JOSPARLAR.KZ-Орта мерзімді және Қысқа мерзімді Сабақ Жоспарлар сайты

Сабак жоспары

 Механикалық қозғалыс

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ: ФизикаМектеп: Атырау қаласы, Қ.Смағұлов атындағы орта мектеп
Күні:Мұғалімнің аты-жөні: Ерғалиева Гулжан Айдынқызы
СЫНЫП:Қатысқандар саны:Қатыспағандар саны:
Бөлімі: Механикалық қозғалыс
Сабақ негізделген оқу мақсаты7.2.1.4. Қозғалыстағы дененің жылдамдығы мен орташа жылдамдығын есептеу.
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: Жылдамдық ,оның өлшеу құралы туралы біледі. Денелердің қозғалыс жылдамдықтарын салыстырып сипаттай алады.

 

Оқушылардың басым бөлігі: Жылдамдық, орташа жылдамдық туралы біледі. Қозғалыс жылдамдығына мысал келтіре алады,жылдамдықтың белгіленуін, өлшем бірлігін, формуласын меңгереді.
Кейбір оқушылар: Бірқалыпты, бірқалыпсыз қозғалыстың жылдамдықтарын ажыратып, өмірдегі қолданылуына мысалдар келтіріп, дәлелдей  алады. Тақырыптық формулаларды меңгеріп, есеп шығаруда қолдана біледі, шығару жолын талдап түсіндіреді
Бағалау критерийі:Жылдамдық туралы ұғымын жеткізе алады, формуласын, өлшем бірлігін біледі, есеп шығаруда қолдана алады. Есепке талдау жасай алады
Тілдік мақсаттар: оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым. Лексика және терминология

 

Оқушылар: Жылдамдық, орташа жылдамдық туралы білімдерін практикалық мақсатта пайдаланып, өмірде қолдана алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Жылдамдық, орташа жылдамдық, векторлық шама, спидометр
      Қазақша             Орысша       Ағылшынша

                       

Жылдамдық

Орташа жылдамдық

Векторлық шама

Спидометр

Скорость

Средняя скорость

Векторная величина

Спидометр

Speed

Average speed

Vector quantity

Speedometer

 

Бір өлшем уақытта жүрілген жолды жылдамдық деп атайды.

Жылдамдық- векторлық шама.

Дененің түзу сызық бойымен бірқалыпсыз қозғалысын орташа жылдамдық арқылы анықтайды.

Жылдамдықты өлшеу құралы спидометр деп аталады.

Өлшем бірліктері: км/сағ, м/с (ХБЖ)                 1км/сағ=1000м/3600с=0,28м/с

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

 

Талқылауға арналған тақырып: Жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу.

Оқылым: Оқулықпен жұмыс.

Тыңдалым: Бейнеролик көреді, тыңдайды

Айтылым: Сұрақтарға жауап береді, талқылауға қатысады, өз пікірін білдіреді.

Жазылым: Анықтама, формулаларды, есептерді дәптерге жазады

Алдыңғы оқу:Механикалық қозғалыс. Жол және орын ауыстыру. Механикалық қозғалыстың түрлері.
Құндылықтарға баулу:«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарының бірі индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу бағыты:

-өзгелердің көзқарастарына құрметпен қарау, жауапкершілікпен қарым-қатынас  жасау.

-өндірісті, ғылым мен білімді біріктіру, инновациялық индустриялық кластерді  дамыту

Пәнаралық байланыс:Математика
                                              Ж    о     с    п    а    р
Жоспарланған уақытЖоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)БағалауКері байланысРесурстар
БасыҰйымдастыру: Оқушыларды түгендеу, оларға автомобиль, поезд, ұшақ суреттері бар қағаз қиықтарын үлестіру. Шаттық шеңберінде жағымды көңіл-күй ахуалын туғызу үшін «Жүрдек поезд» әнінің ырғағымен тізбектеле айнала жүріп, әркім қолындағы суретінің атын естігенде тізбектен шығып, тез топтарына орналасады.

«Допты қағып ал!» әдісі арқылы өткен тақырып бойынша оқушылар білімін тексеру:

1.Механикалық қозғалыс дегеніміз не?

2.Траектория деген не?

3.Жүрілген жол дегеніміз не?

4.Орын ауыстыру деген не?

5.Жүрілген жолдың орын ауыстырудан айырмашылығы қандай? Мысал келтір.

6.Механикалық қозғалыс түрлерін ата?

7.Бірқалыпты қозғалыс дегеніміз не?

8.Бірқалыпсыз қозғалыс дегеніміз не?

 

Оқушылар әрекетіне қошемет білдіру: Жарайсыңдар!

Тамаша!  

 

 

 

Стикрлер                                                  

Көңіл-күй эффектісі: «Бас бармақ»

 

 

 

 

 

«Плюс- Минус-Қызығамын»

(Эдвард де Боно)

Автомобиль, поезд, ұшақ суреттері бар қағаз қиықтары. YOUtube:

«Жүрдек поезд» әні

 

Доп:

 

 

 

 

 

 

 

 

ОртасыІ. «Миға шабуыл» (Жаңа сабақ тақырыбын ашу): «Суреттер сөйлейді» — Берілген денелердің қозғалыс шапшаңдықтарын салыстыру, себебін анықтау

ІІ. Жұптық жұмыс. «Ойлан. Жұптас. Бөліс» әдісі.

Мақсаты:Оқушыларға білімді ғылыми сатылай, жүйелей меңгертіп, оларды өзін-өзі бағалай білуге машықтандырады. Оқушылар ойлайды, ойын жеткізеді, көзбен көреді, нәтижесін алады. Ерекше белгісі- оқушылардың алдына шешуді қажет ететін проблеманың қойылуы.

1-топ: Жылдамдық дегеніміз не? Бірқалыпты қозғалыстың жылдадығын қалай анықтайды? (1,2-тақырыпша)

2-топ: Бірқалыпсыз қозғлыстың жылдамдығы қалай есептеледі? Жылдамдық бірлігі.

3-топ: Берілген есепті оқулықтағы үлгі бойынша шығарып, мазмұнын теориялық талдайды (жаттығу 2.1, №3, №4)

ІІІ. «Саяхат аялдамасы»- Есептер шығару

(«Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтарының бірі индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу бағытындағы іске асып жатқан игі істердің бірі Астанадағы «Тұлпар- Тальго» заводының өнімі Астана –Алматы аралығындағы жолаушы тасымалы поезының жылдамдығы туралы хабарлама беріледі, поезд аялдамаларына есептер қойылады):

1-аялдама: жаттығу 2.1, №8

2-аялдама: жаттығу 2.1, №9

3-аялдама: эксперимент-«Ойыншық мәшиненің орташа жылдамдығын анықтау» Жабдықтар: ойыншық мәшине, рулетка, секундомер.

Критерий: Сабақ тақырыбын ашады.

Дескриптор:

1.Сурет бойынша өз ойын айтады.

2.Денелердің қозғалу шапшаңдығын сипаттай алады.

 

 

Критерий:

Жаңа білімді меңгереді.

Дескриптор:

1.Тапсырманы оқып-түсінеді.

2.Ойын жеткізе алады.

3.Есеп шығару жолын үйренеді.

4.Негізгі ұғымды жүйелеп, есепті талдай алады.

 

 

 

Критерий:

Тақырыптық есептерді шығаруды меңгереді.

Дескриптор:

1.Есептің берілуін жаза алады.

2.Бірліктерін ХБЖ-да өрнектей біледі.

3.Формуланы қолданып, есептеулер жасай алады.

4.Есептің шығарылуын талдап, түсіндіреді.

«Ұнады-Ұнамады-Не болды?»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Білемін, білдім, білгім келеді»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Сабақтағы проблемалар»:

Қандай ой пайда болды?

Не сезіндім?

Не ұнады?

Суреттер: жаяу адам, велосипедші, автомобиль жүрдек поезд, ұшақ, зымыран

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық, дәптер, қалам

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

YOUtube видео «Тальго» поезының қозғалысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

СоңыҚорытындылау: «Төрт сөйлем тәсілі»

Мақсаты: Оқушылар өздерінің түсінік және жұмыс жасау деңгейлерін бағалау үшін төмендегі сөздер бойынша жауап береді:

1.Пікір

2.Дәлел

3.Мысал

4.Қорытынды

Өзара бағалау«Кемпірқосақ»Кемпірқосақ суреті (Плакат), түсті стикерлер
Қосымша ақпарат
Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?Бағалау-Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері. АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс.
Топтардағы қабілетті оқушылардың орнын алмастыру арқылы қосымша тапсырмалар беру арқылы жасырын саралау жүргізіледіӘр тапсырма барысында оқушыларға кері байланыс беріледі. Жауаптарын толықтыру үшін жетелеу сұрақтары беріледіТапсырмалар бергенде оқушылардың математика пәні бойынша білік дағдылары ескріледі. Топқа бөлуде, АКТ-мен жұмыста қауіпсіздік ережесі мен оқушылардың жеке құндылықтары сақталады
РефлексияТөмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағамдау

 

Сабақта қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе Сіздің сабағыңыщды жақсарта алады (оқытуда да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

 

 

 

Сабак жоспары
QazCrypto.kz - Новости о криптовалютах в Казахстане