Күні: 21.10
Сыныбы: 4 «А»
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы:А.Байтұрсынұлы. Аққу, Шортан Һәм Шаян
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Қазақ халқының ұлы тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы шығармасының мазмұнымен таныстыру.Мысал жанры туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық:Оқушылардың ауызша сөйлеуін, мәнерлеп оқуын, түсініп оқуын, өз ойын жүйелі айта білуін, шығарманы талдай алу және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Ахмет Байтұрсынұлының тұлғасын үлгі ете отырып, мысалдың мазмұнын айқындай келе, ынтымақтастыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Түрі: ашық сабақ
Әдісі: түсіндіру әдісі, сұрақ- жауап, көрнекілік, іздендіру, өздігінен білім алу, сахналық қойылым.
Көрнекілігі:А. Байтұрсынұлы мен И.А.Крылов суреті, мысал бойынша салынған сурет,.слайд
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.
Өнер де, ой да, білім де,
Өркендер ана тілінде.
Ананың тілін сүйгендер,
Саналы білім үйренер.
Оқушылар хормен:
Алу үшін сапа, білім,
Ардақтаймыз ана тілін!
Қорапшадан суреттер суыру арқылы топқа бөлінеді
І топ ІІ топ ІІІ топ Орнымызға отырып топ ережесін құрамыз.
Жауаптарыңызға рахмет осы ережелерді басшылыққа ала отырып,сабағымызды «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» айдарымен үй тапсырмасын тексеруден бастайық.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
І топ-Қауын мен қарбыздың достығы
ІІ топ-Қарбыздың жалғызсырауы
ІІІ топ:Атаның дәндерді егуі
Жауаптарыңызға рахмет.
Серпілген сауал:Ал балалар әдеби ертегіде сендерге не ұнады?
Осы пікірге қосыласыңдар ма? Расымен де осы ертегідегі болған оқиға рас па? (жоқ,өмірдегі адамдардың арасындағы қарым-қатынасты көкөністер арқылы бейнелеп көрсеткен) Дұрыс айтасыздар балалар.Олай болса маған мына сұраққа жауап беріңіздерші: біздер көкөністі адам кейпінде көрсеткен қандай шығарманы оқып едік?Есімізге түсірейікші?
(дұрыс айтасыздар.Мақтаншақ қияр)Даңғой Ал ол әдебиеттің қай жанр түріне жататын еді?
Дұрыс мысал ,олай болса бүгінгі сабағымызда тағы бір мысалмен танысамыз.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Олай болса дәптерлерімізді ашып күннің ретін жазайық. Сабағымыздың тақырыбы: Аққу шортан һәм шаян.Бұл шығарманың негізгі авторы И А Крылов ол туралы мәліметті оқушы оқиды.
Крыловтан бізге қазақ тіліне аударып берген А.Байтұрсынов.А.Байтұрсынов туралы біздер нешінші сыныптан бастап білеміз?Дұрыс. Бірінші сыныптан бастап .Олай болса білетіндерімізді тақтадағы пікірлер ағашына жазып іле қойыңыздар.
Жауаптарыңызға рахмет.Өздеріңіз білесіздер мысал дегеніміз…..?
Кім жауап береді?
Мысал деп адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарманы атайды. Мұндай шығармада өсімдіктер, жануарлар және құстар кейіпкер етіп алынады. Дұрыс балалар.Олай болса экраннан бейнебаян тамашалаймыз.
Тамашалай отырып кездескен түсініксіз сөздер болса түртіп жазып отырамыз.Сөздік жұмысын жасаймыз. Дүркін-дүркін-қайта-қайта,
Ғибрат-өнеге,үлгі.
машақат-әурешілік,
һәм – және,үлгі.
Ал балалар бейнебаяннан не көрдік ,қандай ой түйдік? Ортаға саламыз.
Негізгі бөлім
2.Оқулықпен жұмыс: Мысалды оқу
«Аққу, Шортан һәм Шаян» өлеңін мәнерлеп оқу
Сұрақ қою:
1.Мысалдың бірінші шумағы не туралы?
2.Мысалдың екінші шумағы не туралы?
3.Мысалдағы ақынның өсиеті.
Сергіту сәті.
Ойлан,бірік,талқыла
І топ: Ынтымақ,бірлік туралы мақал-мәтелдер
ІІ топ: Бес жолды өлең
ІІІ топ: Сахналау
Жауаптарыңызға рахмет.Бұл тапсырманы да өте керемет орындап шықтыңдар.
ІV. «Ия», «Жоқ» ойыны
| 1 | А.Байтұрсынұлы «Қырық мысал» деген кітап жазған. |
| 2 | Жүкті аққу аспанға,шаян жерге,шортан суға тартады. |
| 3 | Аямай бар күшін салып тартқанда ,жүк орнынан қозғалып кетеді. |
| 4 | Бірінің айтқанына бірі көнеді. |
| 5 | Мысалда адамдардың арасында кездесетін алауыздық сыналады. |
Бекіту тапсырмасы
«Әңгіме кестесін құру»
| Мысал авторы
| Мысал аты | Оқиға орны | Кейіпкер лер | Мысал соңында не болды? | Идея сы | Мысал бізге не үйретті? |
|
|
Рефлексия :
-Бүгінгі сабақтан қандай жаңа мәлімет алдыңыздар?
-Бәрінен де неге риза болдың?
-Сізге оңайы не болды?
-Сізге не ерекше қиын болды?
– Қиындықты қалай шештіңіз?
-Сіздерге күлкі келтіретін өлең жолдары болды ма?
-Сіз өзіңіздің жұмысыңызға қанағаттанасыз ба?
Бәрі менің қолымда. Алақанға сабақтан алған әсерлерін жазу
Міне балалар. Тақтада сіздердің алақандарыңыздан мынандай күннің шуағы на ұқсайтын бейне шықты.Ол балалар сендердің бірлесіп ,сыйласып жұмыс жасағандарың деп білеміз.
.Үйге тапсырма. «Аққу, шортан һәм шаян» өлеңін мәнерлеп оқу, жаттау
V.Бағалау
Ф.Энгельс атындағы жалпы орта мектебі
Ашық сабақ
Сыныбы: 4 «А»
Бастауыш сынып мұғалімі: Хабиденова Г.А
2016-2017 оқу жылы

