JOSPARLAR.KZ-Орта мерзімді және Қысқа мерзімді Сабақ Жоспарлар сайты

Сабақ жоспарлар сайты 2018-2019ж

 «Ана тілің – арың бұл!» атты мәнерлеп оқу сайысы

 «Ана тілің – арың бұл!» атты мәнерлеп оқу сайысы

Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт – дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой – өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту.

I – жүргізуші:
Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!

II – жүргізуші:
Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған мәнерлеп оқу сайысын ашық деп жариялаймыз!
Сайысқа қатысушы 5,6,7-сынып оқушыларын шақырамыз

(Әнұран)
І – жүргізуші:
Қайта туды қазағымның ай – күні,
Күннен – күнге асар ма екен айбыны?
Жетпіс жылда өтті талай кешуден,
Қатар көріп шаттық, табыс, қайғыны.

ІІ – жүргізуші:
Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не басқаның өлшемінің.
Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,
Енді міне жетеді көпке үнім – дей келе, мәнерлеп оқу сайысына қатысушыларды таныстыра кетейік. Бұл сайыс 5,6,7 – сыныптар арасында өтеді.

Ең алдымен сайысымызды бастамас бұрын әділ – қазылар алқасымен таныстырайын:

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері: Байсариева Г, Набиева Ғ, Аккаюпова М.

Сайысымыздың жүрісімен таныстыратын болсам, сайысымыз 3 кезеңнен тұрады:

І кезең. Қазақ тіліне қатысты өлеңдерді нақышына келтіріп, мәнерлеп айту. (қай топ нақышына жеткізіп, мәнерлеп оқып, өлең саны көп болса, сол топ жеңімпаз)
ІІ кезең. Мақал – мәтел сайысы. Мұнда да туған жер, Отан, ел тақырыбында айтылған мақал – мәтелдің айтып жарысады
(бұл сайыста әр топ берілген уақыт ішінде көбірек мақал – мәтел табу керек. Қай топ көбірек табады, сол топ жеңімпаз)
ІІІ кезең. Кез – келген бір ақынның өлеңін мәнерлеп жатқа айтып беру керек.

І кезең.
І – жүргізуші:
Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ – ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың.
( Әр топ шығып өлеңдерін оқиды.)

ІІ кезең. Десек те, жаңа өмір, жаңа заман,
Жақсы ғой бірін – бірі бағалаған.
Түйсіксіз тайлақтардан сақта, Құдай,
Тайраңдап алды – артына қарамаған.
Қарағым, ата – бабаң момын халық,
Өтіпті бір – бірінің жолын бағып,
Өсиетін бабаңның орындай сал,
Одан ешкім кетпейді тоныңды алып. – деп Мұқағали ағамыз айтқандай, ендігі кезекті мақал – мәтел сайысына берейік.

ІІІ кезең. Өзгеге көңілім, тоярсың
Өлеңді қайтып қоясын.
Сені айтқанда толғанып,
Іштегі дертті жоярсың – деп ұлы ақынымыз Абай атамыз айтқандай ІІІ кезең өлеңдерге беріледі. Кез келген бір ақынның өлеңінен үзінді оқып беру.
Қорытынды: Осымен мәнерлеп оқу сайысымыз аяқталды. Сайысқа қатысқан «Боранқұл орта мектебінің» ата-аналары мен оқушыларына белсенділік көрсетіп қатысқандары үшін көптен – көп рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

«Боранқұл орта мектебі» КММ

 

 

 

 

Ана тілің – арың бұл

Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған

мәнерлеп оқу сайысы

 

Өткізген Набиева Ганибет

 

 

 

 

 

2017-2018 оқу жылы