«Заманауи сабақ — жеке тұлғаны
дамыту сабағы»
Байкелова Гүлбану
М.Әубәкіров атындағы орта мектептің география пәні мұғалімі
Әр мұғалім өз жұмысының жетістігін көргісі келеді. Ал мұғалім үшін ең жоғарғы дәреже ол — оқушыларының биіктен көрінуі. Бүгінгі күні ол үшін мұғалім заман талабына сай үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Жаңа технологиялармен қарулануы қажет.
Маман ретінде үнемі өз тәжірибемді дамыту — негізгі мақсатым. Өз сабағымда көбінше баланың пәнге қызығушылығын арттыра отырып сыни тұрғыдан ойлауды дағдыландыруға баулимын.
Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және оқушы бойындағы қабілеттілік деңгейінің дамуында жаңа әдіс-тәсілдердің маңызы зор екендігі ғылымда дәлелденген. Жаңа әдіс-тәсілдерді игеруде мен өз тәжірибеме көптеген жаңалықтар енгіздім.Соның ішінде оқушыларды сыни тұрғысынан ойлауына икемдеу өзімнің өткізіп жүрген күнделікті сабағымда жаңа серпіліс пайда бола бастағанын байқадым.
Сыни тұрғыдан ойлау — Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлау» деп сипаттталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Оқу-тәрбиелеу барысында жинақталған теориялық білімімді мектептегі тәжірибе кезеңінде толығымен қолданып келемін.
Әр сабақты ұйымдастыру — рефлексия кезеңдерінде-ақ оқушыларды сындарлы ойлауға бағыттап отырамын. Мысалы психологиялық тренинг ұйымдасқан соң, оқушыларға сабақтың тақырыбын айқындайтын сұрақтар қоямын. Мысалы : Балалар Жер шарындағы ең кіші материк қай материк ?,
Ерекше жануарлары көп қай материк ?,
Б. Саттарханов қай елден чемпион болып оралды? деген сұрақтар арқылы жаңа сабақтың тақырыбын оқушылардың өздері тауып айтады. Рефлексия кезеңінде интербелсенді тақтаға ИНСЕРТ кестесін шығарып, осы уақытқа дейін бұл материк туралы не білесіңдер? деп сұрақ қоямын мұнда оқушылар өздері білетін деректерді келтіреді. Не білгім келеді? сұрағына оқушылардан жауап ала отырып өтетін сабағымның мақсатын өздері ашады. Сонда балалардың сұраққа жауап бере отырып, пәнге жауапкершілігі көрініс табады. Сабақ аяқталар кезге таяу ИНСЕРТ кестесінің толмай тұрған «Мен бүгінгі сабақтан не білдім?»деген сұрағына жауап беру арқылы сабағымды оқушылардың жауаптарымен өздері қорытындылайды. Сол арқылы өздеріне есеп беруге дағдылана бастады. Тіпті сабақта деңгейі төмен оқушылар да бүгінгі сабақ туралы не білгендерін қысылмай айтады. Инсерт кестесін сабақтың әртүрлі кезеңдерінде қолдануға болатыны анықтадым. Мұнда тек кестедегі сұрақтар орнын ауыстырып Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді? деп орналастыруға да болады. Сонда олар 1- 2 сұрақтарға әдеттегідей жауап қайтарады ды, ал 3 — сұрақта оқушыларда ой қалыптасады
» Мен бүгінгі тақырып туралы не білгім келеді?» осы сұраққа жауап беру арқылы олар енді «мен нені білмеуші едім, нені білуім керек» деген сұрақтар арқылы келесі тақырыпта нені меңгеру қажеттігін табады және үйге қосымша тапсырма алады. Мұндай сұрақтар оқушылардың ой — өрісін кеңейтеді деп ойлаймын.Оқушыларға үй жұмысында интернеттен іздену тапсырмалары да қосымша беріліп отырады.
Сабақты түсіну, мәлімет алу кезеңінде интербелсенді тақтадан тізбектелген барлық сабақтарда фотосуреттер, бейне материалдарды т.б көрсетіліп отырды. Ғаламтор сайттар, электронды оқулықтар қолданылады.Интер белсенді тақтаны пайдаланғанда тақырыпқа сай картаның суреттерін, тіршілік дүниесінің ерекшеліктерін, бейне баяндардың қолданылуы оқушыларымның пәнге қызығушылықтарын арттырып, белсенділіктері арта бастады.
Өз сабағымда интербелсенді тақта арқылы картаны, атласты қолдануға мүмкіндік көп. Картамен, кескін картамен орындалатын жұмыстарда «саяхатшылар клубы», «Нысандардың орнын тап» ойын арқылы сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған тапсырмалар оқушылардың өздігінен жұмыс жасауын қалыптастырады. Картамен атқарылған жұмыстарда нысандарға қосымша мәлімет бере отырып көрсетуі олардың пәнге жауапкершілігін арттырғандығы және мәліметті табу жолындағы өздігінен ізденісі. Себебі әр ұстаз өзінің жақсы көрсеткішке жетуін, пәніне оқушыларының қызығуын қалайды.
Сындарлы ойлауға арналған тапсырмаларда «Мәтіннің локаникалық негізін табу» ой тұжырымдау, Венн диаграммасын география сабағында қолданған өте ұтымды. Бұл тапсырмаларда оқушылар салыстыру, ой жинақтау жұмыстарын атқарады.
Сонымен қатар мәтінге байланысты сын тұрғысынан ойлауға бағыттылған тапсырмалар : «Тірек-сызбаларды аяқтау», «Ертегі құрау»,
«Де Боно» әдістері болды. «Ертегі құрауда» оқушылардың ой ұшқырлығына, өткен материктер тарихымен байланыстыруына, сөз мәнерін дұрыс қоюына жетелейді. Менің ойымша, сабақты түрлі әдістермен қаруландырып отырса, онда оқушылардың білім сапасына үлкен оң көрсеткіш берері анық.
Сабақ үстінде оқушыларымның өздігінен ойлап жұмыс жасауына, ойын тұжырымдап сындарлы ойлауға арналған тапсырмаларды сабақтың ой қорыту кезеңінде де қолданамын. Олар, Мысалы: түрлі тесттер, «Материктің паспорты» тапсырмаларында оқушылар өз ойларын жеткізуге машықтанады. Бір- бірімен, топпен, мұғаліммен диалог құрып жұмыс жасайды.
Өткен тақырыптарға шолу кезеңдерінде «Даналық ағашы», «Миға шабуыл»- «Стикермен диалог» — әдістерін қолданамын. Бұл тапсырмаларда Мысалы: «Даналық ағашында» ілінген, алма жемісіне балаған сұрақтарға жауап беруге оқушыларым дағдыланды. Бұл әдіс арқылы «оқушы мен оқушы» диалогі қалыптасты.
Сабақта оқушылардың білімін бағалауда «бағалау прақшасында» көрсетілген критерийлердің бәріне жауап берсе, онда оқушы бүгінгі сабақтың мақсатына жете алады, жақсы баға ала алады Өз сабақтарымда бағалау парақшаларын және пәнді бағалау критерийлерін жеке дайындап отырамын. Бағалау кезеңдерінде топты бағалау, өзін-өзі бағалау тәсілдерін қолданамын. Осы өлшемдер арқылы бағалау тәсілінің тиімділігі — оқушы бойында жауапкершілік артады, сыни көзқарас пайда болады, топты назарда ұстауды үйренеді, жан-жағын бақылау қасиеті қалыптасады.Осылайша сын тұрғысынан ойлау жүйесімен жұмыс жасау — мұғалімнің кәсіби шығармашылығына жаңа серпіліс әкелетініне сенімдімін.
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясымен оқыту оқушыларға мынадай оң мүмкіндіктер береді:
- оқушы мұғалімге деген тәуелділіктен арылады;
- білімге деген жауапкершілік, құштарлық пайда бола бастайды;
- оқушылар өздігінен білім алуға және бір-бірін жетелеуге талпынады;
- оқушы сабақ туралы жәй ғана мәлімет алып қоймай, шығармашылық дамуға бағыт алады;
- оқушылардың тіл байлығы артады, өз ойын жеткізе алуға дағдыланады;
Алматы облысы
Алакөл ауданы
Екпінді ауылы

