Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сарытоғай селосы
Қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі: Құмарова Шолпан Зиноллақызы
Күні: 1.10.16 Қазақ әдебиеті 9-сынып
| Тақырыбы | Айтыс. «Біржан –Сара» айтысы | |
| Мақсаты | Тақырып мазмұнын түсіну, идеялық ұстанымындағы кейіпкерлердің ойына өзінше ой қосу арқылы пікір айтуға машықтанады | |
| Жалпы мақсат | «Біржан мен Сара» айтысы туралы мәлімет ала отырып, Біржан мен Сараның өмірімен таныстыру. Айтыстағы әлеуметтік мәселе төңірегінде ойларын жинақтау. | |
| Күтілетін нәтиже | Айтыстың мазмұнын толық меңгереді.Айтыскер ақындарға мінездеме бере отырып, олардың бойындағы қасиеттерді анықтай алады.Айтыстың көтерген негізгі өзекті мәселелерін, тақырыптарын анықтауды үйренеді. | |
| 7 модульдің қолданылуы | АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
| |
| Қолданылатын әдіс-тәсілдер | Кластер, Венн диагамманы , Бес жолды өлең, «Ойлан — топтас — талқыла» | |
| Қолданылатын ресурстар | Бағдарлама,оқулық, әдістемелік құрал, баспасөз материалдары | |
| Ұйымдастыру кезеңі
| Сәлемдесу Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу Түгелдеу Сыныпты екі топқа бөлеміз. Ұлдар – “Біржан” тобы. Қыздар – “Сара” тобы
| Әр топ өз орнына отырып, сабаққа дайындалады |
| Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті | ||||||||||
| Тапсырма | ||||||||||||
| Үй тапсырмасын сұрау.
Деңгейлік тапсырма. | Эссе оқиды.
1-деңгей : Әр топ белгіленген айтыскерлер туралы қысқаша мәлімет айтады. 2. Үй жұмысын тексеру 1) Ауруды көшіру үшін топтасып орындайтын айтыс қалай аталады ? (Бәдік айтысы) 2) Айтыс дегеніміз не ? (Айтыс- қазақтың халық ауыз әдебиетінің бір түрі, яғни әдеби жанр түрі) 3) Бір құс бар қанат жайса дөп-дөңгелек, 4) Қазақ айтыстары жанрлық сипаты жағынан неше түрге бөлінеді ? (Түре айтысы, Сүре айтысы) 5) Шолақ сиыр, көзіңді ояйын ба? Биылғы жыл соғымға сояйын ба? Биылғы жыл соғымға сойып алып, Танабайға жаяңды қояйын ба? … айтыстың қай түріне жатады ? (адам мен жануардың айтысы) 6) Салт айтысы нешеге бөлінеді ? (2-ге ақындар айтысы, қыз бен жігіт айтысы) 7) қазіргі кездегі айтыскерлерді ата. (Ринат Зайытов, Айнұр Тұрсынбаева, Балғынбек Имашев т.б) 8) Ерте заманда қызды ұзатар алдында айтылатын айтыс түрі . (жар-жар айтысы) 9) Айтыстың өзіне тән ерекшеліктерін ата. (жаттама өлеңдер аз болады, өлеңді табан астында шығарады, тосыннан айтысады,ақырыбы белгісіз, тосын сұрауларға тап болады т.б) 10) Айтыстың көркемдік ерекшелігін ата. (сөздері анықтық, тазалық, дәлдік жағынан , көркемдік, сұлулығы) | Үй тапсырмасына жауап береді.
| ||||||||||
| Мағынаны тану Топтастыру стратегиясы.
| “Біржан” тобы Ол кім? Не істеді?
“Сара” тобы Ол кім? Не істеді?
| Оқушылар топта талқылап, сұраққа жауап беріп,зерттеушілік әңгіме құрады.
| ||||||||||
| Кітаппен жұмыс | Теңеу дегеніміз не? Біржан айтыста өзін неге теңейді?
| Берілген тапсырмаға қатысты жауаптарын айтады.
| ||||||||||
| Сөздікпен жұмыс | Ақиық — бүркіт тұқымдасына жататын, сұңқар тәрізді ірі құс. Ал мұзбалақ – ол бүркіттің жас мөлшерінің бірі. Ақ тұйғын — сұңқар, лашын Арғымақ — жүйрік ат | Оқушылар сөздіктерді дәптерлеріне жазады. | ||||||||||
| Салыстыру | Бұрынғы айтыс —- Осы күнгі айтыс 1. Ру атынан шыққан —1. Аудан, облыс атынан 2. Іздеп барып айтысады —2. Күні белгіленеді 3. Кез келген жерде өткен- 3.Сахнада өтеді | |||||||||||
| .
| Сэнкуэйн. Бес жолдан тұратын қорытынды. | 1. Зат есім Біржан. 2. Сын есім. Асқақ, үздік, таланты. 3. Етістік. Айтысады, қанаттанады, жеңеді. 4. Сезіну Біржан – жүрегімен тебіренген айтыс ақыны. 5. Синоним. Бұлбұл, жезтаңдай ақын, сал – сері, күміс көмей. 1. Сара. | ||||||||||
| Үйге тапсырма | “Біржан” тобы. “Біржан – азамат ақын”, “Сара” тобы. “Сара – үздік өнер иесі” атты шығарма жазу. | |||||||||||
| Бағалау | Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату | Өзін- өзі топпен бағалайды | ||||||||||
| Рефлексия Стикерлерді толтыру | Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну | Ұсынылған стикерді толтыру | ||||||||||
