JOSPARLAR.KZ-Орта мерзімді және Қысқа мерзімді Сабақ Жоспарлар сайты

Диаграммалар

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп: Қ.Қалыбеков атындағы орта мектеп
Диаграммалар
Күні: Мұғалімнің аты жөні: Насиғоллақызы Орынша

Сынып: 5 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы Диаграммалар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 5.4.4.1.
Дөңгелек, сызықтық , бағанды және графиктік диаграммалар туралы түсініктері болу;
Сабақтың мақсаты Дөңгелек, сызықтық, бағанды және графиктік диаграммалар туралы түсініктері болу.
Оқушылардың түсінігін тереңдетіп, сыни ойлау,қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту.

Бағалау критерийі Білім алушы
— диаграммалардың түрлерін ажыратады
— диаграммалардан статистикалық мәліметтерді алады
— диаграммалармен берілген деректерді оқи алады.

Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну
Жоғары деңгей дағдылары

Тілдік мақсаттар
Оқушылар:
— дөңгелек, сызықтық және бағанды диаграммалар туралы өз түсініктерін сипаттай алады;
— диаграммалармен берілген деректерді оқи алады.
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
— диаграмманың түрлері: дөңгелек, сызықтық, бағанды және графиктік;
— статистикалық мәліметтер.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
— диаграмма – бұл статистикалық деректерді графикалық кескіндеу;
— мына диаграмма … көрсетеді;
— диаграмма деректеріне сүйеніп, … айтуға болады.

Құндылықтарға
баулу
Жұптық, топтық жұмыста — өзара құрмет, бір-бірінің пікірін сыйлау, адамгершілік, жеке жұмыста — жауапкершілік, бағалауда – шыншылдық құндылықтары мен проблемаларды шешу қабілеті, қарым-қатынас дағдылары қалыптасады.
Пәнаралық байланыс Информатика,жаратылыстану,бейнелеу
Алдыңғы білім
Дөңгелек сектор ұғымын біледі

Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
Ұйымдастыру.
Ширату жаттығуы.
«Құпия тапсырма»
Математикалық сауаттылыққа берілген тапсырма.
Бір аптада кассада киноға сатылған билеттер диаграммасы көрсетілген.Қай күндері жартысынан көп бірақ 300 ден аспайтын билеттер сатылды?

Тиімді кері байланыс жүреді.
Жетелеу, зерделеу сұрақтары беріледі. ҚБ мадақтау.
Сабақ мақсатын, оқушылардың «жақын арадағы даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау.

 

Интер.тақта

 

Сабақтың ортасы
«Stop – кадр»
Жоғарыда берілген тапсырманың шығарылу жолы бейнеленген бейне ролик көрсетіледі.Оқушылардың талдау, болжау жұмыстарына нақты жауап беріледі.
«Суреттер галереясы»
Суреттер топтамасы таратылады, диаграмма түрлері. Сызбаларының түріне қарай салыстырады,топтайды, нәтижесінде: «Бағанды диаграмма», «Дөңгелек диаграмма», «Сызықтық диаграмма» топтарына бөлінеді.
«Джигсо» топтық жұмыс
Жаңа материалды өзбетімен оқып үйрену жүзеге асады.
І топ – 1мысал, ІІ топ-2 мысал, ІІІ топ- мысал
Топтар арасында сұрақтар қойылады.
ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек»
Саралау тапсырмасы, ұжыммен жұмыс.
Графиктік диаграмма
4 мысалда Астана қаласындағы 15 шілдедегі температураның тәуліктік өзгерісін графиктік диаграмма арқылы көрсету.

 

 

 

Кері байланыс. Диаграмманың аталған түрлерінен айырмашылығы бар ма, болса қандай?
Ал, ұқсастығы бар ма, болса қандай?

«Пирамидалық талқылау». Топтық жұмыс
Оқулықтан: №1291, 1292, 1296
\
Кері байланыс «Егер 5 минутыңыз болса …»

«Конверттегі сұрақ». Практикалық тапсырма
Жұппен жұмыс
1.Алдыңғы сабақта болған бақылау жұмысының нәтижесін бағанды диаграммада көрсету. «5» — 2, «4» — 5, «3» — 7, «2» — 1 оқушы.
2.Сыныптың құрамын: 10 ұл, 5 қызды дөңгелек диаграммада көрсету.
3. Интернеттен Атырау қаласындағы 22 тамыздағы температураның тәуліктік өзгерісін графиктік диаграмма арқылы көрсету.
ҚБ ҚБ оқушы жұмысы бейне камерада көрсетіледі,
«3 рет қол соғу»
«»
Саралау тапсырмалары суретпен жұмыс.
1.Сурет бойынша диаграмманың түрін жазыңыз:
а) ә) б) в)

 

 

Дескриптор: Білім алушы
— дөңгелек диаграмманы анықтайды;
— сызықтық диаграмманы анықтайды;
— бағанды диаграмманы анықтайды.
2.Суретте қаладағы жолаушылар таситын автобустардың, троллейбустардың және трамвайлардың дөңгелек диаграммасы берілген:

автобустар

троллейбустар

трамвайлар

a) Диаграмма бойынша жолаушылар таситын көліктердің әрбір түріне неше градус сәйкес?
ә) Қаладағы жолаушылар таситын көліктердің қандай бөлігі троллейбустар, қандай бөлігі трамвайлар?
б) Егер қалада барлығы 224 жолаушылар таситын көлік болса, онда нешеуі автобус, нешеуі троллейбус?

Дескриптор: Білім алушы
— берілген мәліметтерді анықтайды;
— берілген мәліметтер бойынша ақпаратты анықтайды.
ҚБ «Бірін-бірі бағалау»
Оқушының аты жөні 1 тапсырма 2 тапсырма
А) Ә) Б)
 

«Доп лақтыру» сабақты қорытындылау
Бейне ролик

 

 

MS Excel программасы

 

 

 

 

 

оқулық

 

 

 

Интер тақта

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы
«5-5-1»
Рефлексия парағы _____________
_1_________________________________________
_2________________________________________
_3_________________________________________
_4_________________________________________
_5_________________________________________

 

Үйге тапсырма
Жаратылыстану пәнінде алған мағұлыматтары бойынша дөңгелек, бағанды диаграмма құру

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

 

Оқушыға қарқынына байланысты жеке қолдау көрсету мақсатында графиктік диаграмма тапсырмасын ұсындым. Интерактив тақтада кей оқушы нүктелерді енді тауып белгілеп көрсеткенде жылдам оқушылар диаграмманы салып та үлгереді, кей оқушы мұғалім нұсқауын күтпей-ақ ең жоғарғы , төменгі нүктелерді анықтапта қояды.Саралау жұмысының бірін білім деңгейі әртүрлі оқушыларға қажеттілігіне қарай тапсырма түрінде ұсындым,суретпен жұмыс:
Қолдауды қажет ететін оқушылар бірінші тапсырманы,орташа қолдау күтетін оқушылар екінші тапсырманы а) нұсқасын, қолдау күтпейтін оқушы ә), б) нұсқаларын орындайды.Бұл тапсырманы барлығына бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу үшін бердім.
«Конверттегі сұрақ» практикалық тапсырмасында дереккөздер пайдаланып, интернеттен Атырау қаласындағы 22 тамыздағы температураның тәуліктік өзгерісін графиктік диаграмма арқылы көрсетеді.Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да нәтижелері әртүрлі болады.Саралау тәсілдерін қолданғанда: әлсіздерге көмек беріліп, мықтыларға назар аударылады да тиімді оқыту іске асады.
Оқушылардың оқуын тексеру үшін ҚБ –дың төмендегі тәсілдерін қолдандым: мадақтау,
«Екі жұлдыз, бір тілек»,
«Егер 5 минутыңыз болса …»,
«3 рет қол соғу»,
«Бірін-бірі бағалау».

Оқушылардың партада түзу отыруын, көздің АКТ қолданғанда уақытқа қатысты ережені сақтау.

Сабақта «Құпия тапсырма» ширату жаттығуын,
«Джигсо» белсенді оқыту тәсілін қолдандым.

Сабақ бойынша рефлексия Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

 

 

Бағалау бетшесі
1 тапсырма 2 тапсырма
Аты,тегі а) ә) б)
1

 

2

3

 

4

5
6

 

7
8

9

10