Қысқа мерзімді жоспар
| Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: Киім, сән, талғам Мектеп: «Теміртау қ. №4ЖББОМ» КММ Күні: Мұғалімнің аты жөні: Адауова Ж.А. Сынып: 5 Қатысқандар: Қатыспағандар: | |||||||||||||
| Сабақ тақырыбы | Отандық брэнд киімдер | ||||||||||||
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 5.ӘТН 4.1. Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану | ||||||||||||
| Сабақ мақсаты | Барлық оқушылар орындай алады: ұсынылған туынды және күрделі сөздерді ауызша, жазбаша қолданады | ||||||||||||
| Оқушылардың көпшілігі орындай алады: туынды, күрделі сөздердің қолданысында грамматикалық нормаларды сақтайды | |||||||||||||
| Кейбір оқушылар орындай алады: күрделі сөздердің жасалу жолын ажыратады, еркін қолданады | |||||||||||||
| Бағалау критерийі | Мәтіндегі сөздердің грамматикалық нормаларын сақтайды Ауызша және жазбаша жұмыста қолданады | ||||||||||||
| Тілдік мақсаттар | Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: туынды сөз, күрделі сөз, сөз тудырушы жұрнақ, брэнд, дизайнер, сән | ||||||||||||
| Құндылықтарға баулу | Өз халқының ұлттық мәдениетіне құрметпен қарау | ||||||||||||
| Пәнаралық байланыс | Қазақ әдебиеті, бейнелеу | ||||||||||||
| Алдыңғы білім 10 минут
| Сән және талғам бөлімі бойынша өткенмен байланыстыру.
«Бес қадам» ойыны Сұрақ үлгілері: — Қазіргі сәндегі қандай киімдерді білесің? /кестелі, тоқымалы/ — Сәнді заттарға, аксесуарларға не жатады? /сағат, білезік, белбеу, мойын орағыш, қыздарға арналған әшекейлер/ — Киімнің сәнді екенін қалай білуге болады? /үйлесімділігінен/ — Сәнді аяқ киімдерді атаңыз? /түрлі-түсті болып жанатын спорттық аяқ киім/ — Саған киімнің қандай түсі ұнайды? ҚБ. Қолпаштау арқылы сыныптастарды бағалау
| ||||||||||||
| Сабақ барысы | |||||||||||||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | |||||||||||
| Сабақтың басы 10 минут | Мұғалімнің кіріспе сөзі Бүгінгі сабағымыздың мақсаты жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану. Сол себепті, сіздерге туынды сөз, күрделі сөздерді түсіндіріп өтейін
Біріккен сөз Қос сөз
Тіркесті сөз Қысқарған сөз
Топтастыру «Жаз», «Күз», «Қыс» деп жыл мезгілдерінің киімдері бойынша үлестірмелі суреттермен топқа бөлемін. «Болжау» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтатамын
Суреттен нені байқадық?
Мына суреттегі отандық киімдерге назар аударайық
Айтылым. «Сұхбат» әдісі Ұсынылатын сөздер: сән әлемі, ұлттық нақыш, заманауи үлгі, озық технология, заман талабы, әуесқойлық, кәсіпкерлік, көрікті. Топта «Сән үйінде» тақырыбында тілші мен сәнгер арасында сұхбат жүргіземін. Жоғарыдағы ұсынылған сөздерді пайдаланып сұраққа жауап береді. -Қыздардың қазіргі сәнді киімін атаңыз? /бархыт матамен тігілген көйлектер/ -Ұлдардың қазіргі сәнді киімін атаңыз? / ашық түсті костюмдар мен жиделер/ -Қазіргі сәнді түс қандай? -Әлемдік брэнд спорт киімдерін шығаратын фирмалар? /«Adidas», «Reebok», «Puma», «Nike»/ -Қазіргі заманауи киімдерге көңіліңіз тола ма? -Отандық брэнд киімдерді білесіз бе? -Ұлттық нақышта тігілген қандай киімдерді білесіз? /жакеттер, жиде/ Дескриптор: — Сұраққа жауап береді — Ұсынылған туынды сөздер мен күрделі сөздерді қолданады
ҚБ.Жауаптар тыңдалып «Бас бармақ» әдісімен бағалаймыз |
Түрлі түсті үлестірмелі суреттер
Интербелсенді тақта
| |||||||||||
| Сабақтың ортасы 15 минут | Ж.Мұғалім оқушыларға үлестірмелі суреттерді ұсынады. Берілген суретке қарап, жаңа сөз жасаңдар деген тапсырма беріледі. Үлгі:
Оқушылар бірін-бірі бағалайды. Оқушылар өз бетінше жаңа, туынды сөз жазады. Сосын оқушы жазған жұмысын серігімен алмасады да, барлық сөздердің туынды сөз екеніне көз жеткізу үшін анықтаманы қолданады. Жекелеген оқушыларға тақырыпты тағы бір түсіндіру немесе қосымша тəжірибелік сабақ қажет емес пе екенін анықтау үшін, парақтарды жылдам қарап шығу.
Дескриптор: — Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді жазбаша қолданады
Деңгейлік тапсырма «Киім және сән» тақырыбындағы мәтінді оқып, проблемалық сұрақтарды шешу арқылы сабақ мақсатына сай білімді дамыту: Тапсырманы барлық топқа беремін. Оқушылар өздерінің деңгейіне қарай тапсырманы таңдайды.
І-деңгей. Мәтіннен дизайнерлердің атын тап ІІ-деңгей.Мәтіннен киімге қатысты мақал-мәтелдерді жаз ІІІ-деңгей. Мәтіннен туынды және күрделі сөздерді жазып, талда
Дескриптор: — Мәтіннен дизайнерлердің атын табады — Мәтіннен киімге қатысты мақал-мәтелдерді жазады — Мәтіннен туынды және күрделі сөздерді жазып, талдайды
ҚБ.Түрлі-түсті стикерлер арқылы бағалаймын | Үлестірмелі суреттер
| |||||||||||
| Сабақтың соңы 5 минут | «Қазына іздеу жолында» әдісі арқылы берілген сөздерді екі себетке бөліп жазыңдар Дескриптор: Сөздерді ажырата алады.
ҚБ.«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалаймын | сөздер жазылған қиықшалар
| |||||||||||
| Қосымша мәлімет 5 минут | Брэнд – тұтынушы үшін белгілі-бір өзіне тән құнды қасиеттері бар сауда таңбасы. Сән — киім кию мәдениеті, ол талғамға байланысты. Сән қоғамға, заманға қарай өзгеріп отырады. Дизайнер – сәннің бағытын, кімге арналғанын, қандай матадан тігілетінін, көркемдік әшекей түрін ескере отырып шығаратын адам. Дизайнерлік киімдер жоғары сапасымен, биік талғамымен ерекшеленеді.
Қазақстандық дизайнерлер туралы қандай ақпарат білесіз?
| ||||||||||||
| Саралау: саралау тапсырмаларын сабақтың ортасында қолдандым.Төмендегі тапсырмаларды орындады: — Мәтіннен дизайнерлердің атын тап — Мәтіннен киімге қатысты мақал-мәтелдерді жаз — Мәтіннен туынды және күрделі сөздерді жазып, талда Оқушылардың жұмыстарын стикерлер арқылы бағаладым | Бағалау: Алдыңғы білімде Сабақтың басында
Сабақтың ортасында
Сабақтың соңында
| ||||||||||||
| Сабақ бойынша рефлексия | |||||||||||||
| Ықшамсабақ қорытындысы Сабақ шынайы болды. Өз мақсатыма жеттім. Сабақ ахуалы жақсы деңгейде болды. Отандық брэнд киімдер тақырыбы оқушыларға қызықты болды себебі,түрлі сән киімдерін қызу талқыладық.Саралау тапсырмаларын қиындықсыз орындады.
| Табысты болған екі нәрсе 1. «Сұхбат» әдісі 2. «Қазына іздеу жолында» әдісі Сабақты жақсартатын екі нәрсе
| ||||||||||||
| Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсатын оқушыларға анық, нақты айтуымды ескертті, әр тапсырмадан соң қалыптастырушы бағалауды қолдауды ұсынды
| Егер дизайнер болсаң, ұлттық киімдерді қалай сәнге айналдырар едің? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау Интербелсенді тақтаның қауіпсіздігін сақтау | |||||||||||
