Сабақ жоспары
| Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7. 2 В | Мектеп: №31 мектеп-гимназия | |
| Күні:25.08.17 | Мұғалімнің аты-жөні:Маликова Ақмарал | |
| Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |
| Сабақ тақырыбы | Жану | |
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 7.3.1.3 Заттың жануы мен жануын сипаттау реакциясының өнімдерін атау. | |
| Сабақ мақсаттары | Заттың жану процесін түсініп, реакция өнімдерін атау. Қарапайым заттардың жану реакциясын сөзбен жаза алу Жану өнімін анықтай алу, Кейбір заттардың жану реакциясын сөзбен жаза алу Күрделі заттардың жану өнімдерін болжай алу; | |
| Дағдылар | Білу және түсіну Қолдану | |
| Бағалау критерийлері | -заттың жағуға қажетті жағдайлар мен жану реакциясының өнімдерін білу -жанудың басталуы мен оны тоқтату және өртті болдырмау шараларын күнделікті өмірде қолдану. -Заттың жану белгілерін сиаттайды -Жану реакциясының өнімдерін атайды -күрделі заттың жану өнімдерін біледі | |
| Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: Пәнге қатысты арнайы лексиканың көмегімен заттардың тұтануға арналған сынақ нәтижелерін ауызша салыстыру Оттек , оксид, тез тұтанатын, өртке қауіпсіз, жану, сынау, жанармай, жанбайтын, тұтану, жану өнімдері, отын, тұтану көзі, өртсөндіргіш От жануы үшін қойылатын талаптар … …-сыз от жана алмайды, себебі • Отпен күрес кезінде … пайдаланбау маңызды, себебі … • Өрт сөндіргіш …Отпен күресте оңтайлы, себебі … • Отпен күрес тәсілдері … болдырмаудан тұрады
| |
| Құндылықтарды дарыту | Осы сабақта оқушы : орындай алады: Топтық жұмыс жасау барысында білім алушылар арасында қарым-қатынас орнатылады. Топ жұмысы- ұжымшылдық, ортақ істің нәтижесіне жауапкершілік, жеке жұмыс- өмір бойы білім алу, өз бетімен жұмыс кезінде ұқыптылыққа баулиды. | |
| Пәнаралық байланыстар | Физика,жаратылыстану,биология | |
| АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақта, презентация, бейнебаян | |
| Бастапқы білім | Жаратылыстану курсынан алынған білім. | |
| Сабақ барысы | ||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
|
Сабақтың басы 1 минут
Жеке жұмыс 2 минут
4-5 минут
6-8 минут
Жұптық жұмыс
Сабақтың ортасы
9-10 минут
11-18 минут
19-22 минут
23-27 минут
28-30 минут
Топтық жұмыс
31-35 минут
36-38 минут
| Ұйымдастырушылық кезең | Журнал
Кесте ақ тақта, маркерлер
Суреттер,
http://scienceland.info/chemistry8/combustion
http://delta-grup.ru/bibliot/97/109.htm
http://scienceland.info/chemistry8/combustion
http://delta-grup.ru/bibliot/97/109.htm
|
| І. Ұйымдастыру бөлімі Оқушылармен амандасып, оларды түгендеп сабаққа дайындығын тексеру. Мұғалім әр оқушыларға жеке-жеке кесте толтыруды береді
тапсырма. (Топтық жұмыс). «Миға шабуыл» суреттерді пайдаланып, өз тұжырымыңды жаса. (Кілтті сөздер) «Шіру», «тотығу», «баяу тотығу», «жану», «мұнай», «газ», «көмір», «бензин»
Бағалау критерийі: Дескриптор:
Оқушылар тыныс алу өнімдері туралы өз ойларын айтады. Тыныс алуға ауада тек оттек ғана қатысатыны. Сіңірілген оттек адам организіміндегі қоректік заттардан енген қосылыс глюкозаның қатысында көмірқышқыл газі мен су бөлінетінін, сондайақ энергия бөлінетінін айтады.
Ойлан: Парафиннің жануы мен тыныс алу бір типтегі реакциялар ма? Кез-келген отын жанғанда көмірқышқыл газі мен су түзілеме?
Оқушылар отын, отынның түрлері және отынның жану өнімі туралы туралы өз білімдерін бөліседі. Олар 3 топқа бөлініп постер жасау керек.
Олар қатты, сұйық, газды отындардың жану өнімі көмірқышқыл газі мен су және қалдық заттар(ағаш жанганда күл, қара күйе)болатынын. Алайда жылу сиымдылығы әр түрлі болатынын шағын тәжріибелік жолмен көре алады.. Алдыларындағы газды, спиртті және парафинді жанарғыны қолданып, 50 мл су құйылған стаканды қыздырып, үш жанарғыда судың қайнау уақытын салыстырады. Жасаған шағын зерттеу жұмысын ортаға салып қорытынды жсайды. Бұл кезде мұғалім жетекшілік етіп отыру керек. Қорытынды: Отын + оттегі → көмірқышқыл газі + су+энергия Тыныс алу мен жану реакиясының ортақтығы екеуі де оттек қатысында жүреді, жану өнімдері бірдей. Айырмашылығы: реакция жылдамдығы әр түрлі, жануда жарық бөліне жүреді. Жану реакциясы жарық және жылу бөліне жүретін реакция. Кез-келген зат жанғанда жану өнімі бірдей болады ма???
Көрсетілім бойынша зерттеу жүргізу.
Өз бетімен зерттеу, салыстыру жүргізе алады;
Оқушылар көрсетілім бойынша жұппен жұмыс орындайды. Жұпта отырып көрсетілім бойынша жүргізілген тәжірибеде күкірт, ағаш көмірі және темірдің оттекте және ауада жану реакцияларының салыстырып, жану өнімдеріндегі айырмашылыққа баса мән беріп өз ойларымен бөліседі. Заттардың оттекте ауаға қарағанда жақсы жанатындығын дәлелдер келтіру арқылы түсіндіре алады;
Қорыта келгенде, жану өнімі тек көмірқышқыл газі мен су ғана емес, оксид те түзіле алады. Күкірт + оттек→ күкірт оксиді Магний + оттек → магний оксиді Темір + оттек → темір оксиді. Оксид- жану өнімі. Оттек және элементтен тұратын екі атомды бинарлы қосылыс. Жалпы формуласы ExOy Бейметалдардан тұратын оксид қышқылдық, металдардан тұратын оксид негіздік оксид деп аталады.
Жану үшін не қажет???
Жанудың үш құраушысы: отын, тұтану көзі, оттек. бекіту: · оттың үш құраушысы отынның тез жануын ескереді; · оттың жануы үшін үздіксіз оттекпен қамтамасыз етілуін ескереді; · тұтану көзінің қажеттілігін ескереді;
| ||
| Сабақтың соңы | Сабақтың соңы Кері байланыс «Блоб ағашы» оқушылардың бүгінгі сабақтан алған әсерін және тақырыпты түсінгенін анықтау
Сабақ соңында сыныпқа «Блоб ағашы» рефлексиясын оқушылардың бүгінгі тақырыпты қалай түсінгендігін және алған әсерін, көңіл- күйін анықтау мақсатында жүргізіледі. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: — нені білдім, нені үйрендім — нені толық түсінбедім — немен жұмысты жалғастыру қажет
Үй тапсырмасы : Үй жұмысы: Теледидардан кино бағдарлама көріп жатырғанда, бөлме ішінде түтіннің иісі пайда болды. Сіздің іс әрекетіңіз? Сіз көшеде келе жатқанда, қоқыс жәшігінінің жанында сөндірілмеген темекі қалдығын көрдіңіз. Сіздің іс әрекетіңіз? Сіз бөлмеде жалғыз қалдыңыз. Бір мезетте розеткада қысқаша тұйықталу болып, өрт шықты. Іс әрекетіңіз?
http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669b797d-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/2_5.swf | Тақтаға арналған стикерлер
http://www.smekalka.pp.ru/physics/answer_physics_23.html
|
| Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
| Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары |
| Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |
| Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||

