Талдықорған қаласы
№14 орта мектеп-гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі
Джилкибаева Гулжан Хасановна
ШЕБЕРЛІК-СЫНЫП
ТАҚЫРЫП: Орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарды 7 модульге ықпалдастыру.
ШЕБЕРЛІК-СЫНЫПТЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:
Мектеп ұжымына орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарды 7 модульге ықпалдастыруды үйрету. Блум таксономиясына сабақ жоспарын салу туралы түсінік беру, маңыздылығын ұғындыру, бағалау критерийлері, дескрипторларды құру арқылы іс-тәжірибеде қолдануға көмектесу.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:
Білім сапасы артады, мұғалімдер орта және қысқа мерзімді сабақ жоспарына 7 модульді жоспарларына ықпалдастыра алады. Қысқа мерзімді жоспарды Блум таксономиясына салуды үйренеді, оқушылардың ынталануына , критерийалды бағалаудың тиімділігіне көз жеткізеді
МАҚСАТЫ БАҒЫТТАЛҒАН АУДИТОРИЯ: Мектеп ұжымы.
ШЕБЕРЛІК-СЫНЫП БАРЫСЫ: Қызығушылықты ояту, Ой қозғау, Мағынаны ашу, Рефлексия.
ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ: «Миға шабуыл»(стратегиялық сұрақтар) . Топтық жұмыс(бірлесіп талқылау) , мәтінмен жұмыс, постер қорғау, кері байланыс түрлерімен таныстыру.
- ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: Интерактивті тақта ,таныстырылым,аудио және видио материалдар
- ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР: үлестірме материалдар Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспар үлгісі, «кері байланыс» түрлері.
ШЕБЕРЛІК-СЫНЫП МАЗМҰНЫ :
| Жұмыс кезеңі:Кіріспе бөлім | Кезеңнің мазмұны | Қатысушылардың іс-әрекеті | Уақыты | Ресурстар |
| Ой қозғау«Дейін-кейін» кестесіБірлескен талдау. Орта мерзімді қысқа мерзімді жоспар дегенді қалай түсінесіздер. Мақсат: Қатысушылардың оң көзқарастарын қалыптастырып белсенділігін арттыру,топтық жұмысқа жұмылдыру.
Міндеттер: Қатысушылар топқа бөлініп,бір-біріне жылы лебіздерін жолдап,ынтымақтастық орта қалыптастыру. Әдістер: әңгіме; диалог топпен жұмыс. | Ұйымдастыру кезеңі Қатысушыларды шеңберге турғызып бір-біріне комплимен айтады. Ынтымақтастық орнайды. | Көтеріңкі көңіл-күй орнату үшін «комплимент» тренингін ұйымдастырамын.Түрлі түсті стикерлерді тарату арқылы топқа бөлу. | 5мин.
| Стикер түстеріне қарай топқа бөліну. |
| Мағынаны ашуМақсат: Мұғалімдерге орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспар құруға үйрету. Қолданылатын стратегиялармен таныстыру.
Әдістер: Сұрақ-жауап | «Орта мерзімді жоспар», «Қысқа мерзімді жоспар» «7 модуль» жайлы не білесіздер? Деген сұрақты «дейін» кестесіне толтырды.1.Таныстырылым. «Орта мерзімді жоспар» үлгі бойынша кесте түрлері, мақсаты, маңызы,мәні-қадағалау; -интерпретация; -қорытынды. 2.Таныстырылым: Блум таксономиясы презентациясы.
| Таныстырылымды көре отырып орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспар туралы түсінік қалыптасады. | 20мин
| Орта мерзімді қысқа мерзімді жоспармен танысады |
| Топтық жұмысПостер қорғау. | Практикалық тапсырмалар арқылы орта мерзімді жоспарды құруға үйрету. | Мұғалімдер бірлестік болып орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспар құрып үйренеді. | 20 мин | Орта мерзімді қысқа мерзімді жоспар |
| Сергіту сәті | «Вокзал» биі | Би ырғағын қайталайды | 2 мин | Видеозапись |
| «Дейін-кейін» кестесі | Коучинг сабақтың мұғалімдер үшін қаншалықты сәтті болғанын бақылау үшін, тақырып бойынша не білгені туралы алдарындағы «кейін» бағанын толтыруды сұраймын. | «Дейін-кейін» кестесін толтырады | 10 мин | Кері байланыс түрлері . |
| Ассоцияция тәсілін талдау | Екі мұғалімнің сабақ бойы алған әсерін тыңдау. | 2 мұғалім сөйлейді | 5мин | Сұрақтар қатары. |
| Кері байланыс | «Екі жұлдыз, бір тілек» | Кері байланыс жазады | 3 мин |
