JOSPARLAR.KZ-Орта мерзімді және Қысқа мерзімді Сабақ Жоспарлар сайты

Оқушының  танымдық іс-әрекетін  дамытудағы үйірме жұмыстарының тиімділігі

Тақырыбы: Оқушының  танымдық іс-әрекетін  дамытудағы үйірме жұмыстарының тиімділігі

Есенгалиева Асел Утепбергеновна

Атырау облысы

Махамбет ауданы

Қосарал орта мектебі

Биология пәні мұғалімі

“Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты
барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы
мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз”
Н.Ә.Назарбаев

Бүгін  күні  білім саласының алдында шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Өйткені қазіргі кезең қоғамның жедел дамуымен байланысты болса, ал болашақта ғылым мен техниканы, өндірісті дамытатын бүгінгі  жас жеткіншектер.

Педагог  алдында бүгінгі болашақ ұрпақ тәрбиелеуде тұрған  міндеттер: білім мазмұны және оны оқытудың әдіс – тәсілдерін түрлендіру. Ол үшін ерінбей еңбектеніп, үйірме жұмысында оқушыны үзбей бақылау, жүйелі білім мен дағды қалыптастыру қажет.

«Жасыл желек» атты үйірмеге  қатынасушы  балалар жер бетінде шипалық қасиетке  және әдемілікке ие алуан түрлі өсімдіктер бар екенін білуі керек. Ертедегі грек дәрігері Гиппократ  өсімдіктің  қай бөлігі болса да пайдалы, оларды ауруды емдеу мақсатына кеңінен қолдануға болады деп есептеді. Сондай – ақ ол өз дәуірінде қолданылған екі жүзден астам өсімдікке сипаттама берді. Рим дәрігері Гален тұңғыш рет науқастарды өсімдіктің қайнатындысымен, шырынымен, тұнбасымен, ұнтағымен және одан жасалған дәрімен емдеді.

Дәрілік өсімдіктердің маңызы бүгінгі күнде де аса жоғары. Үйірме мүшелеріне бөлме өсімдіктерін танытып білдіру мақсатында   негізгі міндет-терді   іске асыру қажет .

 

Елбасы Н. Ә. Назарбаев халыққа жолдауында «Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады» деген еді. [ 1, 26 бет  ]      [слайд 2 ]

Осыған орай болашақ ұрпақты жан жақты белсенді, жеке тұлға қалыптастыра отырып тәрбиелеуде мұғалімнің алар орны ерекше. Сондықтан оқушылардың пәнге қызығушылығын, заман талабына сай сұранысын тек оқу бағдарламасымен қанағаттандыру мүмкін емес. Сол себепті сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың дұрыс ұйымдастырылып, тиімді жүргізілуі маңызды. Соның бірі үйірме жұмыстары. Қазіргі мектептерде үйірме жұмыстарына сынып оқушыларын жаппай қамтып ала береді. Түрлендіре, қызықты өткен сыныптан тыс жұмыстар оқушының күнделікті сабақта байқала бермейтін жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашады, оқушының өзіне сенімділігін, өзін дұрыс бақылауын, сонымен қатар әртүрлі жұмыстар іс тәжірибесі мен дағдысын қалыптастырады.

Пәндік үйірменің негізгі мақсаты: әртүрлі үйірмелермен қамтылған оқушылардың қоғамдық және шығармашылық белсенділігін көтермелеу, білім сапасын арттыру, кәсіптік бағдар беру және болашақ мамандығын еркін таңдауына көмектесу,  алған білімдерін өмірде қолдана білу біліктерін қалыптастыру. [слайд 3 ]

«Заманауи түсінікте дарынды, талантты оқушыларды әрқашанда мінез құлқы бойынша табу мүмкін емес, кейде олардың айрықша қабілеттілігі айқын болмайды. Оқушылардың дарындылығы бір себептермен көрсетуге мүмкіндік болмауы мүмкін немесе көрсете алмай жүруі мүмкін» деген сөздерге келісемін, себебі үйірме жұмысында мұғалім оқушының жасы мен жеке бас ерекшелігін білу қажет. Танымдық іс әрекет шеңберінде сабақта алған білімдерін кеңейтетін, қоршаған өмірге қызығушылығын дамытатын мәселелерді қозғаған жөн. Танымдық іс әрекетте ұжымдық және жеке жұмыс формаларын бөліп қарауға болады. Сабақтан тыс уақытта оқушылар жаңа білімдерді бірлесе алады, тәжірибе жұмыстарының қарапайым модельдер дайындаудың нәтижесіне жетеді, түрлі мамандықтар жөнінде мағлұматтар алады. Өз еркімен түрлі танымдық түрлі шығармашылық жұмыстарға қатынасып, оқушылар іс барысындағы тәуелділікке, жауапкершілікке, өзара көмек қатынасына тартылады.оқу барысына қарағанда, оқушылардың іс әрекет формалары көбірек. Жұмыс барысында оқушылар оқу құралдарын, таблицаларды ретке келтіреді, түрлі коллекцияларды,гербарийлерді құрастырады, өзіндік бөлме үшін табиғи материалдар жинастырады.

Мектепте үйірме жұмыстарын ұйымдастыру барысындағы өзіндік іс тәжірибеммен бөліскім келеді. 5-8 сынып аралығында арналған үйірме жұмысының  тақырыбы «Жасыл желек». .[слайд 5]

Бұл ғылым саласынын таңдауымның  себебі, биология сабағы барысындағы гүлдер әлемінің сан қырлы сипаттары, шығу тегі және кейбір түрлерінің адам ағзасы үшін тигізетін әсері жөніндегі мәліметтер оқушылардың қызығушылығын оятты. Бұл сала оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытатын,кәсіби бағдар беретін және қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік қасиеттерін дамытатын сала деп есептеймін. Бұл үйірме жұмысын ұйымдастырудағы мақсатым,оқушыларға эстетикалық, адамгершілік тәрбие бере отырып, биология кабинетінде өсіп тұрған гүлдердің түрлерімен таныстыру, ерекшеліктерін зерттей отырып, күтіп баптау тәсілдерін меңгерту болды.

Оқушылар  өз жұмыстарында «Гүлстан» жүрналының жинақтарының тігінділері, «Шаңырақ» энциклопедиясы және өсімдіктер флорасы, систематикасын пайдаланды.

Үйірме жұмысы теориялық және практикалық бағытта жүреді. Теориялық бағытта өсімдік топтары, морфологиялық ерекшеліктері, күтіп баптау, көбейту, орналастыру, отырғызу жұмыстарының қыр сыры туралы білім  алады. Ал практикалық кезеңде үйірмеге қатысушы оқушылар кабинетте өсіп тұрған гүлдердің морфологиялық ерекшелігін зерттеп, сипаттама жазады.

«Жасыл желек» үйірмесінің мақсат-міндеттері: «Гүл өссе-жердің көркі» дейді қазақ.адам баласы әдемілік пен сұлулық атаулыны  әсем жаратылған өсімдікпен өлшейді. «Өмірдің гүлі», «гүлдей жайна», «гүлдей бер» секілді сөз тіркестері де соның дәлелі.Яғни гүл-әдемілік өлшемінің шыңы. Мейірімділік, махаббат, қуаныш, ілтипат секілді сезімдерді жеткізуде гүлдің алар орны ерекше. Гүл-жақсылықтың, бақыттың нышаны іспеттес. Олай дейтініміз, гүлді беру арқылы біз  біреуге ақжарқын көңіліміз бен  ыстық ықыласымызды, ілтипатымыз бен сыйымызды көрсеткіміз келеді.Осы ретте Гомердің гүл берудің «Гүл берудің ғана артында ешқандай жаман ой тұрмайды.Өйткені,оның өзі бар нәрседен хабар беріп тұрады» деген сөзі ойға орала кетеді. Демек, гүлді ізгі ниет – пейілдің,жан жылуының белгісі десек артық айтпаймыз. Ойлап қарасақ қолданыста жүрген «гүл-ғұмыр» деген тіркестің өзі бойына терең әрі тұнық мағына сыйдырып тұрғандай.

Бәріміз дерлік көктемді гүлімен, жазды жылы күнімен жақсы көреміз. Күн жылысымен дереу гүлді киюді ұнатамыз.Сол арқылы өзіміздің көтеріңкі көңіл – күйімізді көрсеткіміз келеді. Гүлдің, гүлді ортаның  адам баласына әсері зор. Гүл- көңілді жайландыруға, ойды демалдыруға таптырмас құрал болса керек. Ол  тіптен кейде кейбір дерттерді емдейді. Ғалымдар гүлдердің классикалық баяу әуендерді тыңдаса жақсы өсетінін, ал рок, поп секілді даңғаза музыкаларды үнемі қосып қойсаң олардың бірте-бірте солып қалатынын дәлелдеген. Адам гүлге қалай қарым – қатынас жасайды, оны өсіруге  қаншалықты ықыластанады, гүл де адамға солай жауап беретін көрінеді. Мамандардың айтуынша гүлді әркім өз қолымен егіп, күтіп баптаған дұрыс. Гүлді шын ықыласыңмен күтіп –баптасаң, ол өскен соң денсаулығына, отбасыңа оң әсерін  тигізетін көрінеді. Ал гүлдердің қасында бір сағаттай отырсаң көңіл күйін көтеріліп, барлық жаман ойдан арылады екенсің.

Мақсат –міндеттері:-оқушылардың гүл туралы білімдерін толықтыру, зерделеу, тәжірибе барысында пайдалану арқылы төмендегі міндеттерді шешуге көздейді:

1.Оқушыларды курс мазмұнымен таныстыру.

2.Гүл түрлерімен таныстыра отырып,оны бейнелеп салуына мән беру.

3.Гүлдер туралы әртүрлі,қызықты мәліметтер іздету.

4.Дала,бақша,бөлме гүлдерімен таныстыру

5.Гүлдердің баптап, күту негізінде этикалық,эстетикалық тәрбие беру.

6.Гүлдерге деген аяушылық сезімдерін ояту,оларды қорғауға үйрету.

7.Оқушылардың мәдениеттілігін қалыптастыру.

8.Оқушылардың гүлдер туралы шығармашылық білімдерін толықтыру. .[слайд 5 ]

Оқушыға қойылатын талаптар:-бағдарлама мазмұнымен толық танысу; бағдарлама барысында жүргізілетін жұмыстарға толық қатысып, берілген  тапсырмалаларды уақытылы орындау;шығармашылықпен жұмыс жасау; әдеби оқулықтар, интернет көздерімен, газет – журналдармен үнемі байланыста жүру.

-Бағдарлама соңында тапсыратын жұмыстар:

-Бағдарлама барысында салынған гүл суретін тапсыру.

-Гүлдерге байланысты өздерінің жазған  өлең жолдарын тапсыру.

-Өздерінің жұлдызнамасына сай келген гүлдерге мәнжазба жазу.

-Қызықты тапсырмалардың жауаптарын тапсыру.

Сабақтың тақырыбы: Бөлме гүлдерінің түрлері, өсіру.

Мақсаты:Оқушыларды бөлме гүлдерінің түрлерімен таныстыру;

1.Гүлдердің аттарын есте сақтауға дағдыландыру.

2.Күту,өсіру туралы кеңестер беру. Іс жүзінде:«Әйел бақыты», «Каланхоэ»  гүлдерін ыдысқа отырғызуды үйрету арқылы икем-дағдыларының, бейімділіктерінің қалыптасуына ықпал ету,экологиялық ой-өрістерін, көзқарастарын кеңейту.

3.Әсемдікке,нәзіктікке баулу.

«Каланхоэ» — адамның өте қатты күшін жоғалтудан сақтайды. Күйзелістен, депрессиядан қорғайды. Өмірдегі келеңсіздіктерден сақтайды.

Пайдалы кеңес айдарынан: «Сансевьера және лимон» — Балалардың жанына әсіресе сансевьера мен лимонды қойған жақсы. Олар баланың білімге деген ынтасын арттырады, құштарлығын дамытады.

Лимон — оқушының өздігінен жұмыс істеуін және белсенділігін арттырады.

Сансевьера — дөрекі қылықтардан арылуға көмектеседі.

Сабақтың  теориялық  бөлімі

«Герань-«қазтамақ»- Бұл гүлді жатын бөлмеге орналастырған жөн. Одан бөлініп шығатын пайдалы қоспалар мазасыздықты жеңуге көмектеседі. Ауаны:стафилококк,стрептококк бактерияларынан залалсыздандырады. Оны тексеру үшін ғалымдар стафилококк бактериясының  2-3 тамшысын қазтамақтың жапырағына тамызғанда  3 сағаттан соң бактериялар өліп қалған. Сонымен қатар шыбын — шіркейлер герань бар жерден қашады. Бөлмені жаман иістерден тазартады.

Сіз білесіз бе?… — Герань — қазтамақ гүлінің қасында 15 минут отырсаңыз да жеткілікті; сіз өзіңіздің күш жинап,  демалғаныңызды сезесіз. Сіздің ағзаңыздағы зат алмасу үрдісі ұлғая түседі.

«Бегония мен фикус» гүлдері үйіңізге келген адамдардың жағымсыз пиғылдарын өз бойларына сіңіріп сіздерге тек оң энергия береді.

«Теңге гүл» — ауаны тазартады,  күйзелісті төмендетеді,  шаршауды басады.

«Алоэ» — «жүзжылдық» — түнде О 2 бөлініп, СО 2 газын сіңіреді, сондықтан оны жатын бөлмеге орналастырған жөн. Шырынында бактерицидтік қасиеті жоғары болғандықтан, медицинада үлен қолданыста. Теледидар,  компьютер, толқынды пештердің (микроволновка)  сәулелерінен сақтануға сіздерге: — раушан гүлдер, орхидея, өрмелегіш  ( лианалар) көмектеседі.

Өсімдіктердің табиғатпен биологиялық байланысы. Ғылыми қорытын-дыларға арқа сүйесек, өсімдіктер өмірінде уақыт пен жиілікке бағынатын таңғажайып заңдылық бар. Мысалы таңғы сағат 3-те «Ешкі сақал»  дейтін гүл жарып ашылады да, түн жарымда «түн патшасы» деп аталатын кәдімгі кактус қайта жабады. Өсімдіктердің осындай қасиеті барын 18 ғасырда француз астрономы Мэрен байқап, зерттеген. Ол жердің өз осінен айналуына бақылау жүргізген кезінде кейбір өсімдіктердің бір тәуліктің ішінде біресе жапырақ пен гүл жарып, біресе қауызын қайта жауып отырғанын, оның уақыттың белгілі бір мерзімінде дәлме-дәл келетінін анықтаған. Ғалымдар бұл күннің сәулесіне қатысты шығар деп ойлап, әлгі өсімдіктерді жарық түспейтін қараңғы бөлмеге қойып, бақылағанда олардың бір мезгілде жапырақ пен гүл жарып, бір мезгілде қауызының қайта жабатынының куәсі болған. Содан олар «Өсімдіктерде сыртқы ортаға байланыссыз уақыт өлшегіш жүйе бар» деген қорытынды жасаған.

Кактустар адамның  көңіл — күйіне  әсерін тигізеді. Кактусқа «туу  түрі қандай сүйкімсіз» десең болғаны , ол құрамында алкогольдік қоспалар бар улы заттарды бөліп шығаратын көрінеді….Ал бұл зат адамды ішімдікке итермелейді. Осындай сөз айтамын деп  кактустың улы заттарын ағзасына сіңіріп, адамдардың ішімдікке әуестеніп  кететін кездері болатынын ғалымдар тәжірибе жүзінде талай рет анықтады. Ғалымдардың пайымдауынша,  фиалка (шегіргүл).

Фиалка — өз қожайынын жақсы көретіні соншалықты, ол басқа жаққа кетсе, қатты сағынады екен.

Қазтамақ —  (герань)  Герань гүлін басқа өсімдіктерден өзін бірінші  суармаса,» ренжіп қалады» ол осы ренішін көпке дейін гүл ашпай білдіреді. Ертеде адамдар зығырды (лен) еккенде жалаңаштанып жұмыс істеп, көрдің бе, сен өнім бермесең, мен жалаңаш қаламын»  деп айтады екен. «Қыдырып»  кеткен күйеуін үйге қайтару үшін әйелдер өздерінің жататын бөлмесіне  алқызыл түсті гүлді қойған. Сол гүл тұрған бөлмеде 3 күн қонған күйеуі  одан әрі  ешкімге қарамай, әйеліне сезімі арта түскен. Зерттеушілердің  пікірінше, ең жағымды гүлдердің бірі — қазтамақ — герань. Ол тұрған бөлмеде ұрыс — керіс болмайтын көрінеді. Ұрыс — керіс бола қалса, өсімдік адамның жүйкесін  тыныштан-дыратын зат бөле бастайды да, ренжіскендер тез татуласып кетеді.

Тақырыбы: «Білгір биологтар мен тапқыр достар».  Сайыстың мақсаты:                                                                                                             Білімділігі: бұл кешті өткізе отырып оқушылардың осы пәннен алған білімдерін сынау, сонымен қатар ойлау, топпен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып одан әрі білімдерін жетілдіру.

 

 Осындай жүргізілетін іс-әрекеттің барлығын бақылап, өзім жүргізген тәжірибемнен айтарым, осындай әдіс-тәсілдерді қолдана отырып өткізген үйірме жұмыстарының  оқушыға берері мол, нәтижесі өте жоғары.  Себебі оқушылардың барлығы дерлік  сабаққа қатысады, өздерінің ойын еркін айтады, бірін-бірі тыңдайды, салыстырады, сол сабақтан өзінше бір түйін жасап, өз бетінше білім алады. Ал тәрбиелік жағына келер болсақ, оқушылар ұйымшылдыққа, тез шешім тауып, тығырықтан шығуға, өзіне баға беруге ұмтылады, үйренеді.

Сонымен үйірме жұмысының  мақсаты:

-шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

— рухани дүниесін байыту ;

— оқырмандығын күшейту;

— ауызша – жазбаша тіл мәдениетін дамыту;

— ойлау, елестете алу қаблетін қалыптастыру;

— көзқарасын тереңдету;

— өзінше бағалап, ой түйуге баулу;

— ойын жеткізе алу, ой түйюге баулу;

— танымдық оқу ауқымын кеңейту;

— шығармашылық ізденісіне жол ашу.

Әр технологияны қолдану арқылы белгілі бір жетістіктерге жетеміз.
Мұндай технологияларды қолдану — біріншіден оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы арта түспек деп ойлаймын.

Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру, инновациялық үрдісте тиімді пайдалану қазіргі заман талабы.

Нағыз өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге ие бола алады. Ал білікті маман болу үшін көп ізденіс керек. Әр оқушының жүрегіне жол тауып, оларды білімге қызықтыру-біздің міндетіміз. Білім беру кезінде бала білім алады, сана сезімі өседі, жақсы әдет-ғұрыпқа, мәдениетке, әдептілікке, үлкен –кішіні сыйлауға үйренеді. Сабақтың қызық өтуіне көптеген факторлар әсер етеді. Ең қажеттісі, мұғалімнің әдіскерлік шеберлігі. Сол үшін мұғалімге қажет үлкен қасиет — өз ісін сүюі және балаларды сүюі.

Ұсыныс :

  1. Өздеріңізге қазіргі заман өзгеріс тудырудың қарыштау шегінде. Сол бағытта жергілікті туған-жеріміз ауылымыз да күннен күнге көреюде. Әсіресе ауылдың орталық бөлігінде орналасқан демалыс саябағы ерекше көзге түседі, алайда оның гүлдер бағының болмауы көңілге кірбің ұялатады. Менің мақсатым болашақта аталған мекенді гүл бағына орандыру болып табылады, алайда мектеп және әкімшілік тарапынан қодау табылып, үйірме мүшелеріне арналған жылыжай гүлдерді баптау, өсірі учаскелері жұмыс жасаса нұр үстіне нұр болар еді;
  2. Жоспарға сәйкес үйірме мүшелерімен далалық зерттеу- экскурсиялық жұмыстары жаз мезгілінде үнемі ұйымдастырылып отырады. Бұл сапарда оқушылар жабай гүлдерден гербарийлер жасалып, олардың емдік қасиеттерін анықтау жұмыстарымен айналысады. Сол мақсатта зертханалық жұмыстарға қажетті техникалық құрал- жабдықтар, тыңайтқыштар мектеп әкімшілігі жанынан қолдау табылса ;

 

Қолданылған  әдебиеттер тізімі:

1.«Қызықты биология өсімдіктер әлемі»   Р.Сәтімбеков,Р.Әлімқұлова

Алматы 2006

2.Республикалық ғылыми – танымдық «Гүлстан» журналы 2009-2011

3..Интернет көздері

4.Биология 6-сынып оқулық К.Жүнісқызы,Р.Әлімқұлова,Қ.Жұмағұлова.

5.«Биология анықтамалығы» журналы

6.«Гүлстан» журналы.

7.Байтенов М.С. В мире редких растений. Алматы, «Қайнар», 1985

  1. Дәрілік өсімдіктер , Алматы «Қайнар» баспасы  2011 жыл