JOSPARLAR.KZ-Орта мерзімді және Қысқа мерзімді Сабақ Жоспарлар сайты

МЕТАЛДАР МЕН БЕЙМЕТАЛДАР

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы

№261 орта мектебінің химия  пәнінің мұғалімі

Алиаскарова Гульнур Бакбергеновна

Сабақтың атыМеталдар мен бейметалдар
СілтемеЖоспар
Жалпы мақсатыМеталдар мен бейметалдар туралы ақпарат беру.Металдар мен бейметалдардың қосылыстарының формуласын,атауларын ажырата білуге үйрету.

Топта еркін жұмыс жасауға тәрбиелеу

 

Күтілетін нәтижеМеталдар мен бейметалдар таралуы туралы білетін болады. Металдар мен бейметалдардың қосылыстарының формуласын, атауларын ажырата білуді үйренеді.Топта еркін жұмыс жасай алады

 

Негізгі  идеяларМеталдардың иондану энергиясы аз болғандықтан олардың валенттік электрондары оңай бөлініп, бүкіл кристалдың бойында еркін қозғала алады. Элементтер-бейметалдар қалыпты жағдайда әр түрлі агрегаттық күйде болатын жай заттарды түзеді
Тапсырмалар

Жұптық  жұмыс

«Кім көп біледі»

Топтық жұмыс

«Жоба қорғау»

Жеке  жұмыс «Деңгейлік тапсырманы орындау»

 Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

І.Сынып оқушыларына  жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару,  топқа бөлу (2-3 минут)

Сынып оқушыларын суреттерді қиындыларын құрастырып 2 топқа  бөліп топтастыру.

(Металдан жасалған ракетаның суреті мен бейметалдардан йодтың суреті)             

 

1-      топ:  “Металдар”                 

2-      топ:  “Бейметалдар”  

 

ІІ.Талқылау үшін сұрақтар. (2-3 минут)

1.Химиялық элементтер неше топқа бөлінеді? (Металдар және бейметалдар)

2.Неліктен олай ойлайсың? (Периодтық кестедегі металдар мен бейметалдардың орналасу тәртібіне тоқталады)

3. Олай болса металдардың бейметалдардан айырмашылығы неде?

 

 

 

ІІІ. Жұптық жұмыс «Кім көп біледі?» (5 минут)

Металдар тобы

Бейметалдар тобы

1.Өнеркәсіптің негізгі  металы?
2. Металдардың кернеу қатарын кім жасады?
3. Тайқазан 7 металдан  құйылған,  ол  қандай металдар?  
4. Алғашқы  көмекке  пайдаланатын  бейметалл?
5.  Ең  қатты  металл?
6. Шаршамайтын  металл?
7. Азотты  ашқан ағылшын  ғалымы?8.  Қай  элементтің  таңбасы  айдаһар бейнесіне ұқсайды?
9. Индекс, коэфициент нені  көрсетеді?10.  Мырыш сульфидінің қандай қабілеті бар?

 

1.Ең  жеңіл  металл
2. Ең  ауыр  металл
3. Ең  тез  балқитын  металл
4. Ауада  жанатын  сілтілік  металл
5. Қанның  құрамына  кіретін  металл6. Тыңайтқыш  ретінде қолданылатын  сілтілік металл
7. Қиын балқитын, қатты ақ түсті металл
8. V  топтың  металл  элементі
9. Металлургияны  грек  тілінен  аударғандағы қазақша     баламасы.  10. Өнеркәсіптік  әдіспен  алынатын  минералдарды  не  деп  атаймыз

 

 

Жұптар  дайын үлгі жауаппен бірін-бірі бағалайды

 

ІV. Топтық жұмыс  «Жоба қорғау» (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5  рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақытсақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Металдар тобына «Тұжырымдамалық карта»

Бейметалдар тобына «Концептуалдық кесте»

бағалау

 

Ү. Жеке  жұмыс «Деңгейлік тапсырманы орындау» (10 минут)

 

Ойлау деңгейі

Сұрақтар мен тапсырмалар

Жауаптары

БілуХимиялық элементтер нешеге бөлінеді?
ТүсінуМеталдар мен бейметалдардың периодтық жүйеде орналасу тәртібін түсіндіріңіз
ҚолдануРеакция теңдеулерін аяқтаңыз
ТалдауМеталдар мен бейметалдардың айырмашылығы мен ұқсастықтарына мысалдар келтіріп салыстырыңыз
ЖинақтауМына  айналымдарды жүзеге асырыңыз
БағалауХимия өндірісінде металдардың маңызы неде?

 

бағалау

 

Рефлексия

Бүгінгі сабақтан алған әсерім

Кейінгі тапсырмаларЖаттығу  №2,4 орындау 82-бет.
Кейінгі оқу2-тарауды оқу