Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері (29-34- жаттығу)
Сабақтың мақсаты.
Білімділік: Сөйлем мүшелері жайлы жалпы мағлұмат беру. Сөйлем мүшелерінің өзіндік белгілері мен
құрамына қарай түрлерін ажыратқызу.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, өз бетінше ізденуге, өз ойын еркін
жеткізуге баулу.
Тәрбиелік: Мақал — мәтел арқылы оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру, адамгершілікке
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың әдістері: сұрақ — жауап, кубизм стратегиясы, жаттығу жұмысы, кеспемен жұмыс, шығармашылық жұмыс.
Көрнекілік: кеспе қағаздар, текше, слайдтар, кестелер
Пәнаралық байланыс: әдебиет, әдеп, математика.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу, оларды түгендеп, сабақтың мақсатын хабарлау.
ІІ.Жаңа сабақ
-Мына берілген сурет бойынша өз отбасың туралы бірнеше сөйлем құрап айтайық. Отбасының басында кім тұрады және оның мүшелері кімдер?
Сөйлем мүшелері туралы түсіндіру
-Балалар, мұнда отбасы мүшелері берілген. Бүгінгі өтетін сабағымыз «Сөйлем мүшелері» де осы отбасы мүшелері секілді. Сөйлем құрамындағы сөздердің қызметі де отбасына ұқсайды. Сөйлемнің басында бастауыш тұрса, соңында баяндауыш тұрады. Оларды тұрлаулы мүшелер деп атайды. Ал тұрлаусыз мүшелер сөйлемдегі ойды толықтырып тұрады.
*Сөйлем мүшелері дегеніміз – сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер.
*Сөйлем мүшесі болудың шарттары:
- Толық мағыналы сөз болуы керек.
- Сөйлемдегі басқа сөзбен байланысып тұруы керек.
- Сөйлем мүшелерінің бірінің сұрағына жауап беруі керек.
*Сөйлем мүшесі бола алмайтын сөздер:
Одағай сөз, шылау сөз, қаратпа сөз, қыстырма сөз, көмекші етістік.
*Сөйлем мүшесі құрамына қарай
дара күрделі үйірлі
мүше мүше мүше
Көп балалы үй – базар.
Жаны сұлу жан ешкімге жамандық жасамайды.
Билеті барлар орындарына жайғасты.
*Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай:
тұрлаулы тұрлаусыз
бастауыш баяндауыш анықтауыш толықтауыш
пысықтауыш
*Сөйлем мүшелерінің шартты сызық белгілері туралы түсінік беру
ІІІ.Жаттығулармен жұмыс
30- жаттығуда кестені толықтыру
| Сөйлем мүшелері | ||
| ? | Тұрлаусыз мүшелер | |
| Бастауыш | ? | |
| ? | Не істеді? не қылды? Қайтті? | |
31- жаттығуда мақалды оқып , жатқа жазу
Ойлаумен ой толады,
Ойнаумен бой толады.
32- жаттығуда ребусты шешіп шешуіндегі сөзбен екі сөйлем құрап жазу. Ол сөз бірінде бастауыш, екіншісінде баяндауыш болсын
Оқушы сыныпқа кірді.
Арман- ұқыпты оқушы.
Сергіту сәті.
-Ал балалар шаршадық па?. Олай болса көңіліміз қуанышқа тола берсін деген мақсатпен «Көңілді күн» әуеніне сергіту сәтін орындайық.
34- жаттығуда « Ойлан тап» ойыны
Мақпал төрт сөзден құралған бір сөйлем ойлап жазыпты. Оның бастауышы — қазақ халқынан шыққан ақынның аты, келесі сөзі- кәрі сөзіне мағынасы қарама қарсы сөз, үшіншісі- білім сөзімен қосарлана айтылатын сөз. Ал баяндауышы- үндеді сөзіне мәндес.
Мақпалдың жазғаны қандай сөйлем?
Мағжан жастарды оқуға шақырды.
-Жастарды оқуға , білімге шақырған қандай ақын- жазушылардың шығармаларын білеміз?
Ы. Алтынсарин «Кел , балалар оқылық»
Әліппенің атасы А. Байтұрсынов «Оқуға шақыру»
Балалар! Оқуға бар!Жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн жылтырап.
Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да,
Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да:
Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,
Барады аралар да ұшып балға.
Балалар, бұл жол басы даналыққа,
Келіңдер түсіп байқап, қаралық та.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп
Солады көре тұра қалалық па?
Даналық- өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!
ІҮ.Сабақты бекіту
-Ал, енді, балалар мына тақтадағы ребусқа қарайық, ребусты шешіп, сол сөзге пирамида құрап көрелік.
~~~~~~~~
~~~~~~~ ~~~~~~
-Ал , балалар осы қазақ тілі пәнінен алған білімімізді тексеру мақсатында мынадай ойын ойнаймыз.
Мен сендерге кеспелер тарқатып беремін, сондағы құпия санды табамыз және сол шыққан сандар бойынша лотерия ойнап көрелік.
Ү. Үйге тапсырма
- жаттығуда «Мұз айдынында» тақырыбына берілген сызба бойынша әңгіме құрау
Ү.Бағалау.
