JOSPARLAR.KZ-Орта мерзімді және Қысқа мерзімді Сабақ Жоспарлар сайты

Сабақ жоспарлар сайты 2018-2019ж

Сан есім

Атырау қаласы

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі

Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі: Қазимова Айгүл Мақсотқызы

  Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы  Сан есім
Мақсаты Сан есім туралы білімді жинақтау.  Сан есімдерді мағыналық түрлеріне, құрамына ажырата білу.
Күтілетін нәтижелер

 

А) Сөйлемде сан есімдердің түрлерін ажырата алады.
В) Сан есімдерді пайдалана отырып, сөйлемдер құрып талдайды.
С)  Деңгейлік тапсырмалар арқылы сан есімді қорытындылайды.
Керекті жабдықтар

 

Интерактивті тақта, бағалау критериясы, бағдаршам , флипчарт, фломастерлер, топтық бағалау
Қолданылатынәдіс-тәсілдер: жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар, топтық жұмыс: постер қорғау; үштік жұмыс, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары, бағалау стратегиялары.
Сабақбарысы:
Сабақ

кезеңдері

Мұғалімәрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе, үй тапсырмасы

(12 мин)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Психологиялық сәт.

Сүйінші сұрау.

 

Кіріспе: Қазақтың  салт- дәстүрінде көп мән — мағына бар. « Мейірімділікті анадан үйрен, әдептілікті данадан үйрен» дегендей, көп әдепті де, тәртіпті де, тәрбиені де қазақтың салтынан үйренуге болады. Себебі, салт-дәстүр тұнып тұрған тәрбие. Бүгінгі ойынымыздың негізгі тақырыбы сол әдет-ғұрып, салт-дәстүрге байланысты болады.

 

3. 4 топқа бөлу.

Мұғалім: Ат қою – қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер беделді  кісілерге қойғызып батасын алған.

Тобымызға  қандай ат қойсақ болады екен?

Қане қазақтың ғұрыптарының бірі «Ат қою»рәсіміне кезек берейік.

1-топ Көгентүр(Көгентүр – бір-біріне жақын туыс, ілік, жұрағат адамдардың баласына ескерткіш сый ретінде берілетін мал. Бұл бала үшін сый-қуаныш болса, оның ата-аналары үшін құрмет көрсетудің белгісі десе де болады)

2-топ Байғазы(Байғазы – балалардың, жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай-заттай сый. Байғазы сұраудың еш артықтығы жоқ)

3-топЕрулік(Ерулік. Басқа жерден көшіп келген көршілерге сол жерде бұрыннан тұратындар ерулік береді, яғни қонаққа шақырады)

4-топКеусен (Кеусен-бұл егіншілікке байланысты айтылатын сөз. Әдетте егін пісіп  мол өнім алғанда егіншілер туған-туысқандары мен ауылдастарына астық береді. Оны кеусен деп атайды)

 

5. «Шашу» дәстүрі арқылы үй жұмысы тексеріледі. Оқушыларға сан есім бойынша өткен материалды қайталап келу тапсырылған болатын. Оқушыларға сұрақтардан шашу шашылады. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Шашу, шашу, шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке ,бұл тойда

Керемет рәсім жасайық!

Шашу – қуаныш айғағы ретінде жасалатын салтанатты дәстүр.

 

Мұғаліммен амандасады.

Кезекші сыныпты түгендейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар топқа қойылған аттың ұлттық салт-дәстүрмен байланысты екенін түсінеді.

 

 

 

 

 

1.Сан есімдер дегеніміз не?

2. Дара сан есім дегеніміз не?

3.Күрделі сан есімге мысал келтір

4.Есептік сан есімнің сұрақтары қандай?

5.Болжалдық сан есім жасайтын жұрнақтар?

6. Шығыс септік жалғауы арқылы жасалатын сан есім?

7.Сан есімнің мағыналық түрлері

8.Реттік сан есімдер араб цифрларымен берілгенде жазылуында қандай ерекшеліктер болады?

9.Күн,жыл аттарын араб цифрымен берілгенде қалай жазылады?

10.Есептік сан есімдерге -ау,-еу жұрнақтары жалғанда қандай өзгеріс болады?

Тұсаукесер

(5мин.)

Қайталау оқу анасы,

Мақалдың бір данасы.

Өткенді еске түсірсең,

Ешкімнің жоқ таласы

Ендеше, балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Сан есімді қайталау».

Сабақтың тақырыбын өздері анықтайды. Күннің жады мен сабақтың тақырыбын жазған соң, топтық бағалау  парақтарымен танысады.
Негізгі бөлім

(23мин)

I деңгей   а)Оқулықпен жұмыс:

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ деңгей. Мәтінмен жұмыс     (интертақта)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жеке жұмыс

 

 

III деңгей-эвристикалық

 

 

Сергіту сәті

 

IV деңгей-шығармашылық деңгей.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Логикалық тапсырма

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекіту

Сауын айту. Бір елде ас, үлкен той болатын болса,  ол кісі күні бұрын жан-жаққа хабарлатып сауын айтады. Бұл жәй шақыру емес, әр ел салт-дәстүрмен, яғни батыр палуанымен, жүйрік атымен, ақын-жыршысымен, сойыс малымен, сабалы қымызымен келсін дегенді білдіреді.

Оқулықпен жұмыс.

1-топқа-130-жаттығу

Берілген есептік сан есімдерден реттік, топтау, жинақтық, болжалдық сан есімдер жасау.

2-топқа – 131-жаттығу

Дара, күрделі сан есімдерді бөліп  жазу.

3-топқа-133-жаттығу

Сан есімдерді сөзбен жазу.

4-топқа-134-жаттығу

Сан есімдерді тіркескен сөзімен бірге жазу.

 

Қалау. Біреудің жақсы малына , затына, мүлкіне көңілі кеткен адам, сол үйге барып қалау қалайды. Дәстүр бойынша үй иесі қалаушы адамға қонақасы беріп, қалағанын орындап қайтаруға тиіс. Бұл жомарттық пен мәрттіктің, сыйластықтың белгісі.

Әр топтан бір оқушы қоржыннан асықтарды таңдап алып, берілген мәтінмен жұмыс жасайды.

1) Ай-жердің серігі. Ай жер шарынан көп кіші: диаметрі жағынан 4есе дерлік, көлемі жағынан 49 есе кіші. Ай бетінде ыстық күндіз 130 градусқа  жетеді. Оның есесіне түнде минус 170 градус аяз болады.

2)Адам организмінде 300 грамдай тұз бар.Ол тұздың қоры термен т.б. шығарылып, тағам құрамындағы тұзбен толықтырылып отырады. Адамға тәулігіне 10-15 грамдай ғана тұз керек. Одан артық пайдалану зиян. Артық тұз гипертония ауруын қоздырады.

3)Тамақ жемеген адам бір айға дейін шыдай алады. Ал сусыз үш күнге ғана шыдайды. Шөлге ең шыдамды жануар-«шөл кемесі» атанған түйе сусыз сегіз тәулікке ғана шыдайды. Машинаның жүруіне жанармай қандай қажет болса, адам денесіне де су сондай қажет. Неге? Ересек адам денесінің жартысынан көбі судан тұрады.70 килограмм ересек адамның бойында 50 килограмм су болады.Егер судың мөлшері кемісе адам өледі. Ал бала денесінде одан да көп. Қырық килограмдық дененің  34 килограмы су, тек 6 килограмы ғана басқа заттар.

4) Ғаламшар — өздігінен жарық шығармайтын, жұлдызды айнала қозғалатын, орталық жарық көзімен салыстырғандағы массасы шағын аспан денесі. Күн жүйесінде9 үлкен планета, 43 планета серіктері, бірнеше ондаған мың кіші планеталар белгілі. Үлкен планеталардың пішіні сфера тәрізді, соған жақынырақ болады. 1930 жылы ашылған және содан бері Күн жүйесіндегі 9-шы ғаламшар саналып келген Плутон мәртебесінен айырылды. Плутон енді шағын ғаламшарлар немесе планетоидтар санатына жатады. Енді тек 8 ғаламшар бар деп есептеледі.

1.       Суретке қарап сан есімдерді қатыстырып, бір-екі сөйлем жаз.

2.       Сан есімдерді құрамына қарай анықта.Жүзінші,бесінші,үшінші,отыз,он,жиырма,алты, мың тоғыз жүз қырық екі,жиырма бес, үш жүз он алты,жиырма екі,он үш.

Аманат-бір адамның екінші біреуге сақтауға берген заттары. Аманатты сақтау, оны мезгілінде қайтару зор адамгершілікке жатады. Аманатқа қиянат жасауға болмайды. Ол өте ауыр күнә деп есептеледі.

Бейне сұрақтар беріледі.

 

4.Тойбастар әні

 

Қолқа салу-екі топ бір-біріне  үйден дайындап әкелген сұрақтарын
қояды? Сұрақ қою реті  кезекпен  болады.

Үш мақсатты ата.

Жол мақсаты-жету, дау мақсаты-біту, сауда мақсаты-ұту.

Үш арсыз.

Ұйқы арсыз , күлкі арсыз, тамақ арсыз.

Үш алыс

Кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын.

Үш биді атаңыз.

Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би.

Үш жүзді атаңыз.

Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.т.б

 

Полиглот

Мақал-мәтел құрамындағы түсіріліп айтылған сан есімді тауып,оны қазақ,орыс,ағылшын тілдерінде айту шарт.

1……. атасын білмеген жетесіз.(жеті)

2..Қызға …. үйден  тию.(Қырық)

3…… жасар бала алыстан келсе,

Алпыстағы қария сәлем берер.(алпыс)

4….. сомың болғанша,…досың болсын.(жүз)

5…ала болса,ауыздағы кетеді.(алтау)

…. түгел болса төбедегі келеді.(төртеу)

6.Білекті бірді жығар,білімді …жығар.(мыңды)

7.Ер жігіттің …. сөйлегені-өлгені.(екі)

8.Жеті рет өлшеп….рет кес.(бір)

9.Білгенің бір…,білмегенің-тоқсан тоғыз.

10.Ел құлағы….(елу)

11…..тістен шыққан сөз…рулы елге тарайды.(отыз)

12.Ер қаруы ….. қару.(бес)

 

1. Әрі зат есім, әрі етістік мағынасында қолданылатын қай сан есім? (жүз).

2. Екі буынды дара сан есімнің соңғы әріпін алып тастаса, бұйрық сан есім шығады. Ол қай сан есім? (жеті)

3. Өз тобыңда қанша бас,көз,құлақ,қол, аяқ,саусақ,бақай барын тез тобыңмен есепте.Құрамына,мағынасына қарай ретте.

4.Оң оқыса да, теріс оқыса да бірдей мағынада айтылатын қай сан есім? (қырық).

5.Жігіттің неше жұрты бар? Атап бер.(Үш жұрты: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты).

6.Жетіге дейін ғана саналатын қай сан есім? (жинақтау сан есімі)

7.Қазақтың ұлттық ойын түрлерін ата. («Қыз қуу», «Көкпар», «Ханталапай», «Алтыбқан», «Сақина салу», «Айгөлек» т.б.).

8.Қырықтарда, үш-үштен, екеу, жүзден бір сан есімдерін мағынасына қарай ажырат. (болжалдық, топтау, жинақтау, бөлшектік сан есімдер)

9.Екі буынды дара сан есімнің соңғы буын алып тастаса бұйрық етістік шығады. Ол қай етістік? (Ал-ты)

 

Сабақты электронды оқулықтың нәтижені тексеру бөлімімен бекіту.

Әр топ өздеріне берілген тақырып бойынша сан есімді қаншалықты меңгергендігін көрсетеді.

 

 

 

 

 

 

Оқушылар мәтінмен жұмыс жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабаққа қатыспай отырған оқушыларға жеке тапсырмалар беріледі.

 

 

 

 

Оқушылар бейне сұраққа жауап береді.

 

 

Қорытынды

(5мин.)

 

 

 

1)Кері байланыс жүргізу.

Оқушылар даналық ағашына кері байланыс стикерлерін іледі.

4)Бағалау: Оқушылар өзін-өзі бағалайды.

Жетістік критерийі:

1.       Сан есімнің түрлерін ажырата аламын.

2.       Сан есімнің жасалу жолын білемін.

3.       Сөйлемдер құрып, талдай аламын.

5)Үйге тапсырма:

1. Сан есімі бар мақал-мәтел жазу

2.Өздері оқыған көркем әдебиеттен сан есімі бар бес сөйлем жазып келу.

3.Сан есімге байланысты  он бес сұрақтан тұратын тест құрастыру.

 Бата беру 

Батамен ел көгереді,

Жауынмен жер көгереді,-демекші  бүгінгі сабағымызды батамен аяқтасақ.

Оқушылар өздеріне не оңай, не қиын, нені білгісі келетіні туралы жазады.

 

 

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасын  жазып алады.

 

 

 

 

 

 

 

Следи за нами в FaceBook.
Все новые статьи и много уникального!
Спасибо, не показывайте мне эту штуку больше!
Қызықты ма?
Сабак жоспары
Друг, не уходи!