Жақты сөйлем

Сарыағаш ауданы,

№28 Абылай хан атындағы жалпы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәндері мұғалімі

Бөрібекова Маржан Тұңғышбекқызы

 

Сабақтың тақырыбы: Жақты сөйлемМұғалімнің аты-жөні:   Бөрібекова Маржан Тұңғышбекқызы

Күні: 5.12.2016ж

     СЫНЫП:  8ә

 

  Қатысқан оқушылар  саны:

 

Қатыспаған оқушылар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаттары:

 

Жақты сөйлемнің жасалуын білу, мысалдар келтіре алу,  сөйлемге синтаксистік талдау жасай алу
Сабақтан күтілетін нәтиже:

1-деңгей (білу, түсіну):

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:жақты сөйлемнің жасалуын біледі

 

2-деңгей

(қолдану, талдау):

 

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: мысалдар келтіре алады

 

3-деңгей

(жинақтау, бағалау):

 

Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады: сөйлемдерге синтаксистік талдау жасай алады

 

Тілдік мақсат:Нақты тақырыпқа арналған сөздік қор мен терминология: қиысу, синтаксис, жіктелу

 

Ресурстар:Парақша, стикерлер, плакат, түрлі –түсті қағаз,смайлдар,  проектор

 

Пәнаралық байланыс:әдебиет, тарих
Алдыңғы оқу:Жақсыз сөйлем
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақ барысы және

жоспарланған уақыт

Берілетін тапсырмалар және қолданылатын әдістерБағалау критерийлері және жұмыс түрлері
ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ

2 минут

Сыныптың психологиялық ахуалын қалыптастыру. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.

Сөйлем арқылы3 топқа бөлу Сөздер таңдайды, сол сөздерден сөйлем құрастырады Сөйлемнің жай сөйлемнің қай түрі екенін айтады топ көшбасшылары сайланады

Сергіту сәті Ж.Дүйсеновтің тіл туралы өлеңін оқыған сәтін көрсету

Өлеңнен қандай ой түюге болатынын сұрау

 

 

Ұлтттық вальютамыз теңге арқылы бағаланады

 

ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ

8 минут

1-деңгей (білу, түсіну):

(Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады)

168-жаттығу. Қарамен берілген сөйлемдерді көшіріп, жай сөйлемнің қай түрі екенін анықтау

 

Жауап 20т

2-деңгей

(қолдану, талдау):

 

 

Қарамен берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау

Жауап 50т
3-деңгей

(жинақтау, бағалау):

 

169-жаттығу «Мен шығарған таңғажайып оқиға» тақырыбында ойтолғау

Тақтаға 3 тапсырма бойынша сұрақтар ілінеді. Сұрақтар астында 3сурет жасырылған.  Егер сұрақтарға толық жауап берілсе сурет ашылып, оқушылардан осы сурет бойынша не білетіндіктерін сұрау

1-тапсырмадағы жасырылған сурет- «Ақорда»

2-тапсырмадағы жасырылған сурет – ту мен елтаңба

3-тапсырмадағы жасырылған сурет – гимн

Әр деңгей тапсырмалары астында теңге суреті ілінеді

1-деңгей 20теңге суреті

2-деңгей -50 теңге суреті

3-деңгей – 100 теңге суретіЕгер оқушы бірінші деңгей сұрағын таңдап , жауап берсе 20 теңге алады

2-деңгей сұрағына жауап берсе, 50 теңге алады

3-деңгей сұрағына жауап берсе,100 теңге алады

Төл теңгеміздің қашан айналымға енгендігі туралы оқушылар өз білгендерін ортаға салады

Жауап -100т
ЖАҢА САБАҚ

20 минут

 

 

 

 

(Жаңа сабаққа дайындықпен келген оқушының қорғауын ұйымдастыру); Жақты сөйлемге мысал жазады

Жіктелу үлгісін көрсетеді

Жекеше                    Көпше

1.      Мен              Біз

2.      Сен(сіз)        Сендер(сіздер)

3.      Ол                 Олар

Бастауышы бар сөйлемге мысал,

бастауышын баяндауыш арқылы табуға болатын сөйлемге мысал жазу  Оқушы екеуін талдап түсіндіреді

Топтық жұмыс

Екі топтан екі оқушы шығып, тақтадағы екі қалташаға бастауышы бар және бастауышы жасырын тұрған сөйлемдерді бөліп салады.

Үшінші топтан оқушы шығып дұрыс не бұрыс салынғанын тексереді

«Серпілген сауал» әдісі арқылы сұрақ жауап жүргізіледі

Жаттығу жұмысын орындау

171-жаттығу. Бастауышы жасырын тұрған жақты сөйлемдерді көшіреді. Бастауышы нешінші жақта тұрғанын түсіндіреді

172-жаттығу С. Торайғыровтың «Мен -қазақ» өлеңін бір оқушы жатқа айтады

 

 

 

 

 

Толық жауап  -100т

 

 

Жартылай жауап- 50т

 

САБАҚТЫ БЕКІТУ

10 минут

1-деңгей (білу, түсіну):

 

172-жаттығу «Мен -қазақ» өлеңінің 3шумағын үш топқа бөліп беріп жақты сөйлемдерге мысал тапқызу

 

Жауап-20т

2-деңгей

(қолдану, талдау):

 

Бастауыштары жасырын келген тармақты тауып, бастауышы нешінші жақта екенін анықтауЖауап-50т
3-деңгей

(жинақтау, бағалау):

 

Өлеңнің бір тармағына синтаксистік талдау жасауЖауап -100т
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА

3 минут

1-деңгей (білу, түсіну):

 

(Оқушыларға келесі сабаққа шолу жасатуға тапсырма беру)  Жақсыз сөйлемнің жасалуы

173-жаттығу. Мәтіннен жай сөйлемдерді теріп жазу

 

2-деңгей

(қолдану, талдау):

 

Оларға синтакситік талдау жасау
3-деңгей (Шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар) 

«Мен тәуелсіз елдің ұланымын» тақырыбында ойтолғау жазу

БАҒАЛАУ

 

Теңге суммасы  бойынша бағалау

400-450 теңге  -«5»

300-400 теңге –«4»

200-300 теңге – «3»

 

 

КЕРІ БАЙЛАНЫС

2мин

 

Бүгінгі сабақта мен…
Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен сабақта  жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?

 

 

 

Сабақтың мақсаты мен сабақта  жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?

 

 

 

 

Келесі сабақта өз жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз

 

 

Оңтүстік Қазақстан облысы,

Сарыағаш ауданы,

№28 Абылай хан атындағы жалпы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәндері мұғалімі

Бөрібекова Маржан Тұңғышбекқызы