JOSPARLAR.KZ-Орта мерзімді және Қысқа мерзімді Сабақ Жоспарлар сайты

Сабақ жоспарлар сайты 2018-2019ж

Сын есім

БҚО Орал қаласы №46 жоббм бастауыш сынып мұғалімі

Сарсенбаева Гульмира Мураткалиевна

Сабақтың тақырыбы: Сын есім

Сабақтың  мақсаты: а) Сын есім жайлы білімдерін тереңдету,сөйлемдерден

сын есімді таба білу,сұрақтар қойып басқа сөз

таптарымен ажырату.

                                            ә) Оқушылардың тілдерін дамытып,сөйлеу дағдыларын

арттыру.

б)Топпен және өз бетінше жұмыс істеуге,бір-бірінің

пікірін тыңдауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Сөйлемнен сын есімді таба алады,сөйлемдегі сын есімге нақтылап қоюды ажырату.

Сабақтың түрі: танымдық

Сабақтың әдіс-тәсілі: Түсіндіру, топпен жұмыс,өзіндік жұмыс,сұрақ -жауап.

Сабақтың көрнекілігі:Ж.Қ.Балтабаева,М.Қ.Солтанғазина,Ф.С.Лекерова Қазақ тілі 2013 ж «Алматыкітап»,сұрақ –жауап тренингі,танымдық тапсырмалар,жетондар,бағдаршам.

Сабақтың барысы:

                                       I.Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық ахуалды жақсарту үшін тренинг өткізу.

«Сұрақ-жауап» тренингі.(алдарындағы қағазға 4 оқушының атын жазу) .

1.Сәлем достым!(қол бұлғау)

2.Көңіл күйің қалай?(иығын қағады)

3.Сабаққа қандай дайындықпен келдің?(арқасын сипау)

4.Тілек білдіру.(құшақтау)

Стикермен топқа бөлу

Қызыл стикер – 1 топ                         Жасыл стикер-3 топ

Көк стикер-2 топ                     Сары стикер-4 топ

 

Әр топ  өздерінің түстерін 3 тілде айтады.

I топ Қызыл-красный-red

II топ Көк- синий-blue

III топ Жасыл- зеленый-green

IV топ Сары-желтый-yellow

Әр топ басшысын сайлау.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

Таңертең де ,түсте де

Көкке бетін бұрады.

Жылылығын баршаға

Төгеді де тұрады.

Бұл не?

-Күн.

 

 

-Біз суретте ненің шуағын көрдік?

-Күннің

-Күннің нұры жылдың қай мезгілінде шуағын мол төгеді?

-Көктемде,жазда.

-Ендеше ,үйге берілген  «Көктемгі күннің шуағы» тақырыбында жазған әңгімемізді тексерейік.(әр топтан 1 оқушыға оқыту)

3.Оқулықпен жұмыс.

«Иә,жоқ »әдісі

                   (Сұрақ-жауап арқылы ережелерді қайталау)

1 топқа

1.Қазақ әліпбиінде 42  әріп бар?(жоқ)

2.Жалқы есім бас әріппен жазылады?(иә)

3.Етістік заттың атын білдіреді?(жоқ)

4.Хабарлы сөйлемнің соңынан нүкте қойылады?(ия)

2 топқа

1.Дыбыстар  екіге бөлінбейді?(жоқ)

2.Зат есімдер жекеше ,көпше түрде айтылады?(иә)

3.Зат есім заттың қимылын білдіреді?(жоқ)

4.Сұраулы сөйлемнің соңынан леп белгісі қойылады?(жоқ)

3 топқа

1.Дауысты дыбыстар 3ке бөлінеді?(жоқ)

2.Зат есім заттың атын білдіреді?(иә)

3.Қандай? қай? етістіктің сұрақтары?(жоқ)

4.Лепті сөйлемнің соңынан леп белгісі қойылады?(иә)

4 топқа

1.У дыбысы дауысты дыбыс?(жоқ)

2.Заттың түрін,түсін,сапасын білдеретін сөздерді сын есім дейміз? (ия)

3.Қайтып кел дара етістік?(жоқ)

4.Дауыссыз дыбыстар 3ке бөлінеді?(иә)

  1. Дәптермен жұмыс

(музыка ойналады)

Көркем жазу сәті(Мағынасын ашу)

Көз –қорқақ, қол-батыр

1-жаттығу

Өлеңді көшіріп жаз.

 Анау бала аппақ  қой,

Мынау бала сатпақ қой!

Аппақ бала сабырлы,

Ұқыпты  ғой қадірлі.

Сын есімдердің астын ирек сызықпен сыз.Қадірлі сөзін буынға бөл.

2-жаттығу

Көп нүктенің орнына заттың  сынын білдіретін сөздерді қойып жаз.

1 топ  Азулы қасқыр.Кішкентай торғай.

2 топ  Қара қарға.

3 топ  Қоңыр аю.

4 топ   Сақ сауысқан.

                               5.Танымдық сұрақтар.

«Жауапты сұрақтан ізде» ойыны

 1.Қолына раушан гүл ұстаған қыздың атын білесің бе?(Раушангүл)

2.Қоянбаев Арман орманда қандай аңды көрді?(қоян)

3.Ертеде талды  қорған  болған қала қазір қалай аталады?(Талдықорған)

«Сөз құра »ойыны

1.Сағат,өрік,зымыран,тасбақа,аққу,балапан,ыдыс.(сөз табы)

2.Зырылдауық, алма,тауық,етік, сағат, і, мысық.

Сергіту сәті

«Көңілді күн» музыкасымен қимыл жасау.

4-жаттығу(ауызша)

Сөздерді оқы.Біріншібағандағы сын есімдерге екінші бағаннан  мәндес сын есімді таңда.

5-жаттығу(өз бетімен)

Жылқы туралы сұрау.

6-жаттығу(өз бетімен)

Байсалды бала,кең көше,салқын су,арық ат,қызыл қарындаш.

                                   7.Үйге тапсырма беру

169-беттегі 3-жаттығу және ережелерді қайталау

                                    8.Қорытынды.

Топ  басшысы топ мүшелерін бағалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Следи за нами в FaceBook.
Все новые статьи и много уникального!
Спасибо, не показывайте мне эту штуку больше!
Қызықты ма?
Сабак жоспары
Друг, не уходи!