Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы №12 бөбекжай-бақшасы тәрбиешісі: Әлиева Ләззат
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің техналогиялық картасы
Тәрбиеші:Әлиева Ләззат
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: мүсіндеу.
Тақырыбы: «Қояндарға арналған сәбіз».
Мақсаты: қоршаған ортамен таныстыруды жалғастыру,қоянның тіршілігі туралы балаларға түсінік беру. Сопақша пішінді және бір ұшын үшкірлеп мүсіндеуге үйрету,сондай-ақ ермексазды дұрыс қолдану жолдарын дамыту. Жануарларға деген қамқорлық сезімге тәрбиелеу.
Қажетті құрал- жабдықтар мен көртекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар, ермексаздан жасалған сәбіздін үлгісі,қояндардың суреті, тақтайша, ермексаз, сулық.
| Оқу іс-әрекетінің кезеңдері | Тәрбиешінің іс -әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық- қозғаушылық | Қояндардың суретін көрнекілік етіп алу.
-Қоян қандай аң? -Қояндар не жейді? -Балалар, қояндар бізге қонаққа келіпті. Олар үшеуі дауласып отыр.- Не үшін дауласып отыр екен? Кәне, кім біледі? Тәрбиеші олардың сәбізге дауласып отырғанын айтады. | Суретке қарап, тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді. -Жүйрік,құлағы ұзын,қорқақ аң. -Сәбіз жейді.
Балалар әртүрлі жауап береді. |
| Ұйымдастырушылық -ізденістік
| Тәрбиеші қоян туралы өзі білетін шағын ертегіні немесе әңгімені қысқаша баяндап береді. Қонақтардың қысқы азықтарын жинап үлгермегенін айтады. -Балалар, қояндарға қыстық азықтарын жинауға, сәбіз жасауға көмектесеміз бе? -Сәбіздің пішіні қандай? -Сәбіздің түсі қандай? Сәбіз көкөніске жатады. Сөздік жұмыс: көкөніс. Көкөністердің муляжын балаларға ұстап көру үшін таратып берді.
Сергіту сәті. Секірейік, секірейік, Ұзын құлақ қоянша. Шаршағанды кетірейік, Болар сонша тамаша.
Жұмыстың орындалу тәсілін көрсетіп, түсіндіру: -қызғылт сары түсті ермексазды жұмырлап, сопақша пішінге келтіріп, бір жағын үшкірлеп, сәбіз пішінін жасау; -осы әдісті пайдалана отырып,қояндарға бірнеше сәбіз мүсіндеп беруді тапсыру.
Балалардың өз бетінше жұмысы. Қажет болған жағдайда жеке балаға көмек көрсетіледі. «Көкөністерді ата» дидактикалық ойын ұйымдастыру. Ойын барысы: Көкөністердің суреттері таратылады. Балалар көкөністердің атын атап, сипаттайды. | Тәрбиешінің әңгімесін (ертегісін) мұқият тыңдайды.
-Иә.
-Сопақша. -Қызғылт сары.
«Көкөніс» сөзін қайталайды. Балалар көкөністерді ұстап көреді.
Өлең жолдарын айтып, қимылдар жасайды.
Сәбіз жасаудың әдіс- тәсілдерімен танысады.
Балалардың әрқайсысы бір-бірден бірнеше сәбіз мүсіндейді.
Әркім өзінің қолындағы сурет бойынша көкөністі атайды.
|
|
Рефлексиялық- түзетушілік | -Балалар, бүгін не мүсіндедік? -Сәбізді нелерге береміз? Балаларға суреттегі үш қоянның көңіл күйлерін байқатып,ұнатқан қоянына сәбізді сыйлауын ұсыну, мадақтау. | -Сәбіз. -Қояндарға. Бала жасаған сәбізін қалаған қоянға беріп, ойнайды. |
Күтілетін нәтиже:
Білу: сопақша пішінді ермексазды сәбіз бейнесіне келтіреді;
Игеру: қоянның азығы – көкөністер екендігін;
Меңгеру: ермексаздан сопақша пішін жасай алу дағдысын.
