JOSPARLAR.KZ-Орта мерзімді және Қысқа мерзімді Сабақ Жоспарлар сайты

ДАЯРЛЫҒЫМ, ҚОШ САУ БОЛ

ШҚО Глубокое ауданы Глубокое кенті О.Бөкей атындағы қазақ орта мектебі Қанағатова Баян Советкановна бастауыш сынып мұғалімі (мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі)

Тақырыбы:  «Даярлығым, қош бол!»

Мақсаты:  Балаларды  мектепалды даярлық  тобынан  шығарып сала отырып, оқу-білімге  деген  қызығушылықтарын оятып, Отанын, елін, жерін, құрметтеуге баулып,  адамгершілікке,сыйластыққа  тәрбиелеу.                  

 Әдісі:  Ертеңгілік.

Барысы:  І Ұйымдастыру кезеңі

Ақырын музыка ойнап тұрады. Сахнаға  қолында үлкен тоқашы бар Жалқаубек  шығып:

  • Мәссәған, мына жер жайлы жұмсақ екен, осында ұйықтап алайын. – деп жата кетеді.

Сахнада  Жалқаубек  рахаттанып ұйықтап жатады. Есік жақтан Жалқаубекті іздеп  атын  атап   Білгішбек кіреді. Сахнада ұйықтап жатқан Жалқаубекті көріп:

  • Өзім де сені ұйықтаааап жатқан шығар деп едім. Ойым дәл шықты. Тез арада оятайын, әйтпесе мерекеден кешігеміз, — деп өзімен өзі сөйлесіп.

( Жалқаубектің қасына келіп, атын атаса да , жұлқыласа да тұрмай қояды. Үлкен дауыс  күшейткішпен айғай салады. Сонда Жалқаубек шошып оянып еңбектей жөнеледі) Білгішбек зорға  ұстап  алып:

  • Сені іздемеген жерім жоқ. Саған бүгін қонаққа барамыз деп едім ғой.

Жалқаубек: (қарын қасып тұрып)

  • Мен, оны мүлде ұмытыыыыыып кетіппін. Қарным ашқан соң, тамақ жееееп жатып ұйықтап қалыппын,- дейді керіліп

Білгішбек :

  • Жүр , енді жылдамдатайық ,– деп сүйрей жөнеледі. Сахнада фанфар музыка ойнап екі жүргізуші шығады.

1-жүргізуші :Санжар:

Құрметті қонақтар армысыздар
Бәріңізде есен – аман бармысыздар?

Баласының бақытын аялайтын

Үлкендерім аман- есен саумысыздар.

2- жүргізуші  Дильназ:

Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Қоштасатын кешімізді біз бастайық
Жүздерінен көркем шаттық арайлы
Болсын солай әрбір күнің ,әр айың ,- деп ортаға достарымызды шақырайық.

         Балалар тізбектеле ортаға шығады. Балаларды бастап ханшайым да бірге келеді.

    Жүргізуші:Айдана. Ән: «Құшағында жарқылдап» .қарсы алыңыздар

Осы кезде ентіге жүгіріп,  Жалқаубек пен Білгішбек келеді.

Жалқаубек алыстан айғайлап:

  • Біз келдік, — деп жүгіріп келеді. Оны Білгішбек тоқтатып:
  • Бірінші амандасайық та ,- дейді. Жалқаубек ұялып, төмен қарап «Сәлеметсіңдерме, балалар!» — балалар амандасады. Оларды тыңдап тұрған
  • Ханшайым:
  • Келіп үлгергендерің жақсы болды, біз бастап та қойдық- дейді. Білгішбек:
  • Балалар, кешіріңдер біз бір себеппен кешіктік ,– деп Жалқаубекке қарайды. Жалқаубек  естімеген  кісі сияқты, теріс қарайды.

Ханшайым:

  • Жә, ештеңе етпес, біздің балалар өте ақылды, білімді, мәдениетті олар сендерді түсінеді. Солай ғой, балалар.
  • Балалар:
  • Иә.
  • 1-жүргізуші: Санжар:
  • Төрлетіңіздер, қонақ болыңыздар ,балалардың биін тамашалап отырыңыздар- деп екеуін отырғызады.

Би: «Қазақ биі» қарсы алыңыздар./Дильназ,Нұрасыл,Үкілай,Нурали,Айару,Алихан,Зейнеп,

Әлиби/.

Жүргізуші: Дильназ

-Енді сіздер балалардың жаттаған тақпақтарын тыңдаңыздар

Балалар тақпақтарын айта бастайды.

Дильназ:

Мектеп-қамқор анамыз

Оқу білім аламыз

Өнерпаз болып өсетін

Біріншіге барамыз.

 

 

 

Нұрасыл:

Сары,ақпыз,қарамыз

Бәрімізде баламыз

Бір ауылда тұрамыз

Бір мектепке барамыз

Ақ,қара деп бөлмейміз

Бір жыл туған төлдейміз

Туысқанбыз,татумыз

Биіктерге өрлейміз.

           Мадина:

Ән салғызып билеткен

Ылғи бізбен жүретін

Тақпақты да үйретіп

Ойнатады күлетін

Қызық-қызық ертектер

Біздерге оқып береді

Жылауық та,тентек те

Сол апайға көнеді.

Әліби:

Сезімде туған баламыз,

Оянды ақыл санамыз.

Толтырып білім,білікті

Өзіңнен алып барамыз.

Қуанышым менің мол,

Мектебіме тарттым жол.

Ұмытпаймын өзіңді,

Даярлығым қош сау бол.

Еркеназ:

5 болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Өнер-білім көп тоқып,

Өсе берсін санамыз.

Мейіржан:

Биыл алты жастамын,

Кітапты оқи бастадым.

Әріптерді танып мен,

Енді жаза да аламын.

Адам етіп баптаған

Ардақтап бізді мақтаған

Даярлыққа мың алғыс.

 

 

 

 

Үкілай:

Ойыншықты жинаймыз,

Бөбектерге сыйлаймыз.

Оқу білім үйреткен,

Өзіңізді қимаймыз.

Алты жасқа толамыз,

Әдепті бала боламыз.

Қуантып ата-анамды,

Мектепке кетіп барамыз.

           Нұрали:

Тәрбие берген ұямыз,

Тәртіпті бала боламыз.

Талаптанып қанаттанып,

Өмір сырын ұғамыз.

Оқып білім аламыз,

Азамат боп шығамыз.

Зейнеп:

Біз біріншіге  барамыз

Біз  оқушы боламыз

Жақсы оқып сабақты

Кілең бестік аламыз

Сабақтан  ешбір,қалмаспыз

Тәртіпті біз боламыз.

Рауан:

Шықтық бүгін алға енді,

Даярлық  топ  қош  енді.

Қадам  бастық  есейіп,

Қызық  өмір алда  енді.

          Айару:

Мен енді үлкен боламын,

Анамның тілін аламын.

Ұстаздың барлық айтқаның,

Миыма құйып аламын.

Алихан:

Ботақаным бөбек деп,

Еркелеткен ұл қызын.

Анамызды ерекше,

Қуантатын күн бүгін.

Өсті міне бойымыз,

Қуанышқа ортақпыз.

Құтты болсын тойымыз.

 

 

 

Сабина:

Ән салайық бас қоса,

Даярлықпен қоштаса.

Қалам,дәптер,өшіргіш,

Кітаптармен достаса.

Елнұр:

           Мектеп деген білім кені,жыр кені,

Мектеп деген даналардың мекені.

Мектеп деген тәрбиеші апайға,

Мектеп деген білімнің ең үлкені.

        Айдана:

Тақпақ,ертек,ән-бидің,

Бәрін бойға құйғыздым

Санамызға сіз біздің,

Бар асылды сыйғыздың.

Жақтың білім шырағын

Рақмет сізге мұғалім!

Жалқаубек атып тұрып:

  • Мәссәған , мыналар тақ- тақ етеді ғой. Өздері мектепке барамыз дейді. Олар мектепке қайтіп барады. Мен білсем бұлар түкте білмейді. Сабаққа барарда сөмкелеріңе не саласыңдар, мысалы мен сабаққа барғанда (сөмкесінің ішінен алып шығып көрсетіп отырады) кәмпит, тоқаш, шәй, нан, машина, автомат, т.б. салып баратын боламын.

Ханшайым:

  • Балалар , Жалқаубек сабаққа қажетті деп салған заттарын дұрыс салып па?
  • Жоқ
  • Ал, Білгішбек сен не салып алдың?

Білгішбек  тақылдап:

  • Күнделік , қалам, дәптер, оқулық, пенал, өшіргіш, бояулар т.б. заттарын көрсетеді.

Ханшайым:

  • Білгішбек дұрыс салып па.
  • Иә

Жалқаубек:

  • Ой, бәрбір түк білмейді.

Білгішбек:

  • Сен қателесесің, бұл балақандар бәрін де біледі. Сенбесең сұрақтар қой.

Жалқаубек: Солай ма?Ал айта қойыңдаршы:

— Біз қандай мемлекетте тұрамыз?

  • Қазақстан Республикасының  елбасы кім?

—    Қазақстан Республикасының рәміздерін атаңдар?

  • Біздің елордамыз қалай аталады?
  • Жыл мезгілі нешешеге бөлінеді? Атап беріңдер.
  • Табиғат нешеге  бөлінеді?
  • Тірі  және өлі табиғатқа не жатады?
  • 2 — тапсырма «Кім білгір»
  • Қазақ тілінде қанша әріп бар?
  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?

 

-Мәә, мына балалар біліп тұр ғой. Енді мақал-мәтел  айта алама екен көрейінші. Қане ,кім айтады?

Жалқаубек:

  • Ой,жарайсыңдар , ал енді математикадан сынап көрейінші сендерді
  • Санамақ білесіңдер ма осы?
  • 1 — ден 20 — ға дейін тура және кері санап беріңдерші

—     Қандай геометриялық  пішіндерді білесіңдер?

Жалқаубек: ойланып тұрып:

  • Ал, кәне «Кім шапшаң?» екенін байқайын, тез кім табар екен:

Жалқаубек  басын қасып тұрып:

-Иә, енді қандай тапсырма берсем екен. Таптым, таптым, бұлар мүмкін, ән айтып, би билей алмайтын шығар. Мықты болсаңдар ән айтып, би билеп көрсетіңдерші.

   Ханшайым:

-Жалқаубек,  бұл балапандардың қолынан келмейтіні жоқ. Ән де  айтады, би де билейді. Қазір біз дайындалып алағанша, бізге қонаққа келген әпкеміз 1сынып оқушысы  Беделханқызы  Мөлдірдің  өнерін  тамашалай отырайық.

Келесі биді тамашалайық.   Мамырбек Гульфияны  ортаға шақырамыз.

Жалқаубек:    — Көреміз, көреміз, — деп сахнаның шетінде жатады.

Ханшайым:

-Қанеки, балалар өнерімізді көрсетейік.

Жүргізуші:  Дильназ

Шалқып тасып әніміз

Жадырасын жанымыз

Мың бұралған биімен

Балалар қарап тұрмасын ,- деп кезекті  биге беремін.

Би: «Барбарики»  қарсы алыңыздар.

Жүргізуші: Санжар

Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй , — деп Абай атамыз айтқандай  кезекті әсем әнге береміз.

 

 

 

 Ән:  «Біз мектепке барамыз»  хор

  • Білгішбек: Жалқаубек енді түсіндінбе біздің балалар 1 сыныпқа дайын .
  • Жалқаубек: Ой  мына балалар бәрін біледі екен .Қой онда  менде мектепке  дайындалайын оқу құралдарын алайын  бәрін түсіндім .

Құрметті қонақтар ,ата-аналар бүгін міне біздің «Даярлығым, қош бол!» атты ертеңгілігіміз осымен  аяқталды.

Кеше ғана алаңсыз ойнап  жүрген  бүлдіршіндер  бүгінде бойларына үлкен жауапкершілік пайда болып,мектепалды даярлық сыныбын аяқтап,1 сыныпқа қадам басқалы  тұр.Қадамдарын құтты  болсын балалар.

Тәрбиеші:

Айналайын гүлдерім,

Айым менің күндерім

Маған қызық тілдерің,

Естен кетпес күндерің.

Мектепке енді кеттіңдер,

Алуға терең білімді.

Озат болып оқыңдар,

Ойға білім тоқыңдар.

Ата-ананың ақтап үмітін,

Білімді болып шығыңдар!-деп сендерге сәт сапар тілеймін.

Балаларға  естелікке арнаған сыйлықтарымызды  тапсыруға рұқсат етіңіздер.

Құттықтау сөзін мектеп   директоры : Сәуле Жуандыққызына беріледі.

     ( Балаларға  дипломдар  тапсыру,ата-аналарды марапаттау)

Қорытынды:

— Құрметті осы мерекеге жиналған ата — аналар! Бала біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ұрпағымызды тәрбиелеп, бойына ізгілік нұрын себу мына отырған сіздер мен біздердің міндетіміз.

Міне, бүгін  біздер осы бүлдіршіндерімізді мектепке даярлап, шығарып салғалы отырмыз. Осы балаларға сәт сапар тілей отырып, ата – аналар сіздерден ақ бата сұраймыз.

Осындай әсем,жарқыраған  даярлық  сыныбының  ашылуына, үлкен  үлесін  қосқан, жас ұрпақ  жанашыры  мектебіміздің  директоры Сауле  Жуандыққызына  алғысымызды білдіре отырып, қошеметпен ортаға шақырамыз.

Біздің  балаларымыздың  болашағынан  көп  үміт  күтіп, бірге қуанып,бірге күліп жүретін  мектебіміздің оқу-тәрбие  ісінің меңгерушісі  Жанна  Иманмәдиқызына  гүл шоғын табыс етуге рұхсат етініздер.

Тәрбие мен тәртіпті

Қатар алып жүресіз

Сізден  өнеге  алып біз

Тура жолмен  келеміз.Назгүл Бекмұхамбетқызына гүл шоғын табыс етуге рұхсат етіңіздер.