САБАҚ ЖОСПАРЫ
| Ұзақ мерзімді тарау бөлімі: 5.1. Натурал сандардың бөлінгіштігі | Мектеп: Б.Аманшин атындағы қазақ орта мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Сармуханова Рузия | |
| Күні: | ||
| Сынып: 5
| Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: |
| Сабақтың тақырыбы:
| Жай сандар. Құрама сандар . | |
| Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.1.1.6 Жай және құрама сандар анықтамаларын білу.
| |
| Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Жай және құрама сандар анықтамасын біледі. | |
| Оқушылардың басым бөлігі: Жай және құрама сандарды ажырата алады . Жай сандардың бөлгіштерін анықтай алады. | ||
| Кейбір оқушылар: Құрама сандарды жай сандардың көбейтіндісі және қосындысы түрінде жаза алады. | ||
| Бағалау критерийі
| -Жай және құрама сан анықтамасын біледі. — Жай және құрама сандарды ажырата алады. — Құрама сандардың бөлгіштерін анықтай алады. | |
| Тілдік мақсаттар
| Оқытудың тілдік мақсаты: Жай және құрама санның анықтамасын тұжырымдау Пәнге қатысты терминдер: -жай сандар -құрама сандар -егіз сандар -бөлгіш Диалогке қатысты тіркестер: Егер санның екі бөлгіші болса,онда … сан, ал егер бөлгіші екіден көп болса ,онда … сан деп аталады . | |
| Құндылықтарға баулу
| Ұқыптылық,адамгершілік, тез шешім қабылдай білу, жүйелі ойлау, өзіне сенімділік, өзгенің пікірін тыңдау және құрметтеу. | |
| Пәнаралық байланыс | Информатика,тарих, қазақ тілі
| |
| Тақырып бойынша алдыңғы білім | Натурал сандар ,натурал сандарға амалдар қолдануды,санның бөлгіштерін табуды біледі.Натурал сандардың болгіштері мен еселіктерін табуды біледі. | |
| Сабақ барысы
| |||||||||||
| Сабақ кезеңдері | Уа-қыт | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер
| Ресурс | ||||||||
| Сабақтың басы
Қызығушылығын ояту
5 минут
3 минут | Ұйымдастыру. «Қораптағы 10 сұрақ» әдісі Оқу мақсаттары мен міндеттерін бірлесе анықтай отырып«Қораптағы 10 сұрақ» әдісі бойынша өткен тақырыптарды қайталау сұрақтары қойылады. — Натурал санның бөлгіші дегеніміз не? — Натурал санның еселігі дегеніміз не? — Натурал санның бөлгіштер жұбының қасиеттері қандай? — Санның қанша еселігі болуы мүмкін? — Қандай сан барлық сандардың бөлгіші болады? Бағалау: Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы бірін-бірі бағалайды.Бағалау «Екі жағымды әсер, бір ұсыныс» арқылы жүзеге асады.Оқушылар алынған жауаптың екі жағымды жағын айта келіп,өз өсынысын да білдіру арқылы жауапты толықтырады. Топқа бөлу:Геометриялық фигураларды оқушылар таңдап алып топқа бөлінеді.
Үшбұрыш: Тапқыр,сезімтал,қабілетті. Төртбұрыш: Қызығушылық пен батылдықты ұнатады. Шаршы: Ұқыпты және өзіне сенімді.
| 1-тапсырма. слайд Интербелсенді тақта
Конверттегі түрлі түсті Фигуралар
| |||||||||
|
Сабақтың ортасы
32 минут
Мағына—ны тану
| Жалпы сыныппен жұмыс «Ойлан-жұптас-пікірлес» әдісі арқылы жаңа тақырыпты ашуда әр топқа:1;6;7;18;19;25 сандары жазылған парақшалар беріледі. I топ – бір ғана бөлгіші бар санды; II топ- екі ғана бөлгіші бар санды; III топ – екіден көп бөлгіші бар санды жазады. Жауаптардың дұрыстығын оқулықтағы кестеде берілгендер бойынша тексереді.Оқулықты басшылыққа ала отырып , тұжырым жасайды. Сабақтың мақсаты нақтыланады,жай сан және құрама сандардың ережелері түсіндіріліп қорытындыланады. Дескриптор: оқушылар жай санды,құрама санды анықтай алады; жай сан, құрама сандарды ажырата алады; 1 саны жай да,құрама да болмайтындығын біледі. Түйін : Натурал сан бөлгіштерінің санына қарай жай және құрама болып бөлінеді.1 саны жай санға да,құрама санға да жатпайды. Бағалау : Жаңа тақырыпты өздігінен меңгере отырып,тапсырманы толығымен орындаған топты мұғалім жұлдызша беру арқылы бағалайды. Қайта бағыттау: Егіз сандар ұғымы түсіндіріледі.Мысалы: 3 пен5; 5пен7; 11 мен 13 ;… Тақырыпты меңгергенін анықтау бағытында «Кір жаятын жіп» әдісін пайдалана отырып , № 191 тапсырма шығарылады. Оқулықтағы берілген сандардан : I топ — жай санды ; II топ – құрама санды ; III топ – 1- ден 50 –ге дейінгі егіз сандарды жіпке ілу керек. Дескриптор : — Жай санды анықтай алады ; — Құрама санды анықтай алады ; — Егіз сандарды таба алады. «Ашық микрофон» әдісі арқылы өзара бағалау жүреді . Сергіту сәті : «Шапалақ» әдісі «Жұп» сан айтылса шапалақ соғылады, «тақ» сан айтылса соғылмайды.
Сараланған тапсырмалар : Оқу мақсатын ескере отырып,сынып қажеттігіне орай оқулықтан тапсырмалар сараланып алынады. . «Аяқталмаған сөйлем» Мына сөйлемді жауап үшін пайдаланыңыз: Егер көбейткіштердің біреу ……, онда …….
1-тапсырма. «Тобыңды шыңға шығар» №201; 202
| Сандар жазылған парақшалар
Флипчард | |||||||||
| Саралау тапсырмалары : Барлық оқушыларға : № 192 Берілген сандардың ішінен: I топ — бір болгіші бар; II топ — екі болгіші бар ; III топ — екіден көп бөлгіші бар сандарды теріп жазыңдар. Оқушылар есептерін көршісімен алмастырып тексереді де жұптық бағалау жүреді . Қосымша тапсырма: № 194 Жай сандарды жазу ( 870-950) Дұрыстығын тексеріп өзін-өзі бағалайды.(Кесте бойынша тексеру арқылы).Білімдерін жетілдіру мақсатында. Көпшілік оқушыларға : № 193 Берілген сандарды : 1 . Екі жай санның қосындысы , 2. Екі жай санның көбейтіндісі түрінде жазыңдар
Бағалауды мұғалім жүргізеді.Мадақтаулар арқылы. Кейбір оқушыларға : № 197 Өрнектің мәнін жай сан және құрама сан түрінде жазу.
Жұппен жұмыс: «3 қадамдық сұхбат» Жаңа тақырып бойынша жұптар диалог құрады. (А оқушы В оқушыға сұрақ қояды, В оқушы жауап береді. В оқушы А оқушыға сұрақ қояды. А оқушы жауап береді. Осылай жұппен диалог құрады.) Жұптар бірін-бірі бағалайды.
1 |
Жұмыс дәптері
Математика,5 сынып, 1 бөлім, Т.А.Алдамұратова, Қ.С.Байшоланов, Е.С.Байшоланова, 2017ж.
| ||||||||||
| Сабақтың соңы
5 минут | Үйге тапсырма : № 195 ; 197 Кері байланыс «Диктор сөз алады» 1-диктор: Сабаққа дейінгі жағдайды баяндайды 2-диктор: Сабаққа үстіндегі жағдайды баяндайды 3-диктор: Сабақтан кейінгі жағдайды баяндайды Бағалау (парақша толтырады) БББ әдісі :
|
Бағалау парақшалары | |||||||||
| Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетесіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? | Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырасыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
| Берілетін барлық тапсырмалар сыныптың жас ерекшелігіне сай, жеңілден күрделіге қарай оқушылардың қажеттілігіне қарай сараланған, оқушылардың кейбір тобына қосымша қолдау көрсетіледі. | Мадақтау, «Бармақ» әдісі, «Ашық микрофон» әдісі, «Екі жағымды әсер, бір ұсыныс» әдісі, «Жұбыңды бағала» әдісі, өзін-өзі бағалау бетшесі ,жұлдызшалар арқылы бағалау жасалды | Сыныпта топтық, жұптық жұмыстар жүргізілді. Назардан тыс қалған, сабаққа араласа алмаған оқушылар болмайды. Сергіту сәті өткізілді.
|
| Сабақ бойынша рефлексия
| ||
| Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? | Дұрыс қойылған | |
| Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? | Екеуі де болуы мүмкін | |
| Жеткізбесе, неліктен? | Кейбір оқушылар берілген құрама сандардың бөлгіштерін табуда қиналады | |
| Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? | Оқушы деңгейіне қарай тапсырмалар дұрыс сараланды | |
| Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? | Сақталды деп есептеймін | |
| Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Ауытқу болған жоқ | |
| Жалпы баға | ||
| Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: Тапсырмалардың сараланып берілуі
2: Оқу материалдарының түсініктілігі
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: Бұрынғы білімдерін есте сақтауы жоғары болса
2: Қосымша материалдармен жұмыс істеу қабілеттері жоғары болса
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың Жетістіктері /қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерін табуды,құрама сандардың бөлгіштерін табуды басты үнемі назарда ұстау. | ||

