JOSPARLAR.KZ-Орта мерзімді және Қысқа мерзімді Сабақ Жоспарлар сайты

Сабақ жоспарлар сайты 2018-2019ж

«Құлшар Ерназарұлы «Кербез керік» күйінің орындалу әдісі»

Маңғыстау облысы,   Маңғыстау ауданы

«Балалар өнер мектебі»

 Ашық сабақ

Тақырыбы: «Құлшар Ерназарұлы «Кербез керік» күйінің орындалу әдісі»

       Домбыра класының мұғалімі:

                                    Алдабергенова  Салтанат Елеусінқызы

 Шетпе – 2018ж

Пән аты:       Домбыра.   4-сынып.

 Сабақтың тақырыбы: Құлшар Ерназарұлы «Кербез керік» күйінің орындалу әдісі.

 

Сабақтың мақсаты:  Маңғыстау күй өнерінің орындаушылық шеберліктерін үйрету арқылы оқушының күй өнеріне деген қызығушылығын арттыру.

                   

Білімділігі:  Маңғыстау күйшілерінің өмірі мен күйлерінің ерекшелігі, «Кербез керік» күйінің шығу тарихы, орындау ерекшеліктері,шеберлігін үйрету.

 

Дамытушылығы: Маңғыстау күй өнерін дәріптеу, Маңғыстау күйлерінде  кездесетін  қағыс  ерекшеліктері  тәсілдерін үйретіп, орындау  шеберлігін   дамыту.

Тәрбиелігі: Ұлттық өнерді дәріптеу, күй өнерін қастерлеу, насихаттау.

Сабақтың түрі: Дара сабақ.

 

Сабақтың әдісі: Жаңадан өтілетін шығарманы ойнап көрсету, электронды тақтадан бейнежазба  тыңдату, түсіндіру, сұрақ-жауап алу. Оқушының күйді меңгеруін қадағалау.

 

Көрнекілігі: Домбыра аспабы, оқулықтар, пульт, буклет, интер-белсенді тақта,компьютер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың жоспары: I. Ұйымдастыру.

 

II.Үй тапсырмасын тексеру

 

III.Жаңа сабақ

а) теориялық

б) практикалық

 

IV.Сергіту сәті.

 

V.Қорытындылау.

 

VI.Үйге тапсырма беру.

 

VII.Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың жүрісі:

 

I.Ұйымдастыру

Оқушыны ашық сабаққа дайындау.Сабаққа қажетті оқу құралдарын тексеру. Аспаптың құлақ күйін келтіріп, дайындау.

 

II.Үй тапсырмасын тексеру.

Моцарт «Түрік маршы» шығармасын тексеру. Күйсандықта қостатып ойнату.

 

III.Жаңа сабақ: Маңғыстау күйшілік мектебімен таныстыру, Құлшардың өмірімен таныстыру, «Кербез керік» күйін ойнау арқылы күйдің шығу тарихын білу, күйдегі қағыс, ойналу техникасын дамыту.

а) Теориялық

  Қырықмылтық – Құлшар Ерназарұлы. Ол осы  күнге дейін «Бақтығалиұлы» деп қате аталып келді. Құлшар Маңғыстау күй мектебін жетік меңгеріп қана қоймай, өз жанынан 20-дан астам күй шығарған, күйші композитор. Құлшардың кең тараған күйлері, оның кемпір және қызбен айтысында туған «Қыз қамаған», «Кербез керік», «Ат жортақ», «Сық-сақ», «Кебіс қалған» күйлері Маңғыстау өңіріне қазақ күй қорына қосылған қайталанбас өрнекті, асыл туындыларға айналды.

б) Практикалық

Күйді үнтаспа арқылы тыңдатып қысқаша талдап көрсетемін. «Кербез керік» күйінде бас буын «ля-соль-ля-ми» аймағын толық сипатымен үйрету. Лигамен жұмыс жасау.

 

IV.Сергіту сәті.

Бейне жазбадан күй тыңдатып оқушының есту қабілетін арттыру.

                              

 

 

V.Қорытындылау.

  • Қорытындылай келе, бүгінгі тақырыбымыздың атауы қандай?

(Маңғыстау күйлерін үйрету арқылы қағыс техникасын дамыту.)

  • Осы тақырыпқа байланысты не түсіндің?

(Маңғыстау күй өнерінің басқа күйлерге қарағанда орындаушылық ерекшелігін түсіндім.)

  • Маңғыстаудың күйшілік мектебінің басты өкілдерінен қандай күйшілерді білесің?

(Құлшар, Есір, Мұрат Өскінбаев, Есбай, т.б.)

  • Бүгінгі ашық сабағымызға алған күйшінің аты және күйдің атауы қандай?

(күйші Құлшар Ерназарұлы, «Кербез керік» күйі)

 

VI.Үйге тапсырма.

Моцарт «Түрік маршы» шығармасын пысықтап жаттау.Құлшар «Кербез керік» күйін бас буынын пысықтап  қайталау.

 

VII. Бағалау.

Оқушыны бағалау.