Пәні Математика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.4А : «Пайыз»
Сынып: 5 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні: Есенғазы Лайла Таласпайқызы
Сабақтың тақырыбы Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 5.1.2.34 берілген санның пайызын табу;
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: Пайыз белгісін біледі, өндірісте межеленген жоспардың орындалуы, заттың бағасының (өсуі) кемуі, оқушылардың үлгерімі т.б. шамалардың өзгеруі пайыз түрінде берілетінін біледі
Көпшілігі: «пайыз» сөзінің орнына % белгіні жазатынын,сандарды пайыз түрінде жазу және оқуды , берілген санның 1% ын табуды,санның бөлігін біледі,есептеулерде пайыздың бөлшекпен немесе натурал санмен жазылуын қолданады.
Кейбір оқушылар: пайыз табуға берілен тапсырмаларды орындайды және берілген тақырып бойынша логикалық есептерді шығара алады
Бағалау критерийлері • Берілген санның пайызын есептейді.
• Пайызға байланысты мәтінді есептерді шығара отырып талдайды, алгоритмін қолданады
• Пайыз ұғымын өмірде қолдана алады, есептер құрастыра алады
Тілдік мақсаттар Оқушылар:
— шама мәндерінің пайыздық кемуін немесе артуын түсінеді;
— пайызбен өрнектелген нәтиженің математикалық мағынасын түсіндіре алады;
Құндылықтарды дарыту
Экономикалық өсу,өңірлік және бәсекеге қабілеттіліке баулу, жауапкершілікті сезіну, білім алуға дайын болу.
Пәнаралық байланыстар Жаратылыстану, өзін- өзі тану
Алдыңғы меңгерілген білім
Жай бөлшектерге, ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану; санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табу ережелерін білу және қолдану;
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақ басы
4 минут
4минут 1.Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, сыныптың тазалығы, сыныпты түгендеу)
2.Психологиялық ахуал
«Айна әдісі»
3. Топқа бөлу
4.Оқушыларды (смайликтерге, ондық бөлшек, жай бөлшек жазу арқылы) 2 топқа бөлу.
«Миға шабуыл» «Тунель әдісі»
Оқушылар бір біріне сұрақ дайындап, жауап береді
Пайыз дегеніміз …
Пойызды бөлшекпен немесе натурал санмен жазу үшін……………….
Бөлшекті немесе натурал санды пайызбен жазу үшін………..
Жай бөлшек дегеніміз………
Ондық бөлшек дегеніміз………
Санның 1%-і неше тең?
Санның 10%-і неше ?
Санның 50%-і неше ?
«Көпір» тапсырмалары
Алдын-ала даярлық тапсырмасы бойынша есептің шартында 100 % үшін қандай шаманы қабылдаймыз ?
100 %-
Бір пайыз бүтін шаманың қандай бөлігі?-
Есеп: Ормандағы 800 ағаштың 25% шырша 45%-ы қарағай ағаштары. Орманда неше шырша ағашы, неше қарағай ағашы бар?
1) 800:100=
2) 0* 25=
3) 0*45=
Есептің шығару тәсілдері бойынша берілген санның (800-дің) пайызын 25%,45%- табуды тұжырымдаңдар.
Үлестірме парақшалар
«3 шапалақ» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды
Сабақтың ортасы
Топпен жұмыс
10мин
5 мин
Оқулықпен жұмыс
5 мин
5 мин
5 мин
3 мин «Галерея» стратегиясы бойынша, әр топ мұғалімнің дайындап берген материалы бойынша өз постерлерін рәсімдейді. Топтар жұмыстарының дұрыстығын талдайды. Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып, басқа топтарға түсіндіреді, қалған топтардан сұрақтар болса жауап береді.
Тапсырма жазылған үлестірме парақшалар таратылады
«Температура өлшеу» әдісі
Екі топқа тапсырма жазылған үлестірме парақшалар таратылады
Бұл әдіс топтық жұмыс барысында мұғалім топ жұмысын бақылау үшін «біз не істеп жатырмыз?» деген сұрақ қою арқылы оқушылардың жұмысы нәтижелі болу үшін бағыт береді.
Iтоп:
1 тапсырма берілген санның пайызын табу алгоритмінің сызбасын сыз
2 тапсырма.
Мектеп кітапханасында 2800 оқулық бар. Бұл ондағы барлық кітаптың 85% ы. Мектеп кітапханасында барлығы неше кітап бар?
IIтоп:
1 тапсырма
Микрокалькуляторда 45 санының 20%-ын табу.
2 тапсырма
Бұйымның бағасы 12%-ға қымбаттады. Егер осы бұйымның алғашқы бағасы 5000 теңге .Оның қымбаттаған бағасы неше теңге?
Дескриптор:
— санның пайызын тапты
-пайызға байланысты мәтінді есептерді шығара отырып талдады,шығарды
ҚБ (бағдаршам арқылы бағалау)
«Сәйкестендіру» әдісі
Берілген сандардың пайызын тауып, сәйкестендіреді. Тапсырманы орындайды және жауапты калькулятор көмегімен тексереді.Тапсырма қорытындысы бойынша
ҚБ: «МАДАҚТАУ»
5. Жұптық жұмыс №1092, №1094,
Есептердің дайын жауаптарымен өзін-өзі тексеру
6. Жеке жұмыс
№1087 (2), №1088 (3)
Қалыптастырушы бағалау
Ширату жаттығулары
Шылым шегетін балалар өз өм ірлерін 15% ға қысқартады. Егер Қазақстанда адамдардың орташа өмір сүру ұзақтылығы 66 жас болса онда шылым шегетін балалардың өмір ұзақтылығы қаншаға қысқарады.
Жауабы: 10 жылға
Əріптестер. Əр оқушыға не жауабы бар, не сұрағы бар қағаз беріңіз. Оқушылар сынып ішінде жүріп, сəйкес келетін сұрақ пен жауапты іздейді
Қол шапалақтау арқылы бағалау. АКТ
Постермен жұмыс
Сергіту сәті: «ия, жоқ»
Интербелсенді тақта
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Сабақ соңы
5 минут Қорытынды
«Өрмекші торы» әдісі
(Оқушыларды шеңбер бойына тұрып, бүгінгі сабақ бойынша түйінді ойларын айтады).
.
Үлестірме парақшалар
Үйге тапсырма №1145
Дескриптор:
— санның пайызын тапты
-пайызға байланысты мәтінді есептерді шығара отырып талдады,шығарды
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірледім
Тапсырма: 200 қарбыздың 16 -сы піспеген болып шықты. Піспеген қарбыздар барлық қарбыздардың қанша пайызын құрайды?
Дескриптор:
— санның пайызын тапты
-пайызға байланысты мәтінді есептерді шығара отырып талдады,шығарды
Пайызды қолданып, мәтінді есептерді шығаруда қабілеті жоғары оқушыға жеке қолдау көрсету оқушылардың сабақ кезінде нені үйренгендерін бағалау үшін қолданатын төмендегідей әдіс-тәсілдерді қолдандым: «Бесжұлдыз, төртбұрыш, үшбұрыш»
Денсаулық сақтау технологиялары.
Сабақта сергіту жаттығуларын жасадым, белсенді жұмыс түрлерін қолдандым
Осы сабақта қолданылатын АКТ
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
