М.Мақатаев. Отан туралы
| Пәні: әдебиеттік оқу | Сабақ № 38 | Күні: 11.11 | Сынып: 2в | |||||||||||||||
| Сабақ тақырыбы | М.Мақатаев. Отан туралы
| |||||||||||||||||
| Сабақтың мақсаты | Қазақтың біртуар ақыны М. Мақатаев туралы, оның шығармасы жайлы түсіну. Өлеңнің мазмұны мен негізгі ойды анықтау.
| |||||||||||||||||
| Күтілетін нәтиже | — Өлеңді мәнерлеп оқиды — М.Мақатаев туралы мағлұмат алады — Өлеңнің құрлысын талдайды — Автор Отанды неге теңейтінін анықтайды — Өлеңдерді салыстырады_ Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Ыстық орындық», «Тұжырымдамалық карта».СКТ, «Ойлан-жұптас-бөліс», «Жұдырық-алақан» Сабақтың көрнекілігі: Отан туралы мақалдар, слайд, бейнекөрініс, жалаушалар, Суреттер, стикер, ашық журнал, тілек ағашы | |||||||||||||||||
| Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | уақыты | |||||||||||||||
| Психология лық ахуал | І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Шаттық шеңбер жасап , көңіл-күй сыйлау. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Топқа түсті жалаушамен 4 топқа бөлінеді. Топтағы оқушыларға түсті таңдауына қарай психологиялық мінездеме беру. Топ басшысын сайлату.
| Оқушылар шаттық шеңберінде тұрып қосылып бірге айтады. Күндей жадырап, Күлкіменен түлейік Күлкі көңіл ашады Күліп өмір сүрейік. Топқа бөлінеді, топ басшыларын сайлайды. | 3 мин | |||||||||||||||
| Білу. «Ыстық орындық» | ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау 1. «Отан» өлеңін жатқа айтып беру 2. Туған жер, Отан туралы эссе жазу | Өлеңді мәнерлеп жатқа айтады Эсселерін оқиды. | 7 мин | |||||||||||||||
| Қызығушылығын ояту Түсіну
| «Ойлан тап» Мақал құрастыр. 1.Басталады, отбасынан, Отан. 2. ыстық, да, оттан, Отан. 3. сүю, парыз, Отанды. 4. Туған, туың, тік, жерге.
| Мақал құрастырады, не туралы екенін айтады. Жаңа сабақтың тақырыбын ашады. Автор өмірімен қысқаша танысады. | 2 мин | |||||||||||||||
| Жаңа сабақ тақырыбын ашады. Автор туралы .(1931 — 1976) түсінік алады М. Мақатаев қаламынан «Қарлығашым, келдің бе?», «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің», «Өмір — дастан» , «Соғады жүрек», «Шолпан», «Жырлайды жүрек», «Өмір — өзен» т. б. жыр кітаптары бар.
| 3 мин | |||||||||||||||||
| Қолдану Талдау
Сергіту сәті. | Өлеңді мәнерлеп оқыту. Топтық жұмыстар беру. 1. Отан туралы бір шумақ өлең, 6 мақал айту 2.Сатылай кешенді талдау. 3.Отан деген не? Сұрағына сызбамен жазып көрсеткізу 4.Отанға, аспанға, тауға, гүлге қатысты көркем сөздерді тауып дәптерге жазу. Әр топ өз жүмыстарын көрсетеді.
«Кел, қыдырып қайтайық» | Өлеңді жағалай оқиды. 1- топ Отан туралы бір шумақ өлең, 6 мақал айтады. 2- топ. Өлеңді талдайды. -Өлеңнің авторы: -Негізгі тақырыбы: -идеясы -шумағы — үш -тармағы- он бір -буыны – 11 буынды 3- топ. Отан деген не? сұрағына берілген сөздермен сызбаны толтырады. 4- топ. Отанға, аспанға, тауға, гүлге қатысты көркем сөздерді тауып дәптерге жазу.
| 15 мин
2мин | |||||||||||||||
| Жинақтау | -Өлеңді қандай дауыспен оқу керек деп ойлайсың? Неліктен? Осы екі автордың өлеңдерін салыстыру. Әр топ өз ойларын айтады.
Үйге тапсырма • Өлеңді жаттау; • «Туған жерім – Таразым» тақырыбында эссе жазу
| 8мин | ||||||||||||||||
| Бағалау | «Жұдырық-алақан» арқылы топтар бір-бірін бағалайды. Әр топ басшысы топ мүшелерін бағалайды. «Ашық журналға» әр тапсырма сайын бағалап отыру. Кері байланыс. «Тілек ағашы» Сабаққа түсінсе ағаштың бұтағына іледі. Түсінбесе түбіне жапсырады. | 5 мин | ||||||||||||||||
Рефлексиялық есеп
Бүгін 11. 11 2016 күні өз 2в сыныбымда әдебиеттік оқу пәнінен фокус тобының құруы бойынша жасаған жоспармен сабақ өткіздім. Сабақтың тақырыбы Мұқағали Мақатаевтің «Отан туралы» өлеңі болатын. Сабағыма жаңа әдіс –тәсілдерді «Ыстық орындық», «Тұжырымдамалық карта», «СКТ», «Ойлан-жұптас- бөліс», «Ойлан, тап» әдістерін қолдандым, ал бағалау үшін «ашық журнал», «Алақан- жұдырық» , бағалау парақтарын түрлендіре отырып қолдануға тырыстым. Өйткені сынып бұл әдістерді көбірек жаттыға берсін деп ойладым. Әрі қай әдіс-тәсілдің тиімдірек болатынын білгім келді. Сабақтың тақырыбы «Отан» болғандықтан түсті жалаушалар арқылы топтарға бөлдім, түске байланысты психологиялық мінездеме беріп кеттім. Бұл балалар үшін қызықты болды. Үй тапсырмасын «Ыстық орындық» арқылы жазып келген эсселерін оқытуды жөн көрдім, бұл сәтті болды.Өйткені оқушылардың арасынан шығып өз жазбаларын оқу олар үшін жауапкершілігінің жоғарылағанындай сезілді. Сатылай кешенді талдауды жаңадан үйреніп жатқандықтан сынып оқушыларында аздап қиыншылық кездесті. Бұл әдісті үнемі қолдану арқылы балаларды толық үйретемін деп алдыма мақсат қойдым. Алған әдіс- тәсілдерім балалар үшін жас ерекшеліктеріне сай болды. АКТ-ны пайдаланып, жаңа сабақ бойынша жаңа мәлімет бергенімде балалар үшін тиімді болды, себебі өздері тыңдап, көзбен көргеннен кейін балардың есінде жақсы қалды. Сынып топпен жұмыс жасауға үйреніп қалған. Әлі де болса сыныпта бәсекелестік орын алады. Бұл балалардың өзім жасаймын, өзім бірінші боламын деген ойынан болды деп ойлаймын. Кері байланыс арқылы сабақтың оқушыларға түсінікті әрі қызықты болғанын білдім.
Бұл сабақтың сәтті тұстары:
- Алған әдіс- тәсілдердің жас ерекшеліктеріне сай келуі;
- АКТ- ның сәтті қолдануы;
- Ашық журналды қолданудың балалардың жауапкершілігінің артуына септігін тигізуі.
Сәтсіз жақтары:
- Топ мүшелерінің арасында бәсекелестіктің болуы;
- Өз ойларын жеткізуге тілдерінің жетпеуі, сөздік қорының аздығы;
- Топтық жұмысқа барлық топ мүшелерінің белсене қатыспауы;
