JOSPARLAR.KZ-Орта мерзімді және Қысқа мерзімді Сабақ Жоспарлар сайты

Ізгілікке бастар жол

Өзiн- өзi  тану  сабағының жоспары

№ 1сабақ

Тақырыбы:  Ізгілікке бастар жол

Құндылық: Ізгілік

Қасиеттері: мейірімді, ықыласты, адамгершілік

Сыныбы: 6

Мұғалім: Аралбаева Рысбике

Сабақ мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі танудың адам өміріндегі мәнділігі жөніндегі ұғымдарын дамыту.
Міндеттері:

·         Оқушыларға ізгілік ұғымы туралы түсінік беру;

·         Оқушыларды ізгі істерге жетелейтін адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ету;

·         Мейірімді,ықыласты болуға тәрбиелеу.

Ресурстар: оқулық, дәптер, үнтаспа.
Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Оқу құралдарына назар аудару. 5Т

2.Тыныштық сәтi.

«Су асты патшалығына ойша саяхат».
-Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз. Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
-Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз, жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз, ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жануар, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасына жайланып отырып, өзіңізді қауіпсіз сезініп, су астында жүзу қандай керемет екендігін түсініп отырсыз. Жан-жағыңызға қараңыз, мұнда әсем қалқыған балықтар өте көп. Ал енді анау жаққа көз тастаңыз… бұл зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты, әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңызба? Мұнда неткен тұңғиыққа толы тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.
Ал қазір жоғарыға өз әлеміңізге кері қайтуға дайындалыңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Енді дельфин кері қарай жолға шықты, сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажайып саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көздеріңізді жайлап аша бастаңыз. Осы тыныштықты бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Сабақ барысын талдау:

5Т- танысу

 

Тыныштық күйде отыру

3.  Түйінді сөз.

Мейірімді,ықыласты болуы,елін,жерін сүюі,танып білуге құштарлығы,еңбексүйгіштігі ізгі істер мен жақсы әрекеттерге жетелейді.

 

4. Әңгімелесу

Әңгімелесу үшін төмендегідей сұрақтар беріледі:

·         Өзін-өзі тану сабақтарынан қандай жақсы қасиеттерді үйрендіңдер?

·         Осы қасиеттер іс жүзінде қалай көрініс табады?

·         Өзіңе және өзгеге  жасаған ізгілік істерің  сендерді қандай сезімге бөлейді?

·         Жазғы демалыста жасаған ізгі істерің туралы айтып беріңдер.

мұғалім оқушыларға оқып талдауды ұсынады.
5. Мәтінмен жұмыс      

Жүсіп Баласағұнидың «Құтты білік»атты шығармасынан үзінді түрінде алынған «Ізгілік» өлеңі.
Өлеңде айтылған
«Ізгілік не? Тегі қандай ? Түсі қандай өзінің?
Мінез-құлық, ісі қандай өзінің?» деген сауалдарға өлең мазмұнына сүйене отырып, жауап іздеуді тапсырады.

 Оқушылар мәтінді оқып сұраққа жауап береді
6.Оқу ақпараты     «Адам өмірі мен іс –әрекетіндегі жағымды қарым-қатыныс пен сүйіспеншілік ізгілік сезімін тудырады.Ізгілік адамның және өзгелерге жасаған жақсы,игі,адал істерін қамтиды.Ізгілікті іс игілікке жеткізеді» деген  «Оқу ақпаратын» оқып,таныстыру. «Жаңа ақпаратты» оқып әр оқушы өздеріеің түсінгендерін атады
7.Үйге тапсырма

«Ізгілікті болу үшін…» деген тақырыпта эссе жазу

8.Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады.

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңізді сынып есігіне қарай беттетіп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауа жұтып, шашыңызды желбіреткен желді және бетіңізді сәл — пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз, Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен жылылығын сезініңіз. Гүлдің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдермен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы.
Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетініміз бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиянымыз тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің кез келген уақытта келіп демалатын орныңыз бар. Ал қазір мектептен қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір ірет қараңыз, таза ауадан терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым – жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

Рахмет! Сабақ аяқталды.  Сау болыңыздар!