Қысқа мерзімді жоспар
| ||||||||||||||||||||||||
| Сабақ тақырыбы | Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?» әңгімесі. Әжеге барайық | |||||||||||||||||||||||
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес) | 5Т/Ж2 Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау | |||||||||||||||||||||||
| Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар орындай алады: әңгіменің тақырыбын анықтайды, мұғалім көмегімен идеясын анықтайды Оқушылардың көпшілігі орындай алады: әңгіменің тақырыбы мен идеясын анықтайды Кейбір оқушылар орындай алады: шығарманың идеясына байланысты ерекше пікір білдіреді | |||||||||||||||||||||||
| Бағалау критерийі | — әңгімедегі негізгі тақырыпты дұрыс анықтайды; — идеясын өз көзқарасы негізінде жеткізеді | |||||||||||||||||||||||
| Тілдік мақсаттар | Оқушылар орындай алады: әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын талқылайды Пәнге қатысты сөздік қор мен термин: тақырып, идея, ұршық, кимешек, мәсі, шылауыш, сөзуар, нанымды, бүйректен сирақ шығару Диалог пен жазу үшін қолданылатын тіркестер: қос тентек, елден келген шешей, ертегі, дастарқан басы, қайтар жол, нағыз әже | |||||||||||||||||||||||
| Құндылықтарға баулу | Отбасы құндылықтарының маңыздылығы туралы түсініктерін тереңдетеді. Отбасындағы әженің орны мен рөлі туралы түсінік қалыптасады | |||||||||||||||||||||||
| Пәнаралық байланыс | Сабақта АКТ пайдалану арқылы информатика, «Әже» тірек сызбасын толтыру арқылы өзін-өзі тану, «Бес жолды өлең» әдісі арқылы қазақ тілі пәндерімен байланыс орнатылады | |||||||||||||||||||||||
| Алдыңғы білім 4 мин. | «Автор орындығы» әдісі. Өтілген мəтіннің кейіпкерін сомдайтын оқушыны таңдаймын. Сыныптың қалған бөлігі бұл «кейіпкерге» кезек бойынша сұрақ қояды, ал ол сол кейіпкер сияқты жауап беру керек. Мен «кейіпкерге» Аяны таңдадым. Сұрақтар: 1. — Папаң сендерге қандай ертегі айтып беретін еді? 2. — Сендерге әже не үшін керек болды? 3. — Қонақтағы әже не үшін сенің көңіліңнен шықпады? 4. — Нағыз әже қандай деп ойлайсың? | |||||||||||||||||||||||
| Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||
| Сабақтың басы 9 мин. | Мұғалімнің кіріспе сөзі. Оқушыларды «Шашу, шашу» тәсілімен топқа бөлу. Сынып шашылған кәмпиттің қағаздарына қарап топқа бөлінеді. «Шашу» дәстүрі туралы не білесің? (қосымша ақпарат) — Өткен сабақта біз «Нағыз әже қайда?» әңгімесінің сюжеті мен фабуласына тоқталсақ, бүгінгі сабағымыздың мақсаты осы әңгіменің тақырыбы мен идеясын анықтау. Тақырып – жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы болса, идея – жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы. Ширату жаттығулары. Берілген суреттерден әңгімеге сай келетін тақырыпты анықтаңыз 1 2 3 4 5 6
Дескриптор: — Оқушылар суреттерден әңгімеге сай тақырыпты анықтайды. ТЖ. «Топтастыру» әдісі. Әже бейнесін шығарма мазмұнымен байланыстыра отырып, сызбаға түсіріңіз
Дескриптор: — берілген сурет нұсқаларының ішінен әңгімеге сай келетін тақырыпты белгілейді; — әже бейнесін шығарма мазмұнымен байланыстыра отырып, сөздерді сызбаға түсіреді. ҚБ. Өзара топтық бағалау. Күлегештер арқылы топтар бірін-бірі бағалайды | Кәмпиттер, тәрелке
Ұялы телефон (ғаламтор)
Интербелсенді тақта, суреттер
Флипчарт, маркерлер
| ||||||||||||||||||||||
| Сабақтың ортасы 23 мин. | ТЖ. «Джигсо» әдісі бойынша топтағы оқушыларға әңгімеден үзінділер беріледі. Үзіндіні оқып болғаннан кейін топ ішінде талқыланады. Тақырыптың негізгі идеясын ашу үшін бір сарапшыны тағайындап, сол сарапшы басқа топтарға өзінің оқыған үзіндісін түсіндіреді. Қайтадан өз топтарына барып, түсінгендерін жеткізеді. (АВС оқушылардың мүмкіндігін ескеру керек). Сарапшылар жиналып, шығарманың тақырыбын, идеясын ашады және қалған оқушыларға түсіндіреді. Әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашу үшін жоғарығыдағы тірек сызбада жазылған сөздер қолданылады. Дескриптор: — сарапшы оқыған үзінділерін топқа түсіндіреді; -сарапшылар шығарманың тақырыбы мен идеясын өздері тауып, басқа оқушыларға түсіндіреді. ҚБ. арқылы бағаланады.
Деңгейлік тапсырмалар Біздің бүгінгі өткен «Нағыз әже қайда?» әңгімесін мазмұндап, өз қиялдарыңызға қарай өзгертіп, жаңа әңгіменің толықтай негізі ретінде әңгімелеу құрылымы мен жоспарын құрыңыз.
Мазмұндаңыз – әңгіме жазыңыз.
Құрыңыз – жаңа әңгіменің толықтай негізі ретінде әңгімелеу құрылымы мен жоспарын пайдаланыңыз. Өзгертіңіз – біраз өзгертумен әңгіме жазыңыз, мысалы: жағдайды өзгертіңіз немесе жаңа кейіпкер қосыңыз. Дескриптор: — — әңгімені мазмұндайды; — — әңгімедегі жағдайды өзгертеді; — — жаңа әңгімеге жоспар құрады. Кері байланыс. Әңгімені мазмұндаған кезде өз ойларыңызды толық жеткіздіңдер, жарайсыңдар. Бірақ әңгімені өзгерту барысында өз қиялдарыңызға қарап, жаңа кейіпкерлерді қосу керек еді. Келесі сабақтарда осы әдісті қолданған кезде осыған баса назар аударыңыздар. | Үлестірмелі қағаздар, мәтін
| ||||||||||||||||||||||
| Сабақтың соңы 5 мин. | Ж. «Бес жолды өлең» әдісі. «Әже» сөзімен бес жолды өлең құрастырыңдар. 1-жол. Тақырыптың атауы (зат есім) 2-жол. Тақырыпты сипаттайтын екі сөз (сын есім). 3-жол: Тақырып туралы қимылды білдіретін үш сөз (етістік). 4-жол: Тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын сөз орамы. 5-жол: Тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз. Дескриптор: — — тақырыпқа сай сөз таптарын тауып жазады; — — жұбының жұмысымен салыстырады; — — қажеттілігіне қарай толықтырулар енгізеді. ҚБ. Тапсырма аяқталған соң, жауаптары тыңдалып, «бас бармақ» арқылы ҚБ жүргізіледі. | |||||||||||||||||||||||
| Қосымша ақпарат. Абайдың әжесінің азан шақырып қойған аты – Тоқбала. Барша ауыл адамдары «кәрі әже» деп атаған. Ал балалық шағы соғыс жылдарында өткен ақын М.Мақатаевтың ақ жаулықты әжесінің аты Тиын болған. Ол кезде әжелер аңыз-дастандарды, ертегі-қиссаларды жатқа айтып, баланы бесік жырымен тербеткен. | ||||||||||||||||||||||||
| Саралау | Бағалау | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | ||||||||||||||||||||||
| Біздің бүгінгі өткен «Нағыз әже қайда?» әңгімесін мазмұндап, өз қиялдарыңызға қарай өзгертіп, жаңа әңгіменің толықтай негізі ретінде әңгімелеу құрылымы мен жоспарын құрыңыз
Мазмұндаңыз – әңгіме жазыңыз Құрыңыз – жаңа әңгіменің толықтай негізі ретінде әңгімелеу құрылымы мен жоспарын пайдаланыңыз. Өзгертіңіз – біраз өзгертумен әңгіме жазыңыз, мысалы: жағдайды өзгертіңіз немесе жаңа кейіпкер қосыңыз | Бағалау «Бес жолды өлең» әдісі басбармақ арқылы
«Топтастыру» әдісі, деңгейлік тапсырмаларда күлегештер арқылы
«Джигсо» әдісі пішіндер арқылы
жүзеге асырылады. Әр тапсырмадан кейін дескриптор беріледі. | АКТ пайдаланған кезде техника қауіпсіздік ережелерін сақтайды. | ||||||||||||||||||||||
| Сабақ бойынша рефлексия 4 мин.
| Сабақ барысында қолданылған «Автор орындығы», «Топтастыру», «Джигсо», «Мазмұндаңыз, өзгертіңіз, құрыңыз», «Бес жолды өлең» әдістері сәтті болды. Оқушылар отбасындағы әженің орны мен рөлі туралы білімдерін толықтырды. Табысты болған екі нәрсе:
Сабақты жақсартатын екі нәрсе:
— келешекте бәрі керек. Сол себепті чемоданға жинақтаймын. — алған ақпаратымды әлі де өңдеу керек. Сол себепті еттартқышқа саламын. — бұл ақпараттар керек емес, сол үшін керек емес ақпараттарды қоқыс жәшігіне лақтырамын.
| |||||||||||||||||||||||
| Үй тапсырмасы | Отбасындағы «алтын ережелерді» жазып келу | |||||||||||||||||||||||
