JOSPARLAR.KZ-Орта мерзімді және Қысқа мерзімді Сабақ Жоспарлар сайты

Ұйымдастырылған оқу қызметінің  технологиялық картасы

Атырау облысы

Махамбет ауданы

«Балақай» бөбекжайы

Тәрбиеші

Утежанова Назгуль Жаксылыковна

Ұйымдастырылған оқу қызметінің  технологиялық картасы                                                          

Білім саласы:  Әлеуметтік  Шығармашылық                           

ҰОҚ:         Қоршаған орта. Жапсыру.

Блок:           «Заттық әлем»

Апта тақырыбы: «Жол ережесін білейік,аман-есен жүрейік»

Тақырыбы: «Бағдаршамның үш көзі»

Мақсаты:  Балаларды бағдаршам белгілері және жолда жүру ережелерімен таныстыру.Балалардың көлік туралы білімдерін кеңейту.

Тақырыбы: «Жүк автомобильі»

Мақсаты:  Балалардың ізденушілік қызметпен шұғылдануға жапсыруды орындау үшін тапсырманы айқындай білуге суретті қажет бөлшектерімен толықтыруға үйрету.Геометриялық фигура шеңберді тани білуді,фигураларды мөлшеріне қарай айыра алуды бекіту.Ыждағаттылық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Бағдаршам,көлік түрлері.

Әдіс тәсілдер: түсіндіру,көрсету,жасату әңгімелесу,сұрақ-жауап.

Әрекет кезеңі      Тәрбиешінің іс-әрекеті  Балалардың іс-әрекеті
Мотиватци-ялық

Қозғау-

шылық

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз

Үйге қонақ келгенде:

«Сәлеметсіз бе»-деп

Амандасып аламыз.

Балалар шеңбер жасап тұрады.

 

 

 

Ұйымдасты-рушылық-із

деністік

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінің неше айы бар?

-Қане,айтайық

-Көктем мезгілінің ерекшеліктерін айтыңдаршы.

Жақсы балалар біз бүгінгі ұйымдастырылған оқу әрекетімізде «Бағдаршамның үш көзі» мен танысамыз.

Біз өткен сабақтарымызда бағдаршаммен таныстық солай ма? Олай болса мен сендерге жұмбақ жасырамын.

Балаларға жұмбақ жасыру:

Үш көзі бар қаз-қатар.

Кезек-кезек ашады.

Үшеуінен байқасам

Үш түсті нұр шашады.

( Бағдаршам)

Әкемнiң тор тайы,

Май жалап, су iшсе,

Тоқтамай жортады.    (Машина)

Балалар мен сендерді бағдаршаммен таныстырайын.

Бағдаршам қалада жолда тұрады ол көліктерге жол сілтеп,жаяу жүргіншілерге де жол көрсетеді.

Бағдаршамның үш көзі бар,пішіні дөңгелек болады. Көздерінің түстері: Сары

Қызыл

Жасыл

Ол көздерінің өз тәртіртері болады. Сары дайындал,қызыл тоқта,жасыл жүр деген.

Балалар сендер бағдаршам туралы тақпақтар білесіңдерме?

 

Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін,
Тоқта, сақтан, жолашық.
Жүрме жолға таласып,
Мен көшеден өтерде,
Бағдаршамға қараймын.
Қоймаған ғой бекерге,
Жәрдемшісі ол талайдың.

 

Көреген дәу қырағы

Көшемізде тұрады

Оның аты-Бағдаршам

Жол сілтейді әрқашан.

 

Қазір көліктердің түрлері өте көп. Оларды бірнеше топқа бөлуге болады.

1.      Жерде жүретін

2.      Ауада ұшатын

3.      Суда жүзетін көліктер.

Міне осылардың барлығы да бағдаршамға бағынады екен.

Әуе көліктеріне ұшақ,тікұшақ,зымыран ал су көліктеріне кеме қайық жатады. Жер көліктеріне машина,автобус,мотоцикл,велосипед тб жатады.

Жерде жүретін көліктердің өзін бірнеше түрге бөледі.жүк тасымалдаушы,жолаушы тасымалдаушы,ауыр және жеңіл машиналар.

Сергіту сәті: «Көлік»

Көлік кетіп барады,

Жан-жағына қарады.

Бағдаршамда қызыл жанғанда

Көлік тоқтап қалады.

Поезд кетіп барады,

Жан-жағына қарады.

Бағдаршамда қызыл жанғанда

Поезд тоқтап қалады

Міне балалар осы көліктердің ішінен біз бүгін жүк көлігін жапсыру сабағында жапсырып үйренеміз.

(жүк көлігінің суретін көрсету).

-Балалар,машинаның пішіні қандай?

Оның көлемі үлкен және пішіні тік төртбұрыш ал кабинасы бес бұрыштан тұрады екен сонымен қатар дөңгелегі болады.Біз солардың барлығын геометриялық пішіндерден жапсырамыз.

(балаларға жапсыратын құралдарын таратып беру)

балалар енді сендер жүк көлігін жапсырып үйрендіңдер.

-Көктем

-Үш

-Наурыз,сәуір,мамыр.

-күн жылынады,құстар ұшып келеді,қа ериді

 

 

 

 

 

-Иә.

Балалар жұмбақты шешуге ойланады.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар бағдаршам туралы тақпақтарын айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиешінің айтқандарын мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар тәрбиешінің көмегімен жүк көлігін жапсырады.

 

-Үлкен

Рефлекси-

Ялық түзетуші-

лік

Балалар сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма?

Жақсы жапсырған балаларды мадақтау.

-Иа

 

Балалар өздерінің жұмыстарына риза болды.

Күтілетін нәтижелер:

Біледі: бағдаршам туралы.

Игереді: көлік қызметін,оның ерекшеліктерін.

Меңгереді:   жүк көлігін геометриялық фигуралардан жапсыруды.