Ж4. Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, презентация түрінде ұсыну.
7.ТБ2. Жазба жұмыстарында ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру.
Сабақтың мақсаттары: Барлығы: Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтайды.
Көбі:  Жазба жұмыстарында ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді құрайды.
Кейбірі: Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, презентация түрінде ұсынады.
Күтілетін нәтижелер: Сабақ барысында мәтіндерді талдау, сипаттау арқылы мағлұмат береді,шағын мәтін құрай алады.
Жаңа сөздер: Спорт шебері, бапкер, кәсіподақ, өлкетану, мұражай.
Сабақта қолданылатын материалдар: Интерактивті тақта, слайдтар, А4 парағы, маркерлер, плакат, түрлі түсті қарындаштар мен фломастерлер
Оқыту әдістері: Сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Көңіл-күйді анықтау» тренингі, «Ойлан» тәсілі, «Ыстық орындық» тәсілі, ассоциацияграмма құру, «Төрт сөйлем» тәсілі
Дереккөздері: Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік.
Тапсырмалар:

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу Мұғалім «Көңіл күйді анықтау» тренингінің негізінде сабақ басында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады. Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын сурет (смайлик) ( күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап т.б.) салады.
Өткен сабақты тексеру Үй тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды. Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді.
Ортасы

І. Қызығушылықты ояту

 

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында тақырыпқа қатысты слайдты көрсетеді. Суреттерде не бейнеленгендігін сипаттап берулерін сұрайды. Слайдты қарайды, өз ойларын айтады.
ІІ. Мағынаны тану 1.Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады. Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды. Айтылым. Дұрыс айтылуымен ауызша жаттығу жүргізеді.
Ә) Жазылым.Оқулықтағы 5-тапсырманы орындатады. Жазылым. «Атақты палуан» деген тақырыпта әңгіме жазады.
2. Сергіту сәті. Күнделікті сергіту жаттығуын жасатады.

 

Сергіту жаттығуын жасайды.

 

3. Мәтінсоңы жұмыс. А) Жазылым. Оқулықтағы 6-тапсырманы орындатады. Жазылым. Мәтінге тақырып қояды, құрмалас сөйлемдерді табады, талдайды.
ІІІ.Ой толғаныс Оқулықтағы 7-тапсырманы орындатады. Айтылым. Мәтіндегі ақпаратты «Төрт сөйлем» тәсілін пайдаланып айтады.
IV.Бекіту Ә)»Есте сақта!» айдарымен берілген сөздер мен сөз тіркестерін оқиды, талдатады. Сөздер мен сөз тіркестерін оқиды, талдайды.
V.Бағалау Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша қорытынды ойды өзі айтады. Оқушыларға аты-жөндері жазылған өзара бағалау парағын береді. Әр аттың тұсына өз бағаларын қояды.

Оқушы аты Баға
1 Айқын 5
2 Айша 5
VI.Үйге тапсырма Мәтін бойынша 8 сұрақ дайындау
VII.Рефлексия Күн шапақтары салынған А4 парағын таратады. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін күн шапақтарына жазып, тақтаға іледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

QazCrypto.kz - Новости о криптовалютах в Казахстане
Следи за нами в FaceBook.
Все новые статьи и много уникального!
Спасибо, не показывайте мне эту штуку больше!
Суставтарыныз Ауырама?
Сабак жоспары
Друг, не уходи!