JOSPARLAR.KZ-Орта мерзімді және Қысқа мерзімді Сабақ Жоспарлар сайты

1 наурыз –Алғыс айту күні

МКҚК«Шапағат» балабақшасы

«1 Наурыз-Алғыс күні»

Тәрбиеші: Масимгазиева А

2017 жыл

Тақырыбы: 1 наурыз –Алғыс айту күні

Мақсаты: Балалардың  «сыйластық»  құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

 Міндеттері: ризашылық пен алғыс айту туралы түсінік беру, үлкен кішіге деген сүйіспеншілігін , сыпайылық қарым қатынасын дамыту,әдептілікке , кішіпейілдікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

Гимн орындалады:

Жүргізушілер:                Көктем,көктем,көктемде

Құстар келіп жеткенде

Біз қуанып қаламыз

Құстар келіп жеткенд

Әнмен қарсы аламыз

Көктем, көктем, көктемде

Күн күркіреп өткенде

Нұр- жаңбырды тосамыз,

Оны да әнге қосамыз

 

Қайырлы күн қымбатты балалар, құрметті қонақтар және ұстаздар!

«1 наурыз- Алғыс күні» атты Ризашылық күніне арналған мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!

Жүргізуші: Бұл жайма шуақ  мереке елімізде екінші рет біздіқ басты қазақстандық анамыз Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасы бойынша және де Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығы бойынша өткізгелі отырмыз.Ризашылық күні адамдар бір-біріне қуаныш , шаттық сыйлайды, өз жетістіктерімен бөліседі, бір-біріне алғысын айтады.

Жүргізуші: Бізде бүгін Тұңғыш Президент күнімен орайлас келіп отырған Ризашылық күнінде Қазақсанды қазіргі таңда дуние дидарындағы ең мықты мемлектттер танитындай ,мойындайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевттай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашан да айтып өтеміз.Елбасымызға ризашалағымызды білдіреміз.

Балалар, бүгінгі мерекемізге қонақтар келді.Осы «Шапағат» балабақшасының зейнеткері Рақымбаева Бүбина Тұрсынқызы және Нүрила апамызды ортаға қошеметтпен шақырамыз.

Жүргізуші: Сіздерге арнап билерін дайындап келген «Балапан» тобының бүлдіршіндерін «Қамажай» биімен ортаға шақырамыз

«Сіз»,«біз»деген жылы сөз

Жылытады жүректі.

Жақсылық билеп жанды тез ,

Оятады  игі тілекті.

Біреуге біреу жақсылық,

Тілесе әркез жаны ашып,

Осы бір шырын-тәттілік,- дей келе «Арай» обының балаларына білім нәрін сусындатқан Рақымбаева Бүбина Тұрсынқызына ризашылығымызды білдіреміз. Өзіңізге арналған өлең шумақтарын қабыл алыңыз.

Мирас: Үйреттіңіз санды да ,

Келер деп әлі алдыңа,

Келешегімізді ойлап, біздерге

Үйретпегеніңіз қалдыма.

 

Алинұр: Әрненің білдік мәнісін ,

Сыртын қойып және ішін .

Айтамыз сізге мың алғыс

Осылардың бәрі үшін.

 

Жүргізуші:Тұрмайма жанға жарасып!

Баршаға керек жақсылық !

Қызғанбай бөліп алыңыз!

«Сіз» «Біз» деген жылы сөз

-Жақсылықтың мейірі.

Бір-біріне болып кез,

Кең болсын адам пейілі.- ден үлгі өнеге және тәрбие беріп отырған ақ жаулықты Гүлнәр әжемізге ризашылығымызды білдіреміз.

Енді өзіңіздің немереңіз Жанияның орындауындағы «Әже» әнін  қабыл алыңыздар.

Султан: Мейірімді жел жібек

Күндей ыстық құшағы

Ет  жүрегі елжіреп

«Құлыным» деп  құшады.

Жүргізуші: Күлімдеген,

Күнім деген,

Қамқор болған,

Жаны жайсаң,

Жайдары жан,

Ұғындырған сөз сазың,

Бәрін білген ,

Білім  берген,

Жас ұрпаққа талмастан.

Жүргізуші:  Құрметті қонақтар!  Біздің арамызда  күнбе-күн сұхбаттасатын,  сұрақтар қойып жетістіктен мен армандар жайлы ойларыңызбен бөлісетін адам бар. Ерекше құрметтей отырып сөз сөйлеу үшін ортаға «Шапағат» балабақшасының меңгерушісі Умарова К. Б шақырамыз.  «Арай» тобының атынан  сізге ризашылығымызды, алғысымызды білдіреміз.  Өзіңізге арналған өлең-шұмақтарын қабыл алыңыз.

Заңғар:  Сізді біз сирек көреміз

Құрметтеп көңіл бөлеміз

Сыртымыздан жағдайды

Жасап жүр деп сенеміз.

Жүргізуші:   Енді  кішкентай бүлдіршіндеріміздің шағын концертін тамашалаңыздар.

Ортаға «Құлыншақ» тобын  «Қуыршақ» биімен  шақырамыз.

«Күншуақ» тобының тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Русалина:   Отырғыз ағаш көктемде

Жөн болар еңбек еткенің

Келмесе шамаң еккенге

Сындырма жұрттың еккенін.

Нурдәулет:  Мен де өзіңді әрдайым

Қамқорым деп ұғамын

Күліп атқан таңдайсың

Жарқынсың сен ұстазым.

Жәнібек:  Менің әжем ақ әжем

Ұл мен қыздың бағы әжем

Ертегі айтып бер десем

Айтып берер  тағы әжем.

«Балдырған» тобының бүлдіршіндерін ортаға  шақырамыз.

Милана:   Мейірімге  әркез бөлеген

Есте үлгі –өнегең

Сіңді бойға тәрбиең

Көрінтер ылғи сөреден

Үйреттіңіз әр кезде

Тәртіпті таза жүруді

Көмектесіп тұруды.

Меруерт:  Келсе ата-анамыз

Кездесті ылғи сізбенен

Деп білеміз панамыз

Қажетті бізге  іздеген

Балабақша сәнді,  кең

Болды ыңғайлы жай нағыз

Бәрі үшін алдымен

Сізге алғыс айтамыз.

«Арай»  тобын «Гүлдер» биімен шақырамыз.

Қорытындылау:

Хормен:  Ризамыз бүгінге,

Ризамыз бүгінге,

Ризамыз бүгінге,

Ризамыз қазірге!

Ризамыз, ризамыз, ризамыз бүгінге,

Ризамыз, ризамыз,  ризамыз  қазірге.

Алтындай уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге мыңда бір алғыс  білдіреміз!  Осымен 1  наурыз-  Алғыс күніне  арналған мерекелік іс-шарамыз аяқталды.

МКҚК «Шапағат» балабақшасы

«Ақымақ қасқы

Тәрбиеші:  Бердібек Әсел.

2017 жыл.

Білім беру саласы:  «Қатынас»  «Әлеуметтік орта»

Бөлімі:   Көркем әдебиет.

Тақырыбы:   «Ақымақ қасқыр»   (Ертегі)

Мақсаты:  Балаларға  ертегі туралы  түсінік беру, ертегі кейіпкерлерінің жағымды –жағымсыз қасиеттерін көре білуге, өз ойларын жеткізе білуге баулу,  ертегі арқылы  жануарларға  қамқор болуға  тәрбиелеу.  Ертегіні рөлдерге  бөліп ойнату.

Көрнекіліктер,  қажетті  құралдар:  Қасқырдың,  қойдың,  ешкінің суреттері, ертегі бойынша бейне таспа.

Сөздік жұмыс:   Ақымақ,   жылы-  жұмсақ.

Билингвальді компонент:  Қасқыр-  волк,  қой-  овца,  ешкі-  коза.

І. Шаттық  шеңбері.

Балаларды  шаттық шеңберіне  тұрғызып, жылы тілектерін  айтқызу.

-Інжу,  мен саған  жақсылық тілеймін.

-Заңғар,  мен саған жылулық тілеймін.

-Жадыра,  мен саған денсаулық тілеймін.

Кіріспе.

Ертегі  дегеніміз қазақ халқының  көне мұрасы.  Ертегі қиял-ғажайыптан туындайтын,  ауыздан-ауызға  тараған  әңгімелер  жиыны.

Ертегілер  түрлері:

1.Қиял ғажайып

  1. Хайуанаттар
  2. Тұрмыс- салт.

-Балалар  үй жануарларына нелер жатады?

-Қасқыр қандай жануарларға жатады?

-Балалар,  сендер қандай ертегі білесіңдер?

-Сол ертегілердің қайсысы  ұнайды?

-Ертегі  несімен  ұнайды?

-Қазір біз «Ақымақ  қасқыр»  ертегісімен  танысамыз.

 

«Ақымақ  қасқыр»    ертегі.

Өрісте жайылып  жүрген көп қойдың  арасынан  бір арық саулық  қой жалғыз  бөлініп қала беріпті.  Қалың шидің  арасынан бір қасқыр  шыға келіп:

-Е,  жерік асым, қайдан жүрсің?  Іздегенде  мұндай кездестіре алмас  едім, бұйырған  дәмге сөз  жоқ!  Енді сені жеймін,- дейді.

Қой:

  • Жейтін болсаң, ажалым жеткен екен. Бірақ  өзің  де  мал танығыш  едің  ғой,  қарыны  қампиған,   бұты тыртиған,  ауызында  бір тісі,  іліп  алар еті жоқ,  тұла  бойы  шандыр  мені қайтесін.  Мені  босат, қоралы қойға қайтайын, қозымды  саған әкеп тартайын. Жылы-жұмсақты сен жемгенде кім жейді –дейді «Жылы -жұмсақ» -деген сөз  қасқырды қызықтырады. Қойды босатып  қоя  береді.

Қасқыр  жұтынып,  қойдың   бағланын  күтеді.  Қой да  жоқ,  бағланда жоқ.

Қасқыр   түңіледі. «Қой баласы момынғой алдауды білмеуші еді. Сірә, ешкі аңтурған азғырған шығар. Барып  көрейін»,- деп жорта жөнеледі.

Бір белемке шығып төңірекке қараса алдында қызылшаны күрт-курт шайнап бір ешкі жүр екен.  Көп қойда қойшы да алыста. «Іздегенім сен едің» деп қасқыр ешкіні бас салады.  «Жанымды алып қалуға себеп  болар ма екен» деген оймен ешкі мынаны айтады:

-Атаң да ,  анаңда жақсы еді,  Қой тұрғанда  олар ешкіні жемеуші еді. Мен қарапайым ешкі емеспін, ойда билеп торқа киген ешкімін!- деп судыратады.

-Ешкі билейді дегенді естіген емеспін. Ондай өнерің болса көрсет,- дейді  қасқыр.

Ешкі:

-Ендеше  көз аудармай аяғыма қарада тұр, мен бір билеп көрсетейін,- дейді де ешкі олай-бұлай секіре-секіре жалт беріп көп қойдың арасына кіріп кетеді. Сол арада қойшы да келіп ешкі аман құтылады.

Бәріміз бейне таспаға назар аударайық.

Сөздік жұмыс:  Қасқыр- жабайы азулы аң.  Қой –жуас момын үй жануары.

Билингвальді компонент:  қасқыр –волк,  қой- овца, ешкі- коза.

  Сұрақ –жауап  әдісі:

  1. Ертегі қалай аталады?
  2. Ертегідегі қасқыр қандай үй жануарына кездесті?
  3. Қой қасқырдан қалай құтылды?
  4. Қасқырға тағы не жолығады?
  5. Ешкі қасқырдан қалай құтылады?

Сергіту сәті:  

Қорбаңдаған аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп- теріп алайық

Себеттерге салайық

Себеттерден алайық

Аузымызға  салайық.

-Кәне,  балалар  ертегіні  рөлдерге бөліп ойнап көрейік.

Қасқыр- Диас,  Қой- Рания, Ешкі- Жадыра.

Қорытынды бөлім:

-Ертегі неге «Ақымақ  қасқыр» -деп аталады?