JOSPARLAR.KZ-Орта мерзімді және Қысқа мерзімді Сабақ Жоспарлар сайты

«Көңілді старт»  эстафеталық жарыс

Алматы обылысы Еңбекшіқазақ ауданы  Қазақстан ауылы

«Таңшолпан» балабақшсының

 тәрбиешісі : Садық Әдепхан Садыққызы.

Тақырыбы: «Көңілді старт»  эстафеталық жарыс

Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау,дені сау,рухы таза ұрпақ тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: Доп,кедергілер,үрленген үлкен шар

Жүргізуші:

Қадірменді қонақтар,балалар,балабақша қызметкерлері!!!!

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай, «Салауатты өмір салтын» ұстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген,парасатты,мәдениетті,дені сау азамат өсіру, отбасының, балабақшаның,жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян.

Балабақшамыздың да негізгі мақсаты болашақта жас ұрпақты халқына қалаулы,ата-анасының мақтанышы,дені сау,сымбатты азамат өсіріп тәрбиелеу. Соның бір шарасы «Біз-спортшылармыз» атты эстафеталық жарысымызға қош келдіңіздер.

Бүгінгі сайысқа «Қарлығаш», «Күншуақ» ,«Ақжелкен» тобының балалары қатысқалы отыр. Қатысушыларды қошеметтеп  ортаға шақырайық.

Шаттық шеңбері

Біз бақытты баламыз,

Шынығада аламыз

Сәулетті елдің көгінде

Шамшырақ болып жанамыз(бастарын иеді)

 

Дүбірле бақшам дүбірле,

Жақсылық болсын үйіңде

Қуаныш толы жүзінде

Арнаулы жолдан сүрінбе

Жарыста нағыз мықтылар

Жеңіске жетер түбінде

Бүгінгі сайысымыз 5 бөлімнен тұрады.

  1. Топтың аты мен ұраны
  2. Кім жылдам
  3. «Жүйрік паравоз» жарысы
  4. Жалаушаны жеткіз
  5. «Кеме» жарысы

 

 

Әділ қазы ақ қазыға бір сәлем,

Әділдікке бас иеді күллі әлем

Жүйрік озар сараптарда неше бір

Сарапқа сал әділдікпен шеше біл.

Бүгінгі жарысымызда әділ баға беріп,төрелік ететін әділқазылар алқасымен танысайық.

  1. Балабақша меңгерушісі Жанузакова Зиягүл Жақыпберқызы
  2. Балабақша әдіскері Куашова Ұлдара Куанышқызы
  3. Балабақша медбикесі

«Ура» деген ұранды ортаға біз тастаймыз

Сайысымызды қане бастаймыз

1.Топтың аты мен ұраны

Әр топ өздерінің аты мен ұрандарын таныстырады.

2.«Кім жылдам» жарысы

Шарты: Үрленген шармен кедергілер арасымен секіріп белгіленген межеден айналып келеміз. Бірінші жеткен топ осы бөлімнің жеңімпазы атанады.

 

Топ болып біз жүрейік

Ойнайықта күлейік

Достық деген тамаша

Міне тұрмыз жараса

3.«Жүйрік паравоз» жарысы

Ойын шарты: Әр топтан бір балакедергілер арасына  жүгіріп межеге барып кайта қайтып келіп өзімен бірге бір баланы ала кетеді осылайша вогондар болып құралады. Бірінші болып келген топ жеңімпаз атанады

  1. Жалаушаны жеткіз

Ойын шарты: Жалаушаны алып қойылған кедергілерден өтіп,жалаушаны  келесі балаға береді,бірінші келген топ жеңімпаз болады.

  1. «Кеме» жарысы

Ойын шарты: Екі дөңгелек сақина беріледі. Балалар отасына кіріп екі сакинаға кезек-кезек секіру арқылы мәреге жеті керек.

 

Жарыс заңы ежелден

Жеғңмпазды анықтау

Еібектену,жалықпау

Біреу озса сайыста

Біреу артта қалады

Бұл сайыста ренжімей тараса бізге жарады,-демекші сайсымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпазды анықтап,марапаттау сөз әділқазылар алқасына беріледі.

    

         Жеңіске жеткен топтар марапатталады.

Қатысқандарға алғыс хат беріледі.

 

Жарқын, шаттық заман болсын

Отбасымыз аман болсын

Сыйластықпен бірлік болып

Әрқашан орта толсын

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Көңілді старт»  эстафеталық жарыс

Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау,дені сау,рухы таза ұрпақ тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: су құйылған шелектер,доп,кішкентай шарлар,себет

Жүргізуші:

Сәлеметсіңдер ме құрметті қонақтар,тәрбиешілер және біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Көңілді старт» атты эстафеталық жарысына қош келдіңіздер.

Шаттық шеңбері

Біз бақытты баламыз,

Шынығада аламыз

Сәулетті елдің көгінде

Шамшырақ болып жанамыз(бастарын иеді)

 

Оңға солға бүгілген

Қане,жылдам жүгірген

Шымырлықтың мәнісі,

Шынығуда ұғынғын –деп бүгінгі жазғы эстафеталық жарысымызды бастаймыз. Алдымен,біз бүгінгі эстафеталық жарысымыздың негізгі кезеңдерімен таныстырайын.

 

Бүгінгі сайысымыз 4 бөлімнен тұрады.

  1. «Кім суды көп жинайды»
  2. «Нысанаға дәл лақтыр»
  3. «Кім жылдам»
  4. «Себеттерге шарларды жина»

 

 

Ал,балалр бәріміз екі қатарға тұрып «Кім суды көп жинайды» ойынын бастаймыз. Бір баладан шығып белгілі бңр  жердегі суды келесі бағытталған жерге жеткізу керек.

Ал, балалар сендерге доппен ойнаған ұнайма?

Иә, ұнайды.

Әр түрлі доптар

Домалайды секіреді

Көңілімізді көтереміз

Қане бәріміз секіреміз-деп келесі ойынымызды бастаймыз.

Келесі эстафеталық жарысымыз «Нысанаға дәл лақтыру» деп аталады. Балалардың қолдарына доптар беріледі,дотарды шеңберге дәл лақтыруы керек.

Көтер қолды жоғары

Құстар қанат қағады

Желаяқтар жүгірер

Жерге тимей табаны-деп келесі ойынымыз «Кім жылдам»деп аталады. Бұл ойында кедергілер арсымен жүгіріп өтеміз.

Келесі ойынымыз «Себеттерге шарларды жинаймыз». Шашылып жатқан шарларды себеттерге жинауымыз керек.

Денсаулық ол шыныққан

Барлық дене мүшесі

Денсаулық — ол тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі

Денсаулық – ол күлуің

Көңіл-күйің жадырай.

Балалар сендерге ойындар ұнадыма?

Біздің мықты болуымыз үшін не істеуіміз керек екен? (Шынығуымыз керек)

Жарайсыңдар балалар ,сендер бүгін көп еңбектеніп үлкен нәтижеге жеттіңдер.

 

 

 

 

 

 

 

QazCrypto.kz - Новости о криптовалютах в Казахстане