Шығыс Қазақстан облысы
Аягөз қаласы
«К.Бозтаев атындағы жалпы білім беру мектебі» КММ-нің
Информатика пән мұғалімі
Дюсембекова Раушан Сапарбековна
Сабақтың тақырыбы: «Алгоритм құрудың тәжірибелік жұмысы»
Сабақтың мақсаты:
білімділік:Оқушыларға мәселені шешу процесінің негізгі мәнісі алгоритм құру екенін көрсету.
Сызықтық ,тармақталған , қайталану командаларды қолданып программалауға үйрету, орындауға икемдеу.
дамытушылық: Теорияны практикада қолдануды және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз бетінше ДК жұмыс істеу дағдыларын дамыту;
тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылығын ояту, топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Сабақта қолданылатын құрылғылар: ДК, интерактивті тақта, слайдтар,таратпа материалдары.
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу, түгелдеу.
- Оқушылардың құрал-жабдығын тексеру.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
«Мектеп – кеме, білім – теңіз, білім нәрін тереміз!» ұраны жазылады.
Мұғалім: Құрметті оқушылар! Дайындалыңыздар! Бүгін сендер үшін ерекше күн! Себебі, бүгін «Жас теңізшілер» кемесі Білім теңізіне саяхатқа аттанғалы тұр. Бұл саяхатқа тек ақылды, білімді, тәртіпті, еңбекқор, талантты оқушылар ғана шыға алады.
Саяхатымызды бастамас бұрын өзімізге қажетті заттарымызды жинап алайық.
(Слайд заттарды табу)
Міне, балалар, қажетті заттарымызды тауып алдық, енді саяхатымызға шығуға болады. Мен сендердің бүгінгі саяхат барысында жол көрсететін капитандарың боламын, ал сендер менің көмекшілерім яғни матрос боласыңдар. Ал кеттік ендеше!
Балалар, қараңдаршы, сендердің алдарында борт журналдарың бар. Саяхат барысында мен сендерге кеме құралдарын таратам, ал сендер соларды борт журналдарына тіркеп отырасындар. Келістік пе?
Кеменің жүзу маршруты:
1) «Қиын сұрақтар» — қиын сұрақтар сарқырамасы
2) «Тасбақа» аралы
3) «Австралиялық жауын» Сергіту сәті
4) «Блок-сызбалар» аралы
5) «Тапқырлар» аралы
Балалар, біздің кемеміз «Қиын сұрақтар» сарқырамасына келіп тоқтады. Мұнда бізге бірнеше сұрақтар берілген. Соларға дұрыс жауап берсек, әрі қарай жүзуге жолымыз ашылады. Қане аянып қалмай бар білімімізді ортаға салайық.
- Алгоритм дегеніміз не?
- Алгоритм орындаушысы кім және не бола алады?
- Алгоритмдегі кез келген іс-әрекет қандай бұйрықпен аяқталады?
- Блок-сызбадағы барлық элементтер бір-бірімен қалай байланысады?
- Алгоритм қандай бұйрықпен аяқталады?
- Алгоритмнің неше түрі бар?
- Алгоритмнің қандай түрлері бар?
- Алгоритм қандай формалармен ұсынылады?
- Блок-сызбада қандай фигуралар қолданылады?
Балалар, керемет! Сендер сұрақтарға дұрыс жауап беріп ары қарай жүзуге жолымызды аштыңдар. Кемемізбен енді бізге әрі қарай саяхат жасауға болады.
- Қараңдаршы, балалар, жолымызда тағы бір арал пайда болғаны анық. Бұл аралмен танысайық. Бұл арал «Тасбақа» аралы деп аталады. Мұнда алгоритм орындаушысы Тасбақа мекендейді. Бұл кішкентай тасбақа үйіне барар жолын ұмытып кетті. Бәріміз тасбақаға көмектесейікші.
(Дербес компьютерге отырмас бұрын, оқушылар қауіпсіздік ержелерді естеріне түсіріп айтады. Практикалық жұмыс robowin папкасын ашып программаны іске қосып, тасбақа орындаушысына бұйрықтар беру арқылы тасбақаға көмектесу)
— Жарайсыңдар, сендер кішкентай тасбақаға көмектесіп оны үйіне апаратын жолды көрсетіп бердіңдер.
— Саяхатымызды ары қарай жалғастырайық.. Балалар аспанымызғы бұлт төніп, жауын шашуы мүмкін.«Австралиялық жауын» кедергісі пайда болды. Қане бәріміз шеңбер жасап тұрып «Австралия жауыны» сергіту сәтін жасайық.
— Біраз тыңығып алған сияқтымыз. Ендеше кемемізді келесі аралға қарай бағыттайық.
Алдымыздағы арал «Блок-сызбалар» деп аталады. Бұл аралдан кедергісіз өту үшін мынадай тапсырманы орындау қажет: берілген алгоритм бойынша блок-сызбаны Paint графикалық редакторында сызып қою керек.
(Оқушылар тапсырманы оқып соған байланысты блок-сызбаны сызады).
- Бұл кедергіден де сәтті өттіңдер. Саяхатымыздың соңғы кезеңі – «Тапқырлар» аралы. Сендерге мынадай қызықты хат берілген, бұл хатты орындау барысында нәтижеге жетіп, керемет қазынаға қол жеткізесіңдер.
(Оқушылар берілген тапсырманы орындайды)
- Жарайсыңдар, балалар. Қазынаны тауып алдыңдар, енді оны ашып ішіндегісін көрейік. Балалар, бұл қазынада тәтті кәмпиттер бар. Осы кәмпиттерді сендерге беріп, сендердің өмірлерінде тек қана жақсы, ақ жол болсын, жолдарында кедергі болмасын деген тілек айтқым келеді.
- Ал енді сабақ барысында жинаған кеме құралдарын санап өтейік. Осы сабақта сендер бәрлерің де жақсы білім көрсеттіндер, сондықтан сендерге жақсы баға қоюға дайынмын.
