JOSPARLAR.KZ-Орта мерзімді және Қысқа мерзімді Сабақ Жоспарлар сайты

Тәуелсіздік тірегі білімді ұрпақ

 

 

Атырау облысы, Атырау қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Ахметова Лиза Темірханқызы

 

Сайыстың тақырыбы:     «Тәуелсіздік тірегі білімді ұрпақ» атты

интеллектуалды сайыс

           Сайыстың мақсаты:

  • Оқушылардың ой-өрісін тереңдете отырып,білім-білік

дағдыларын қалыптастыру;

  • Креативті ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту;
  • Тапқырлыққа,зеректікке,шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта ,слайдтар, көрнекіліктер

                                                           Сайыстың жоспары:

  1. «Бәйге» кезеңі
  2. «Полиглот» кезеңі
  3. «Дода» кезеңі
  4. «Жорға» кезеңі

 

Жүру барысы:

              Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар,оқушылар және көрермендер!  Баршаңызда 6 «а», 6 «б» сыныптары арасындағы  «Тәуелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ» атты интеллектуалды

сайысқа қош келдіңіз! Бүгінгі шәкірт-ертеңгі азамат. Сол азамат бойында     тапқырлықты  қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.  «Білімді азамат-ел ертеңі», «Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар» деген халықтың даналық сөзі бар.Білімнің мазмұнын  Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Біз өмір бойына жететін білім алып өту  моделіне көшуге тиіспіз.Болашаққа біліммен қадам басып,лайықты

қолтаңбамызды қалдырайық» деп айтып отыр.Білімді адам еш нәрседен қорықпайды,мазасызданбайды.Ендеше оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,есте сақтау қабілетін шыңдайтын,білімге қызығушылығын арттыратын                          «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ» атты сайысымызды бастаймыз. Сайыстың қатысушыларымен таныстыра кетсек:

  1. 6а-сынып оқушысы- Жұмабек Ернар
  2. 6б-сынып оқушысы – Кужагалиева Анар
  3. 6а-сынып оқушысы – Құрамысова Гүлдана
  4. 6б-сынып оқушысы – Жамбыл Дастан
  5. 6а-сынып оқушысы – Боранбаева Айдана
  6. 6бсынып оқушысы – Бисембай Бек
  7. 6а-сынып оқушысы – Тынышбекова Эльза
  8. 6б-сынып оқушысы – Совет Саят
  9. 6а-сынып оқушысы – Сұлтанова Дильназ
  10. 6б-сынып оқушысы – Жексенбаева Гүлбану
  11. 6а-сынып оқушысы – Нәдір Нұрасыл
  12. 6б-сынып оқушысы – Ибатоллаева Ұлданай

 

Жүргізуші:

Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ-қазылар алқасымен  таныстырамыз.

Енді сайысымыздың негізгі бөлімдерімен таныстырар болсам:

Сайысымыз 4  кезеңнен тұрады:

 

  1. «Бәйге» кезеңі
  2. «Полиглот» кезеңі
  3. «Дода» кезеңі
  4. «Жорға» кезеңі

 

Жүргізуші:

Сайыс-толқын айналған қатты ағысқа,

Танылғандай таным да,жат дауыс та.

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу кейін қалады аптығыста.

 

Сайыс толқын жатқандай асып-тасып,

Біреу мығым,біреулер шалыс басып.

Бұл сайыста байқалар шапшаңдық,

Жеңсең де,жеңілсең де қалма жасып- деп, сайысқа қатысушы оқушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы кезеңін бастасақ.

1 кезең Бәйгеде  сұрақтар беріледі.  Сұраққа бірінші болып жалаушаны көтерген оқушы жауап береді.  Жауап бере алмаса келесі оқушы жауап бере алады. Әр жауап 3 баллдан есептеледі. Ұпайы аз  2 оқушы ойыннан шығарылады.

 

  1. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш?
  2. “Аяз би” – қандай ертегі?
  3. Тәулік ішіндегі ең жоғары, ең төменгі температура айырмасы не деп аталады?
  4. Адамзат қоғамы туралы ғылым?(тарих)
  5. Диаметрдің жартысы?
  6. Заттың түрін, түсін, сапасын, көлемін білдіретін сөз табы?(сын есім)
  7. Жай сан деп қандай сандарды айтамыз?
  8. Өсімдіктің жерасты мүшесі мен жерүсті мүшелерін жалғастыратын орталық тірек? (сабақ)
  9. Құрама сандар деп қандай сандарды айтамыз?
  10. Екі не бірнеше адамның сөйлесуі?
  11. Тарихтың атасы?(Геродот)
    8. Шілікті қорымын 1960ж бастап зерттеген ғалым? (С.С.Черныков)
    9. Металлургия орталықтарын ата. Жезқазған, Нарын мен Қалба жоталары
    10. Мыс пен қалайының қосындысы не деп аталады? қола
  12. Орфография және орфоэпия дегеніміз не?

12.Күн энергиясының қатысуымен болатын құбылыс? (фотосинтез)

13.Тынық мұхиты суының орташа температурасы? (19,4гр сельси)

  1. Конституция қай жылы, қай күні қабылданды? (1995 жылы, 30 тамыз)
  2. Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі (тас дәуірі

 

Жүргізуші:

Ең қиыны жарыстың енді келді,

Мықтылары қалыпты жеңсін енді.

Тез қимылда ойланып,тұрып қалмай,

Осы ойыннан көрейік ерен ерді-дей отыра сайысымыздың келесі кезеңіне ауысамыз.

2 кезең «Полиглотта» әртүрлі сұрақтар беріледі. Оған оқушылар қазақ-орыс-ағылшын тілінде жауап беруге тиіс. Қазақ және орыс тілдерінің жауаптарына бір-бір балдан беріледі, ағылшын тілінде берілген жауапқа 3 бал беріледі. Толық жауапқа 5 бал. Бұл кезеңде балы аз 2 оқушы келесі  кезеңге өте алмайды.

 

  1. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі (көктем – весна)
  2. Мұрты бар иегінде сақалы жоқ,
    Тоны бар, киеріне шапаны жоқ.
    Пайдасы үй ішінен табылған соң,
    Далаға кіріп – шығар сапары жоқ. (мысық – кошка)
  3. 11 түйе,5 жылқы,

2 сиыр, 2 ешкі,

2 қоян, 3 түлкі,

Таба алмасаң,бол күлкі!          (25 )

  1. Жүз теңгең болғанша, жүз… болсын (дос – друг)
  2. Аулада бес үйрек,

Қорада үш үйрек.

Бір үйрек тығылды,

Бір үйрек жығылды,

Қалғаны неше үйрек?           (6)

  1. Футболшының алаңдағы ойын заты (доп – мяч
  2. Жеті қазынаның бірі (ит – собака)
  3. Екі бала көзін басты,

Бес бала тұра қашты.

Үшеуі  сайға тығылды,

Екеуі ойға тығылды.

Қанша бала тығылмақ,

Ойнайды екен,жылдам тап!       (12 )

  1. Әр адамның шағын отаны (отбасы – семья)

 

  1. Бас-біреу,

Қас-екеу,

Жүрек-біреу,

Білек-екеу,

Мұрын-біреу,

Бұрым-екеу,

Барлығы нешеу?          (9 )

  1. Қабат – қабат қаптама, ақылың болса аттама (кітап – книга)

 

  1. Тал басында тізіліп,

Он жапырақ тұр еді.

Жел соқты да,үзіліп,

Ұшып кетті біреуі.

Ізінше оның жұлынып,

Түсті тағы бесеуі.

Тұр әлі де ілініп,

Жапырақтың нешеуі?         (4 )

 

Жүргізуші:

«Білікке сенер заманда – ешкімге есе бермедік,

Билікке сенер заманда – қапы қалып жүрмейік.»

Ертеңгі келер күннің нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш – тек білімге тән. Олай болса, оқушылардың білімін таразылайтын «Дода» кезеңін бастаймыз.

3 кезең  «Дода»  кезеңінде оқушылар әр тор көзден өзі білемін деген тор көзді таңдайды. Егер жауап берген жағдайда сол балдық жүйе беріледі.  Бұл кезеңде балы аз 4 оқушы ойыннан шығады.

 

 

 

 

 

 

 

Логика бөлімінің тапсырмалары:

  1. Бір жанұяның 3 ер баласы және олардың әрқайсысының қарын-

дасы бар.Жанұяның қанша баласы бар?

  1. Мектеп ауласында 18 шырша өсіп тұр.Тағы да 4 емен және 3 шырша отырғызылды. Мектеп ауласында барлығы неше шырша бар?

Бәйге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда, — дегендей  міне, Жорға кезеңіне де келіп жеттік.

4 кезең «Жорғада» балы жоғары 4 оқушы қалып сайысқа түседі. «Жорға»  кезеңінде оқушылар берілген суреттерге ұқсастықтарды тауып, бір сөз шығарады.

 

Оқушылардың ұпайлары тең келген жағдайда берілетін қосымша тапсырмалар:

  1. Мемлекеттік рәміздеріміздің бірі, желбіреген көк туымыздың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
  2. ҚР Әнұранының әнін жазған белгілі композитор кім? (Ш. Қалдаяқов)
  3. Республика Қарулы Күштерінің жоғарғы қолбасшысы (Н. Назарбаев)
  4. ҰОС қатысып ерлікпен қаза тапқан шығыстың қос жұлдыздары кімдер (Әлия мен Мәншүк)
  5. Жаздыгүн шілде болғанда,
    Көкорай шалғын, бәйшешек
    Ұзарып, өсіп толғанда;
    Күркіреп жатқан өзенге
    Көшіп ауыл қонғанда; өлеңінің авторы кім? (Абай)
  6. Қазақ жерін жоңғарлардан түпкілікті тазарту жолындағы күресті басқарған кім? (Абылай хан)

Жүргізуші:

Келесі сөз кезегін қазылар алқасына береміз. (қазылар алқасы өз шешімдерін шығарғанша әсем әнмен көңіл көтере отыралық!)

 

Бойларында от бар екен байқадым,

Жүректерде шоқ бар екен байқадым.

Әрқашан да осы шоқты өшірмей,

Жалындатып шарықтаңдар әрдайым.

 

Өрендер, өрлей берсін өнерлерің,

Айналаң бәрі сенің көрерменің.

Тілеймін дәл осылай барлығынның

Тек қана биіктерден көрінгенің- деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Назарларыңызға рахмет!

 

QazCrypto.kz - Новости о криптовалютах в Казахстане