JOSPARLAR.KZ-Орта мерзімді және Қысқа мерзімді Сабақ Жоспарлар сайты

«Ақымақ қасқыр»   (Ертегі)

Білім беру саласы:  «Қатынас»  «Әлеуметтік орта»

Бөлімі:   Көркем әдебиет.

Тақырыбы:   «Ақымақ қасқыр»   (Ертегі)

Мақсаты:  Балаларға  ертегі туралы  түсінік беру, ертегі кейіпкерлерінің жағымды –жағымсыз қасиеттерін көре білуге, өз ойларын жеткізе білуге баулу,  ертегі арқылы  жануарларға  қамқор болуға  тәрбиелеу.  Ертегіні рөлдерге  бөліп ойнату.

Көрнекіліктер,  қажетті  құралдар:  Қасқырдың,  қойдың,  ешкінің суреттері, ертегі бойынша бейне таспа.

Сөздік жұмыс:   Ақымақ,   жылы-  жұмсақ.

Билингвальді компонент:  Қасқыр-  волк,  қой-  овца,  ешкі-  коза.

І. Шаттық  шеңбері.

Балаларды  шаттық шеңберіне  тұрғызып, жылы тілектерін  айтқызу.

-Інжу,  мен саған  жақсылық тілеймін.

-Заңғар,  мен саған жылулық тілеймін.

-Жадыра,  мен саған денсаулық тілеймін.

Кіріспе.

Ертегі  дегеніміз қазақ халқының  көне мұрасы.  Ертегі қиял-ғажайыптан туындайтын,  ауыздан-ауызға  тараған  әңгімелер  жиыны.

Ертегілер  түрлері:

1.Қиял ғажайып

  1. Хайуанаттар
  2. Тұрмыс- салт.

-Балалар  үй жануарларына нелер жатады?

-Қасқыр қандай жануарларға жатады?

-Балалар,  сендер қандай ертегі білесіңдер?

-Сол ертегілердің қайсысы  ұнайды?

-Ертегі  несімен  ұнайды?

-Қазір біз «Ақымақ  қасқыр»  ертегісімен  танысамыз.

 

«Ақымақ  қасқыр»    ертегі.

Өрісте жайылып  жүрген көп қойдың  арасынан  бір арық саулық  қой жалғыз  бөлініп қала беріпті.  Қалың шидің  арасынан бір қасқыр  шыға келіп:

-Е,  жерік асым, қайдан жүрсің?  Іздегенде  мұндай кездестіре алмас  едім, бұйырған  дәмге сөз  жоқ!  Енді сені жеймін,- дейді.

Қой:

  • Жейтін болсаң, ажалым жеткен екен. Бірақ  өзің  де  мал танығыш  едің  ғой,  қарыны  қампиған,   бұты тыртиған,  ауызында  бір тісі,  іліп  алар еті жоқ,  тұла  бойы  шандыр  мені қайтесін.  Мені  босат, қоралы қойға қайтайын, қозымды  саған әкеп тартайын. Жылы-жұмсақты сен жемгенде кім жейді –дейді «Жылы -жұмсақ» -деген сөз  қасқырды қызықтырады. Қойды босатып  қоя  береді.

Қасқыр  жұтынып,  қойдың   бағланын  күтеді.  Қой да  жоқ,  бағланда жоқ.

Қасқыр   түңіледі. «Қой баласы момынғой алдауды білмеуші еді. Сірә, ешкі аңтурған азғырған шығар. Барып  көрейін»,- деп жорта жөнеледі.

Бір белемке шығып төңірекке қараса алдында қызылшаны күрт-курт шайнап бір ешкі жүр екен.  Көп қойда қойшы да алыста. «Іздегенім сен едің» деп қасқыр ешкіні бас салады.  «Жанымды алып қалуға себеп  болар ма екен» деген оймен ешкі мынаны айтады:

-Атаң да ,  анаңда жақсы еді,  Қой тұрғанда  олар ешкіні жемеуші еді. Мен қарапайым ешкі емеспін, ойда билеп торқа киген ешкімін!- деп судыратады.

-Ешкі билейді дегенді естіген емеспін. Ондай өнерің болса көрсет,- дейді  қасқыр.

Ешкі:

-Ендеше  көз аудармай аяғыма қарада тұр, мен бір билеп көрсетейін,- дейді де ешкі олай-бұлай секіре-секіре жалт беріп көп қойдың арасына кіріп кетеді. Сол арада қойшы да келіп ешкі аман құтылады.

Бәріміз бейне таспаға назар аударайық.

Сөздік жұмыс:  Қасқыр- жабайы азулы аң.  Қой –жуас момын үй жануары.

Билингвальді компонент:  қасқыр –волк,  қой- овца, ешкі- коза.

  Сұрақ –жауап  әдісі:

  1. Ертегі қалай аталады?
  2. Ертегідегі қасқыр қандай үй жануарына кездесті?
  3. Қой қасқырдан қалай құтылды?
  4. Қасқырға тағы не жолығады?
  5. Ешкі қасқырдан қалай құтылады?

Сергіту сәті:  

Қорбаңдаған аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп- теріп алайық

Себеттерге салайық

Себеттерден алайық

Аузымызға  салайық.

-Кәне,  балалар  ертегіні  рөлдерге бөліп ойнап көрейік.

Қасқыр- Диас,  Қой- Рания, Ешкі- Жадыра.

Қорытынды бөлім:

-Ертегі неге «Ақымақ  қасқыр» -деп аталады?