JOSPARLAR.KZ-Орта мерзімді және Қысқа мерзімді Сабақ Жоспарлар сайты

«Тапқырлықты талап ететін логикалық есептер»

Ақанова Әсел Мұхтарқызы

Шығыс Қазақстан облысы

«Абай атындағы орта мектебі» КММ

Тақырыбы: «Тапқырлықты талап ететін логикалық есептер»

  1. Торда 3 қоян бар еді, 3 оқушы бір-бірден қоян алды, бірақ торда әлі де бір қоян қалды. Ол қалай қалды?
  2. Тауық 2 аяғымен тұрғанда 3 кг тартады, жалғыз аяғымен тұрғанда неше килограмм тартады?
  3. «Топ үйрек». Бір топ үйрек ұшып барады. Барлығы 5 үйрек оның біреуі жерге қонды. Нешеуі қалады?
  4. Бес бұтақты қайыңда,

Бұтақ сайын бес алма.

Біреуін бер Арайға,

Сонда қалды неше алма?

  1. Шығыстан батысқа қарай электр пойызы 60 км/сағ жылдамдықпен жүріп келеді. Оған қарсы бағытта сағатына 50 км жел соғып тұр. Пойыздың түтіні қай бағытқа бұрылады?
  2. 21 м матадан 5 бірдей көйлек тігілді. Осындай 42 м матадан неше көйлек тігуге болады?
  3. Қандай санның атының жазылуында қанша әріп болса, соншалық цифр бар?
  4. 100 беттік дәптерді нөмірлегенде қанша цифр белгісі жазылады?
  5. Амалдарды және жақшаны пайдаланып көрсетілген жазудың дұрыс шешімін құрастыр. 5 5  5  5=
  6. 1 км сымның салмағы 5 кг, 60 км сымның салмағы қандай?
  7. Айдар Саламаттан «Неше жастасың?»- деп сұрады. Саламат егер менің жасымды 4 есе арттырып, 16-ға кемітсе мен 20-да болар едім. Саламат неше жаста?
  8. Жасы 100 келген бір қарт болыпты. Бүкіл өмір бойы ол өзінің туылған күнін тек 25 рет қана атап өтіпті. Бұлай болады ма?
  9. Кейбір айда 5 дүйсенбі болса, онда бұл айда аптаның қай күні болмайды?
  10. Қызы 8 жаста, ал анасы 38 жаста. Неше жылдан кейін шешесі қызынан 3 есе артық жаста болады?
  11. Бес екілік пен амалдар таңбасын пайдаланып 28 санын жазу керек.
  12. Барлық 10 цифр мен амал таңбаларының кейбіреуін пайдаланып, жүзді жаз.
  13. Аулада қойлар мен тауықтар жүр. Олардың 5 басы, 14 аяғы бар. Сонда аулада барлығы неше қой мен неше тауық жүр?
  14. Сыныптағы оқушылардың 1/7 бөлігі «5» алды, 1/3 бөлігі «4» алды, тең жартысы «3» алды, қалғандары «2» алды. Неше оқушы «2» алды?
  15. «Біздің сыныпта неше қыз бала бар?»- деп сұрады Әділ Арайдан. Арай сәл ойланды да былай деді: «Егер, ең үлкен 2 таңбалы саннан 2 сегіздікпен жазылған санды шегерсек, шыққан санға ең кіші екі таңбалы санды қоссақ, сонда біздің, сонда біздің сыныптағы қыздардың саны шығады». Бұл сыныпта қыз бала нешеу?
  16. Бес бірлікпен 100 санын жазыңыз. Егер солай жаза алсаңыз, 5 бестіктің көмегімен 100 санын жазыңыз.
  17. 51 т астықты тасу керек еді. Астықты 2 прицепті машинамен тасыды. Егер машинаға 4 т 800 кг-нан, ал прицепке 2 т 700 кг-нан астық тиелсе, астықты тасып бітіру үшін қанша рет қатынайды?
  18. Қосарланып жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 12 км жол жүрді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүген?
  19. Рауан мен Ержан кітап дүкеніне кіріп, кітап қарады. «Әзіл есеп» кітабын сатып алғысы келген Рауан Ержаннан бір теңге сұрады. Ержан бұл кітапты сатып алуға оның 19 теңгесі жетпей тұрғанын айтты. Олар екеуіндегі ақшаларын қосса да бұл кітапты сатып ала алмайтынын білді. Сонда кітап неше теңге тұрады?
  20. Электровозда 7 вагон. Бір бала басынан санағанда 4-ші вагонда отырды, ал екіншісі соңынан санағанда да 4-ші вагонға отырды. Олар бір вагонда болды ма? Алде басқа – басқа вагондарда болды ма?
  21. Аспаз шұжықты 4 рет кесті. Шұжық неше бөлікке бөлінді?
  22. Такси ауылға келе жатты. Жолда 5 жүк машинасы және 3 жеңіл машина кезікті. Неше машина ауылға келді?
  23. Түскі сағат 15.00 – де ауа райы зерттейтін орталық күн ашық болатынын абарлайды. 60 сағаттан кейін күн жарқырап тұрады ма?
  24. Абзал күнде сабақтан соң үйіне жая қайтады. Жазда 85 минут, қыста 1 сағат 25 минут жүреді. Бүны қалай түсінуге болады?
  25. Альбомның әр бетіне 6 маркадан жапсырса, 9 марка жетпей қалады. 4 маркадан жапсырса 15 марка артылып қалады. Альбомда неше бет бар? және марка саны қанша?
  26. Балықшыдан «Неше балық ұстадың?» — дегенде «Жиырманың жартысын, бассыз екеуін, құйрықсыз үшеуін» – дейді.балықшы неше балық ұстады?


  1. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҚЫЗЫҚТЫ ЕСЕПТЕРІ
  2. Салт аттылар. Айдалада көзге түртсе көрінбейтін түн. Суыт жүрістілер аяң жүріспен келеді. Екі ауыл арасы ет пісірімдік жер. Жаппадан жыл еткен сәуле сөніп- өшті. Балақай сен қалай ойлайсың сәулені үй иесі бұрын көре ме? Әлде салт аттылар бұрын көре ме?
  3. Екі қарға. Екі қарғаның біреуі оңтүстікке, екіншісі солтүстікке қарап отыр. Олар бір – біріне:
  • Достым, мен сені көріп отырмын – дейді.

Олар бірін – бірі қалай көріп отыр?

  1. Тауық нешеу саналған?

Қызық есеп айтайын,

Сынап сені байқайын.

Жауап айтшы бөгелмей,

Шешім болсын дегендей.

Бір сарайға қамалар,

Есеп шарты мынындай.

Аяқ пен бас саналар,

Отыз аяқ жүр көп боп.

Басы тоғыз бір топ боп,

Көрмегенмен оларды.

Айыруға болады,

Болсадағы бұл тосын.

Жауап берші жүр досым,

Түлкі нешеу қамалған?

Тауық нешеу саналған?

  1. Сырғауыл мен ұлу. Сырғауылдың биіктігі 20 құлаш. Ұлу күндіз 5 құлаш жоғары шығып, ал түнде 4 құлаш төмен түседі. Ұлу неше күнде сырғауылдың басына шығады?
  2. Өрістегі жылқы. Барлық жылқының 1/3 және екеуі бөлініп алынды. Бұдан соң қалған жылқының жартысы айдалынып кетті. Сонда өрісте 9 жылқы қалды. Сонда өрісте басында неше жылқы болған?
  3. Асық саны. Он-оннан асығы бар үш бала өзара асық ойнады. Ойыннан соң біріншісі екіншісіне қарап:

-Қанша асық ұттың?–дейді.

Ол:

-Онша көп ұтқыза қоймаппын, 8 асығым қалыпты, –дейді.

-Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен,– дейді.

-Ең көп асық ұтылған мен болдым– дейді мұңайып бірінші бала.

Ойыннан кейін кімде қанша асық қалды?

  1. Арқалап тезек тасыған. Он екісі 12 қап арқалап келеді. Әрбір ер адам 2 қаптан, әрбір әйел жарты қаптан, ал әр бала ширек қаптан зат арқалап келеді. Сонда ер адам қанша? Әйел қанша? Бала қанша?
  2. Мал есебі. Жеті жасар баласын есепке үйреткісі келген әкесі:
  • Енді 7 жылда түйеміз 2 есе, жылқымыз 3 есе, сиырымыз 4 есе, қойымыз 5 есе көбейсе, онда бәрін қосқандағы саны сенің қазіргі жасыңнан 2 есе көп болады екен, – дейді.
  • Ол кезде біздің үйдегі түйенің, жылқының, сиырдың және қойдың әрқайсысы қаншадан болғаны? – деп бала әкесіне қарайды.
  • Оны білу қиын емес, өзің–ақ табасың, – деп әке баласын ойландырып тастайды.

Көп уақыт өтпей – ақ бала өз сұрағына өзі жауап береді.  Баланың жауабы қандай?

  1. Қоянның түсі. Қоян қорқынышты түс көреді. Оның түсінде түлкі сағатына 154 км, ал қасқыр одан 2 есе артық жүгіре алады екен. Егер қоян 5 минутта 30 км жүгіре алатын болса, түлкі мен қасқыр оған жете ала ма, жоқ па?
  2. Наурыз дастарханы. Наурыз дастарханына 263 дана бауырсақ даярланды. Егер Наурыз тойына 86 ұл және одан 2 есе артық қыз бала келсе, барлығына бауырсақ жете ме?
  3. Патшаның үш қызы. Бір патшаның үш қызы болыпты. Оның жерінің ені 60 км, ұзындығы 70 км екен. Ол үлкен қызына барлық жерінің тең жартысын беріпті. Ортаншы қызына берген жерінің периметрі 148 км, қалғанын кіші қызына береді. Патша кенже қызына қанша жер берді?

 


  1. Геометриялық басқатырғыштар
  2.        Тіктөртбұрышты 2 сызықпен төртке бөл. Екеуі төртбұрыш, екеуі үшбұрыш болсын.
  1.                                                                 Неше төртбұрыш бар?

 

 

  1.  Неше үшбұрыш бар?

 

 

 

 

  1.                                                            Неше үшбұрыш неше төртбұрыш бар?

 

 

  1. 9 шаршыдан тұратын шаршыда неше шаршы бар?

 

 

 

  1. 24 таяқшадан 9 шаршы құрастыр, оның 4 – ін алып тастағанда 5 шаршы шығатын болсын.
  2.                                             Белгісіз қандай сан?                                                 Кестені құру ережесін тауып, «?» белгісінің  мәнін тап.

 

 

 

  1.    Сандарды орналастыр. 1 – ден 9 – ға          дейінгі сандардың қосындысы 20                                              болатындай етіп, үшбұрыштың қабырғасына орналастыр.

 


  1.   Сиыр. Екі шырпы талын қозғап, сиырды  артына қарату керек.

 

 

  1.  Торкөзді толтыр. 1, 2, 3, 4 сандарын әрбір  жатық тік жолда және диагональ бойынша қайталанбайтындай етіп суреттегі торкөзге толтыр.

 

 

  1.    Суреттегі фигураны бірдей 4 бөлікке бөлу керек. Сонда әр бөлікте 1 нүктеден болу керек.

 

 

 

  1. 6–дан 14–ке дейінгі сандарды қойғанда барлық үш санның қосындысы бірдей болу керек.

 

 


  1. Математикалық ребустар

+   __A

БВВ

  1. Б3+1А=А31
  2. 9А:1A=A
  3. AБ*А=БББ
  4. AБВГ

+   _АБДГ

ВГДАГ

  1. 2 2  2  2  2=7 қандай таңбалар қою арқылы 7-ні шығарып алуға болады?
  2. 1 2  3  4  5 сандарына таңба және жақша қою арқылы осы сандардың мәні 1 – ге тең етіп шығар.
  3. 60 санының неше бөлгіші бар?
  4. Екі таңбалы санға сондай санды тіркеп жазса, әуелгі сан қалай өзгереді?
  5. *5*

+ **3

**01

  1. * * * + * * * = 1997
  2. 1 4 2 8 5 7 сандарын қай санға көбейтсе мәндері біркелкі сандардан тұратын сан шығады? (0 – ден басқа).


  1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНДЫ есептер
  2. 5 алманы 6 балаға теңдей етіп бөліп беру керек. Алмалардың ешқайсысын теңдей етіп 6 бөлікке бөлуге болмайды, мұны қалай жүзеге асыруға болады?
  3. Қоймаға бірнеше бума даптер келіп түсті. Әр бумада жүз дәптер бар. Қоймашы 578 дәптерді қалай тез санап бере алады?
  4. Ешбір өлшеу құралын пайдаланбай, ұзындығы 4 м матаның 3 м қалай кесіп алуға болады?
  5. Сатушы 15 кг күріш өлшеп беруі керек, алайда оның қолында 1 килограммдық кір тасы қалған екен. Өлшеулер саны ең аз болатындай етіп, осыны қалай іске асыруға болады?
  6. Алма салынған 5 дорбаның салмақтары сәйкесінше 1кг, 2 кг, 3 кг, 4 кг және 5 кг. Барлық алманы әрқайсысының салмақтары бірдей болатындай етіп 3 дорбаға бөліп салу керек.
  7. Жұмыртқаны қайнап тұрған суда 4 минут пісіру керек. 3 минуттық және 7 минуттық екі құмсағатты пайдалана отырып, оны қалай жүзеге асыруға болады?
  8. 5 литрлік бидон мен 3 литрлік шыны ыдыстың көмегімен шелектен кастрөлге 4 литр сүтті қалай құйып алуға болады?
  9. Қонаққа 4 немесе 3 адам келуі тиіс. Кез – келген жағдайда қонақтардың әрқайсысына тең мөлшерде торт ұсыну үшін оны алдын ала қалайша бөліп қоюға болады?
  10. Кассада кілең бір теңгеліктен тұратын бірнеше бума ақша қалған еді. Әр бумада 1000 теңге бар, кассир жұмысшыға 1989 теңге ақшаны қалай тез санап бере алады?
  11. Жарты литрлік шөлмектегі «Фанта» сусыны 50 теңге, ал оның бір литрлігі 70 теңге тұрады. Қонақ шақыру үшін 10 литр «Фанта» сусынын сатып алу керек болса, осылардың қайсы шөлмегіндегісінен сатып алған тиімді болар еді?
  12. Бір қап қант «Дәужан» қант орталығында 2500 теңге (салмағы 500 кг), ал базарда 2400 теңге (салмғы 45 кг) тұрады. Қантты қайдан алған тиімді?
  13. Сиыр күніне 10 л, ал ешкі 2 л сүт береді. Сиыр сүтінің 1 л 30 теңге, ал ешкі сүті 35 теңге тұрады. Бір сиырды күтіп бағуға күніне 4 ешкіні күтіп бағуға кететіндей шығын жұмсалады. Олардың қайсысын ұстау тиімді?


  1. 111 жұмбақ — әңгімелер
  2. Үнді шайы. Тал түс еді. Сәуленің отбасы дастархан басында отырған. Апасы бос кесеге шайды толтырып сала салды. Бір үйде бір еркенің болатыны анық. Сәуленің кенже інісі қолындағы кесек қантты сол кесеге тастап жіберсін. Сәуле інісіне неге саласын дегендей көзін алартып, бір қарап еді, інісі одан бетер еліріп кесені итеріп кеп қағаны. Бәрі шу ете қалды. Ыстық шайға күйіп қалды ма екен деп абыр-дабыр болды. Бірақ апасы шайды сиқырлап тастағанба, інісі құп-құрғақ күйінде екен. Бұл қалай болды?
  3. Оңай да, қиын да сұрақ. Дән толтырылған қапты ұстай тұрып, дәл сондай екінші қапты тез арада қалай толтыруға болады?
  4. Кім қателесті? Бір шаруа ақшадан қысылып, өсімқор көршісінен 2 теңгеқарыз сұрайды. Көршісі қарыз беруге келісіп, мынадай шарт қояды: «Мен саған 2 теңге емес 200 тиын беремін. Бірақ сен маған өзін – өзі көбейткендегі өсімімен қайтарасың» — дейді. Қиналып тұрған шаруа бірден келісіп, «2теңгесі не? 200 тиыны не? Бәрібір емеспе» — деп айтады. Белгілі мерзімнен кейін шаруа көршісіне 4 теңге әкеліп береді. Бірақ ол, 4 теңгенің аз екенін айтып дау салады. Қателескен кім? Көрші шаруадан неше теңге қайтаруын талап етеді?
  5. Аға жұмбағы. Саяттың сабақ оқуына кедергі жасап, мазасын алды. Ал қарындасынан құтылмақ болған Саят:
  • Қарлығаш, мен саған бір жұмбақ айтайын. Сен оны құрбы құрдастарыңмен бірге шешіңдер, жарайды ма?- дейді.
  • Жарайды, — деп Қарлығаш қуана келіседі.
  • Онда тыңда. Бөлме ішінде екі ана, екі қыз, бір әже, бір немере қыз бар. Сонда бөлмеде барлығы неше адам болғаны? Балақай сен қалай ойлайсың? Бөлме ішінде неше адам бар?
  1. Дарынды балалар. «Ертең біздің сыныпқа осы қаладағы ең қарт мұғалім, бір кездері маған сабақ берген ұстаз келеді. Сондықтан ертеңгі сабаққа жан-жақты дайындалып келіңдер» — деп, мұғалім келер күнге қалай дайындалу керектігін түсіндірді.

Келесі күні қарт мұғалім алдын – ала даярланған сыныптың сол күнгі барлық сабақтарына кіріп шығады. Міне, қызық. Оқушының бәрі қандай сұрақ қоймасын, біркісідей қол көтеріп белсене ат салысып отыр. Қарт ұстаз олардың жауаптарына дән риза. Дегенмен көңіліне бір күдік ұялап, шешімін таба алмай дал болады. Ол бір сыныптың дәл осылай сабаққа толық дайындалып, кез – келген сұраққа жауап бергенін бұрын көрген емес еді. Қарт мұғалім басын шайқаумен болды. Балақай, сенің күдігің жоқ па? Бұл жерде бір шикілік бар сияқты.

  1. Қалай он екіге арттыруға болады? Ойда – жоқта тоқсан соңында математика сабағынан дәріс беретін әзілкеш Балғабай ағай Дариға деген қызға 86 санын көрсетіп, егер осы санды ешқандай есеп амалын қолданбай 12 – ге арттырып берсең, жылдықта 5 – ке шығасың дейді. Дариға мүлт кетпеді, мұғалім де берген уәдесінде тұрды. Сонда Дариға есепті қалай шығарды?
  2. Төрт есе үлкен. «Бес орынды сан. Санды соңынан бастап керсінше қайта жазу керек. Сонда қайта жазылған жаңа сан бастапқы саннан 4 есе үлкен болады. Сонда бұл қандай сан? Ойланып көріңіздер» — деді. Сен қалай ойлайсың? Бұл қандай сан?
  3. Тапқыр жігіт.

Атақты бір бағбан қарт 12 түп алма өсіріп, жемісін жеп отырыпты. Осындай күндердің бірінде қарт дүниеден өтіп, қалада тұратын жалғыз ұлы ағаштарды 4 адамға сатады. Олардың талабы бойынша 12 ағаш жерімен қылдай тең бөлініп берілуі тиіс еді. Жас жігіт қалаға тезірек қайту үшін күні – түні ойланып, ақыры шешімін табады: Ол тек қана 2 сызық  жүргізіп, он екі алма ағашын және жерді сатып алушыларға тең етіп бөліп береді. Сатып алушылар да жас жігіттің тапқырлығына риза болады. Ақшаларын бірден төлеп, жігітпен қоштасады. Жігіт алма ағаштарын қалай бөлді?

  1. Бұл қай күн? Досанның Мұратқа қойған сұрағы: «Егер бұл күн дүйсенбіден кейінгі немесе бейсенбінің алдындағы демалыс күн болмаса, ал ертеңгінің арғы күні сенбі болмаса және кешенің арғы күні сәрсенбі болмаса, бұл қай күн?».
  2. Отбасы. Бір отбасының бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындасы бар екен. Олар тату –тәтті, бақытты өмір сүріпті. Осы отбасының барлығын қосқанда қанша баласы бар деп ойлайсың?

Суретте көрініп тұрғандай, бір байдың пәленше жері мен бағы (қарамен белгіленген) болған екен. Күндердің күнінде 90 – ға келген байдың денсаулығы нашарлап, алдына бес баласын шақырады. Ол жерді бәріне тең бөліп, бағын тұтастай қалдырады. Онысы жердің де, бақтың да бәріне бірдей тиесілі дегені еді. Балалары әкесіне риза болып, алғысын жаудырады. Балақай сен суретке қарап, ойлан. Сен жерді қалай бөлер едің?


Есептердің ЖАУАПТАРЫ

Тапқырлықты талап ететін логикалық есептердің жауаптары

  1. Бір оқушы торымен алды;
  2. 3 килограмм;
  3. Қонған 1 үйрек;
  4. Қайыңда алма өспейді;
  5. Электр пойызы түтін шығармайды;
  6. 42-21=21, 5+5=10, 10 көйлек;
  7. Жүз 100, он 10;
  8. 192 цифр белгісі;
  9. (5*5-5):5=4;
  10. 1000:5=200, 600:200=3 (кг);
  11. 9 жаста. x*4-16=20; x*4=20+16; x*4=36; x=36:4; x=9;
  12. 29 ақпан 4 жылда бір рет қайталанады;
  13. Жексенбі күндері;
  14. 7 жылдан кейін;
  15. 22+2+2+2=28;
  16. 0+1+2+3+4+5+6+7+8*9=100;
  17. 2 қой 3 тауық, барлығы 5 бас, 4+4+2+2+2=14;
  18. 7*3*2=42 оқушы, 42-(42:7+42:3+42:2)=1, бір оқушы «2» алды;
  19. 21 қыз;
  20. 111-11=100, 5*5*5-5*5=100;
  21. 4т 800кг+(2т 700кг*2) = 10т 200кг, 51т = 51000кг, 51000:10200=5, жауабы 5 рет қатынайды;
  22. 12 километр;
  23. Кітап 19 теңге тұрады. Рауанның 1, Ержанның 0 теңгесі болған;
  24. Бір вагонда болған;
  25. 5 бөлік;
  26. 1машина (такси);
  27. Жоқ, түн болады;
  28. Бірдей уақыт, 1сағ 25мин = 85мин;
  29. 15+9=24, 24:2=12, 6*12-9=63, 4*12-15= 63, жауабы 63 марка
  30. Жауабы 10 балық.

Қазақ халқының қызықты есептерінің жауаптары

  1. Сәулені ешқайсысы көрмейді, себебі «сөніп- өшті» бір сөз;
  2. Қарғалар бір–біріне бетпе-бет отырғандықтан олар бірін–бірі көреді;
  3. 6 түлкі және 3 тауық;
  4. 10 күнде шығады;
  5. 30 жылқы болған, есеп әртүрлі әдіспен шығарылады;
  6. 1-ші балада 10-6=4 асық, 2-ші балада 10-2=8 асық, 3-ші балада 10+(2+6)=18 асық қалды;
  7. 4 ер адам, 4 әйел және 4 бала;
  8. Бұл үйде 1 түйе, 1 жылқы, 1 сиыр, 1 қой бқлған. 7 жылдан кейін малдарының саны 14 болады;
  9. Түлкі 154 км /сағ, қасқыр 154*2=308 км/сағ, қоян (60*30)/5=360 км/сағ. Сол себепті түлкі де, қасқыр да қоянға жете алмайды;
  10. Жетеді 86+(86*2)=258;
  11. Патшаның жерінің көлемі: 60*70 = 4200 км, үлкен қызына: 4200/2=2100 км, ортаншы қызына: 120 км, кіші қызына: 90 км, жер бөліп берген.

Геометриялық басқатырғыштардың жауаптары

 

 

 

  1. 6 төртбұрыш;
  2. 6 үшбұрыш;
  3. 5 төртбұрыш 4 үшбұрыш;
  4. 14 шаршы бар;

 

 

 

 

 

 

  1. 39, себебі тік жолдағы бастапқы саннан 5-ті шегеру арқылы табылған;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Математикалық ребустардың жауаптары

  1. А-9 Б-1

91

+   _ 9

100

  1. А=7 Б=4, 43*17=731, 731:17=43;
  2. A=6, 96:16=6;
  3. A=3 Б=7, 37*3=111;
  4. 5210

+   5240

10450

  1. 2*2*2-2:2=7 немесе 2+2+2+2:2=7;
  2. (1+23):4-5=1;
  3. 12 бөлгіші бар. Олар: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 10, 12, 15, 20, 3, 60;
  4. 2525|25            6262|62

|101                    |101               101 есе артады;

  1. 858

+    243

1101

  1. 998+999=1997 немесе  999+998=1997;
  2. 142857*7=999999.

Экономикалық мазмұнды есептердің жауаптары

  1. 3 алманы қақ бөлу керек және 2 алманы теңдей етіп 3 бөлікке бөлу жеткілікті. Сонда әрбір балаға жарты алма және бір алманың үштен бір бөлігі тиеді;
  2. 5 буманы беріп, ал 6- шы бумадан 22 дәптерді санап алып қалуы керек;
  3. Матаны теңдей етіп әуелі 2, содан кейін 4 бүктеп, бір бөлікті кесіп алу керек;
  4. Әуелі 1 кг күріш өлшеп алу керек. Кір тасы мен 1 кг күріштің көмегімен 2 кг күрішті өлшеп алуға болады. Содан кейін кір тасын, өлшеп алған 1 кг және 2 кг күріштерді пайдаланып, 4 кг күріш өлшеп алу керек. Ең соңында кір тасы мен өлшеп алынған 1 кг, 2 кг және 4кг күріштің көмегімен 8 кг күріш өлшеп алынады. Сонда барлық өлшеулер саны 4 – ке тең болады;
  5. 1 – ші дорбадағы мен 4 – ші дорбадағы, 2 –ші дорбадағы мен 3 – ші дорбадағы алмаларды біріктіру керек;
  6. Құмсағаттардың екеуін бір мезгілде іске қосып, 3 минуттық құмсағаттағы құм таусылған кезде жұмыртқаны қайнап тұрған суға салу керек;
  7. 3 литрлік шыны ыдыстың көмегімен шелектен бидонға 2 рет құю арқылы 5 литр сүт толтыру керек, сонда шыны ыдыста 1 литр сүт қалады. Содан кейін кастролге шыны ыдыспен 3 литр сүт құю керек;
  8. 2 рет кесу арқылы шаршы немесе дөңгелек пішіндегі тортты теңдей етіп 4 бөлікке бөлеміз. Мұнан соң кез – келген қарама –қарсы екі бөліктің үштен бір бөлігін кесіп қоямыз.

Суретте А, В, С әріптерімен бейнеленген. Егер қонаққа 3 адам келсе, олардың әрқайсысына ұсынылатын бөліктер белгіленген;

  1. Екі буманың біреуінен 11 теңгені санап алу керек;
  2. Егер жарты литрліктен алатын болса, 20 шөлмек алу керек, онда 1000 теңге ақша жұмсалады (20*50=1000). Ал бір литрліктен алатын болса, 10 шөлмек алынады (70*10=700), оған 700 теңге жұмсалынады. Демек 1 литрлік шөлмектегі сусынды алу тиімді;
  3. Қант орталығында қанттың килограмы 50 теңге тұрады, өйткені 2500:50=50. Ал базарда шамамен 54 теңгедей тұрады, 2400:45=53. Ендеше қантты қант орталығынан сатып алған тиімді;
  4. 1 сиырдың сүтінен 300 теңге, 4 ешкінің сүтінен 280 теңге ақша түседі. Демек 1 сиырды күтіп – бағуға 4 ешкіні күтіп – бағуға кететіндей шығын жұмсалады. Сондықтан 1 сиыр ұстау тиімді.

111 жұмбақ әңгімелердің жауаптары

  1. Кесеге шайды апасы құрғақ күйінде салған. Сондықтан да ешкімнің күйіп қалуы мүмкін емес;
  2. Дән толтырылған қапқа бос қапты кигізу арқылы;
  3. Қателескен шаруа. Себебі 200 тиынды 2 еселесе 40000 тиын, яғни 4 теңге емес 400 теңге болады. Бұл жерде көршісі шаруаның аңғалдығын пайдаланған;
  4. Бөлме ішінде барлығы адам 3 (әжесі, анасы, қызы) бар;
  5. Мұғалім шәкірттеріне: «Сұрақтың жауаптарын білетіндерің оң, білмейтіндерің сол қолдарыңды көтеріңдер» — деген. Сондықтан оқушылардың бәрі бірдей сабаққа атсалысып, атсалысып отырғандай көрінді;
  6. 86 санын аударып оқу керек, сонда 86-ны 12-ге арттырғандағы 98 саны шығады;
  7. 21978 саны 87912-ні 4-ке бөлгенде 21978 шығады;