Жұртшыбаева Маржан Самбетбайқызы.
Атырау қаласы. Д.Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп-гимназиясы
Сыныбы: 1 «в»
Мұғалімі: Жұртшыбаева Маржан Самбетбайқызы
Басталған уақыты: 11:30
Тарбие сағаты
Тақырыбы: «Өзге емес өзің айтсаң өз жайыңды»
Мақсаты:
- Өзін- өзі және өзгені тану қабілеттерін дамыту.
- Ой өрістерін дамыту, жақсы мінез, айналасындағылармен жақсы қарым- қатынас қалыптастыру.
- Оқушыларды өз ойларын ашық айта білуге, шыншылдыққа, қарым- қатынасты реттеуге үйрету.
Көрнекілігі: Шарлар, күн, бұлт, хан отыратын тақ, инт.белсенді тақта , слайт, Қ.Аманжолов бұрышы.
Пән аралық байланыс. Өзін-өзі тану, әдебиеттік оқу.
Барысы:
Сенбе жұртқа тұрсада қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегіңмен ақылың екі жақтап.
Абай Құнанбаев атамыз айтса керек өз кезінде адам білімімен, адал еңбегімен мақтану керек …
Құрметті ұстаздар, ата-аналар бүгінгі «Өзге емес, өзің айт өз жайыңды..» -атты тарбие сағатымызға қош келдіңіздер. Тарбие сағатымызды бастауға ұрықсат етіңіздер…
1-слайт.
Ертегі еліне саяхат
Патша Мансур:Ерте, ерте, ертеде ұлы елді мекенде патша болады. Ол уақыт өткен сайын сараң бола бастайды ойының бәрі ойын-сауық, думан одан қалса мен деген ақын, жырауларда, халқына өзіне тек мақтау өлең арнауын бұйырады.
- Патшам сен өте жақсысың, біз сені жақсы көреміз;
- Баян: Патшам әміріңе құлдық:
- Мая: Уа, патшам сіз жайлы бүкіл әлемге том, том кітап мақтау өлеңдерімді жазып тараттым:
Мұғалім:-деген сынды өтірік мақтауларды күнде естейтін патша өзімшіл болада бастайды.
Біреу сені мақтаса, қуанасың,
Жамандаса, жабырқап, суаласың.
Мақтаған кім, сөккен кім онда ісің жоқ,
Бәрі-бір, сен де елерме дуанасың.
Содан айтып өткендей думандатып, көңілімен қарыны тойған патшамыз қорылдап ұйықтап кетеді. Ұйықтап жатса түсінде үлкен қарт кісі суық түрмен қарап тұрып «Өзге емес, өзің айт өз жайыңды»-деп айтып бұрылып кетеді. Ұйқыдан мазасызданып оянып ештеңкеге зауқы болмай әлгі түсіндегі қарттың сөзі есінен шығар емес. Патша уәзіріне халықты жинауын бұйырады.
Әбілмансұр: Уәзір: Уа, халайық патшамыздың айтары бар келіңдер –деп халықты жинайды
.Содан не керек патша халқын жинап :
Мансур патша: Мен түс көрдім түсімде үлкен қария келіп суық түрімен маған қадала қарап «Өзге емес, өзің айт өз жайыңды»-деп айтып жоқ болды. Қанша түс көрсемде есімде қалмаушы еді мына түсім ерекше болып есімнен шығар емес,- дейді.
- Ешікімнен еш хабар жоқ себебі қате айтса қатал патшамыздын қаҺарлы ашуына ұшыраймыз деп қорықса керек. Содан не керек патша ашулана бастайды…мен деген көріпкелдерді шақырыңдар дейді.
Әбілмансұр: Уәзірі Уа, патшам барлығында шақырдым ешқайсысы жора алмады сіздің түсіңізді. Сізге көп ашулануға болмайды сіз демалыңыз түсіңіздің жауабын қайтсемде тауып беремін,- дейді.
/Ақылды уәзірі патшасының көңіл күйінің жоқтығын ескеріп түсін думанды кешпен астарлап жеткізуді дұрыс көріп патшасына мен деген өнер иелерне думанды той жасауды бұйырады/
Исатай: Уа, хан ием мен осы өзіңіз патшалықта отырған Қазақстан деген тәуелсіз еліміздің өнерлі азаматтарының бірімін.. Өз еліміз жайлы ән айтуға рұқсат беріңіз. ән: Жаса Қазақстан!
Еркебұлан
Өміріме өзімнің таңданамын.
Қалмаймын деп қатардан қамданамын
Бүгінімді өткізсем қиындықпен,
Ертеңіме жеңіспен аттанамын.
Олай болса Патшам көрші сарайдан орыс елінің патшасы сізге өзі мың бұралған сұлу бишілерін жіберіпті қабыл алыңыз.
Орыс биі «Самовар»
Эльнара
Жаңа — жаңа мен ұғына бастадым.
Өмір деген — қымбат екен достарым.
Өмір — менің жарқылдайтын аспаным.
Өмір — менің сарқылмайтын дастаным.
Мен — өмірді жас зерттеуші, жас ғалым.
Енді оянып, енді зерттей бастадым.
Өмір — кітап түсінуі тым қиын,
Әрбір күнім — әрбір бетін ашқаным.
Ағылшын әні: хор: Санау әні
Мадина
Жақсы болу – өзіңнен,
Жаман болу – өзіңнен.
Өзіңді өзің ая да,
Өзіңнен үйрен, өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден,
Мен қандаймын? – деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден,
Мен қандаймын? – деп ойла.
Хан ием біз өзіңіз патшалық құрып отырған мен деген батыр ұландарымыз. Біздің өнерімізді қабыл алыңыз.
Ұлдар биі: Мансур, Батырхан, Айсұлтан, Исатай, Абрар, Әбілмансұр.
Абылай
Адам ғалам, ғажайып жеке — дара,
Жан құмары – ізденген мәңгі сана.
Өзіңді — өзің танысаң – істің басы,
Түзеген өз ғаламын болған дана.
Хор ән: Мен ойнаймын домбырады,
Дың-дың-дың, дың-дың-дың.
Қозы лақтар би-билейді,
Дың-дың-дың, дың-дың-дың
Мен ойнаймын қобыздыда,
Зың-зың-зың,зың-зың-зың,
Қозы лақтар би-билейді,
Зың-зың-зың,зың-зың-зың….
Әбілмансур
«Егер сен есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір рет, ең болмаса жұмасына бір рет, ең болмаса айына бір рет өзіңнен өзің есеп ал!» Абай Құнанбаев
Қарақат
«Дүниеде ең оңай нәрсе – біреуге ақыл айту,ең қиын нәрсе – өзіңді-өзің түсіну»
Әл-Фараби.
Өзбек биі:Біз өзіңізге көрші өзбек елінен келіп тұрмыз бізді сізге өзбектің патшасы жіберіп отыр сіздің жағдайыңызды білу үшін. Мерейлім, Мадина, Қымбат
Хор: Өзім жайлы Қ.Аманжолов
Өзге емес, өзім айтам өз жайымда,
Жүрегім жалын аткан сөз дайында.
Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді
Тербетіп, тулатып бір қозғайын да…
қайырмасы
Аманжол Рақымжанның Қасымымын,
Мен қалған бір атаның ғасырымын.
Біреуге жұртта қалған жасығымын,
Біреуге аспандағы асылымын.
Видо-ролик Қ.Аманжолов
Мансур патша: Е-е-е-е…деп терең күрсінген патша уәзірім саған рахмет түсімнің жауабын жақсы жорыдың түсіме кірген қарт кісі Қасым Аманжолов атамыз екен оның маған айтқан сөзінің астарында көптеген мән-мағына бар екен. Мен енді өз қателігімді түсіндім….халқыма адал боламаған екенмін, өтірік мақтауға семіріп, өз қара басымды ойлап жүре беріптім.
Уа, халқым мені кешіргейсіңдер. Келіңдер өздеріңе жүрекжарды тілегімді тілейін. /Жүректен-жүрекке конфеттерге степлермен жақсы сөздермен тілектер тарату/
Мұғалім: Ал балалар бұл ертегіде не түсіндіңдер?
- Сараң дегеніміз не?
- Мақтаншақ дегеніміз не?
- Адам қандай болуы керек ол қарапайым кісі я патша болсада?
Өзіңді тану- өзіңнің көңіл күйіңді, мінез- құлқыңды, қабілетіңді, сезіміңді, ойыңды, жалпы болмысыңды тану. Табысқа жетудің бір кепілі- жақсы мінез- құлық. Жақсы мінез- құлық айналадағылармен жылы қарым- қатынасқа құрылған мәнді өмір негізі. Адам өз бойындағы жағымсыз мінездерінен арылуға ұмтыла отырып өзін-өзі тәрбиелейді.
Рахмет келгендеріңізге! Осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз тәмән.
