JOSPARLAR.KZ-Орта мерзімді және Қысқа мерзімді Сабақ Жоспарлар сайты

hacked by mohamed.xo

Үйді сәндеу.Етіс және оның түрлері

Алматы қаласы, Алмалы ауданы, КММ «79 гимназия»

Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Акрамова Зарина Хетахуновна

Алматы қаласы, Алмалы ауданы, КММ «79 гимназия»

Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Акрамова Зарина Хетахуновна

 

Уақыты: Қазақ тілі

 

Сынып: 8
Сабақ тақырыбы: Үйді сәндеу

Етіс және оның түрлері

Жалпы мақсат: а)Етіс және оның түрлері туралы білімдерін толықтыра отырып,оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету;

ә) Түрлі әдістерді пайдалана отырып балаларды тапқырлық, жылдамдық, есте сақтау қабілеттерін арттыру, сөйлеу тілін жетілдіру;

б) Сабақ барысында оқушыларды сауаттылыққа баулу;

Сілтеме: Қазақ тілі оқулығы

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі: Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып,

оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау

 

Сабақта қолданылатын материалдар: Интерактивтітақтаменжұмыс
Оқыту әдістері:  Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда  АКТ-ны  пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

 

 

Сабақ  барысындағы  мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу

ә) Психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім оқушыларға бір-біріне тілек айтқызады:

Кәне, достар, тұрайық.

Шеңберімізді құрайық.

Жақсы-жақсы тілектер

Бір-бірімізге сыйлайық!  (Оқушылар қол ұстасып, бір-біріне жақсы тілектер білдіреді: «Бүгін мен саған сәттілік тілеймін, бес ал, жақсы жауап бер»)

б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Сәлемдеседі, бір-біріне тілектер айтады

шарлар арқылы топқа бөлу

Қызығушылықты ояту Миға шабуыл: өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын  қайталау сұрақтарын береді.

1. Етіс дегеніміз не? Неше түрі бар?

2. Өздік етіс дегеніміз не? Жұрнақтарын ата.

3. Өзгелік етіс дегеніміз не?

4.Ортақ және ырықсыз етіс деген не?

Талдау,жинақтау,қорыту

 

Жаңа тақырып  1-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңді айтыңдар.  Бұл тапсырманы «Даналық ағашы» оқыта үйрету ойыны арқылы өткіземін.

Ойынның шарты:

Оқушылардың әрқайсысы мәтін бойынша сұрақ құрап қағазға жазады. Жүргізушінің қолындағы сандықшаға тез сұрақтарын салады. Содан соң әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап толық жауап беруі тиіс. Басқалары сұрақ пен жауапты бағалайды. Жүргізуші жеңімпазды анықтайды.

Үйді сәндеу тәсілдері

Сіз жаңа үй сатып алдыңыз және өз ойыңызбен үйдің ішіне өзгеріс енгізгіңіз келеді. Мамандар сізге мынандай үй сәндеуге арналған кеңестер береді:

—          Үй қабырғаларына ашық түсті түсқағадар жабыстырыңыз. Өзіңізге қандай түс ұнайды, сол түсті таңдаңыз.

—          Жатын бөлмеге ерекше мән беріңіз. Төсек жабдықтарына да аса көңіл бөлген жөн.

—          Қонақ бөлмеге көрік беретін жиһаз, үй гүлдерін, өз ойыңмен түрлі сувенирлер жасап қоюыңызға болады. Негізі қонақ бөлмеде артық заттың қажеті жоқ.

—          Ас бөлмесінде де көңіл бөлетін жайт ыдыс-аяқтар, асүй жиһазы, боялған шамдар бөлмеге ерекше жарық беріп тұрады.

Сөздік: («Аудармашы» ойыны арқылы жаңа сөздермен танысу)

түсқағаз – обои

Жатын бөлме – спальня

сергек – бодрый

Сұрақтар:

1. Үй сәндеуге арналған кеңестермен таныссың ба?

2. Үй қабырғаларын қандай түсқағазбен безендірген дұрыс?

3. Жатын бөлмеге қалай көңіл бөлу керек?

4. Қонақ бөлмеде нелер тұрса болады?

5. Ас бөлменің ерекшелігі қандай?

 

3-әрекет. Біліктілікдағдыларынқалыптастыру

2-тапсырма. 3 конверттіңішіндетапсырмаларболады. Әртоптанбіроқушышығып, кезкелгенконверттітаңдапалады, ішіндегітапсырманыорындайды.

1-конверт. Мәтін бойынша сөйлемді аяқтап жазыңдар.

Үйді сәндеу үшін …

Үйдің ішін ашық түсті …

Жатын бөлмеге …

Қонақ бөлмені …

Асүй жиһаздарына …

 

2-конверт.Көп нүктенің орындарын толықтырып, сөйлем құраңдар.

Мен үйімді …

… ерекше жарық береді.

Жатын бөлмеде …

Қонақ бөлмедегі заттар …

… түсқағаз жабыстыру керек.

… талғаммен ойластыру керек.

Менің үйімді сәндеуге …

 

3-конверт.Жақша ішіндегі сұрақтарға жауап беріңдер.

(Қандай?) түсқағаздар жабыстыру керек.

(Қайда?) жайлы төсек, ашық түсті жаймалар болу керек.

(Қайда?) артық зат керек емес.

Асүйге (қандай?) шамдар ерекше жарық беріп тұрады?

 

3-тапсырма.Берілгенетістердіңтүрлерінанықтаңдар.

Өздік Өзгелік Ортақ Ырықсыз

Алынды, оқығызды, жазысты, ұйықтатты, пісірілді, киін, санасты, жүрісті, қаралды, сатыпалынды, айтысты, түсін, көбейт, жуыс, тазалаттыр, ақтат, жинаттыр, сүрткіз, жинас, жөндес.

 

Сабақты қорытындылау

Синквейн: Бес жолды өлең құрастыру.

Үй.

Сәндеу, тазалау.

Әдемі, үлкен, ыңғайлы .

Біз үйімізді сәндедік.

Бөлме.

 

Шығармашы

лық жұмыс                    

 

Бүгінгі сабақтан есіңде қалған 20 сөзді параққа жаз. Оқып бер.

 

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

Үй тапсырмасын  беру  7-тапсырма, 38-бет. Үй тапсырмасын білу, түртіп алу
Бағалау             Формативті бағалау Топтардың бірін-бірі  бағалауы
Рефлексия Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру «Екі жұлдыз, бір тілек »

 

QazCrypto.kz - Новости о криптовалютах в Казахстане
Следи за нами в FaceBook.
Все новые статьи и много уникального!
Спасибо, не показывайте мне эту штуку больше!
Суставтарыныз Ауырама?
Сабак жоспары
Друг, не уходи!