| Күні: 16.02.17. Сынып: 1 Б | Пәні: Сауат ашу Мұғалімі: Мейрманова Д |
| Сабақтың тақырыбы | Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Я я дыбысы мен әрпі. |
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту 1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту |
| Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
| Жетістік критерийлері | Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
| Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
| Пәнаралық байланыс | Өнер, ана тілі сабағы,математика, дене шынықтыру,дүниетану,өзін-өзі тану |
| АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба, таныстырылым, видео. |
| Тілдік құзыреттілік | Шаян-рак- |
| Сабақ барысы |
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
| Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут | Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстап қаламын. Ізгі,нәзік,әрі мейірімді, Болып кетер сонда менің жан жағым. | Шаттық шеңбері |
| Топқа бөліну | -Қазір қай мезгіл? -Қай ай? -Бір айда неше күн бар? -Бір аптада неше күн бар? -Біз бір аптаның неше күнін оқимыз? Тамаша! Жарайсыңдар! -Олай болса, 1 ден 5 ке дейін санап топқа бөлінеміз | |
| Өткенді қайталау: | 1)- Дыбыс дегеніміз не, әріп дегеніміз не? — Дыбыс нешеге бөлінеді? — Дауысты дыбыс ше? — Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді? — Бірде дауысты, бірде дауыссыз болатын қай дыбыс? — Қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз болады? — Біз қандай дыбыспен таныстық?— Я қандай дыбыс? — Қандай екі дыбыстың қосарлануы арқылы жасалады? (й + а) — Балалар қанша дыбыс, қанша әріппен таныстық.?(31) 2) Дыбыстарды шартты белгілермен көрсету (дыбыстық сигналдармен) 3) «Шашылған әріптер» ойыны.(шашылған әріптерден сөз құрау) 4) Буындық лото. -Буындардан сөз құра -Неше буын және неше дыбыстан тұратынын жұпта талқыла | |
| Сергіту сәті | Балалар көзімізді жұмып ішімізден 10-ға дейін санайықшы (осы кезде бір оқушыны шығарып қоянның бетпердесін кигіземін) — Нені көріп тұрмыз? — Қоянды көріп тұрмыз — Қоян сөзін буынға бөлеміз — Неше дыбыс неше әріп бар екенін ажыратамыз Сұр қоян | Сергіту сәтіне арналған жинақ |
Жаңа сабақ Видео көрсету Қызықты тапсырма | — Ұлттық кейіпкерлеріміз туралы айтайықшы — Қандай ұлттық кейіпкерлерді білеміз? (Алдар көсе мен Қожанасыр) — Дұрыс айтасыңдар.Аңыздарда олар ақылды,әділ,тапқыр,аңғал кейіпкерлер ретінде танылады. Алдаркөсенің Шықбермес Шығайбайды алдауы. Кітаппен жұмыс: 1) а) Шаян сөзін үш тілде айтқызу. ә) Қара мен жазылған сөздерді оқытып, мағынасын айтқызу б) Мәтінді тізбектеп оқу, я дыбысы бар сөздерді тауып, Я дыбысының артикуляциясын айтқызу. Я дыбысы й+а дыбыстарының қосындысынан тұратындығын, оның я әрпімен таңбаланатынын айтқыза отырып пысықтау. 2) Берілген сөзге мағынасы қарама-қарсы сөзді тапқызу (баяу-тез,сақ-бейғам) №3 Мысық неге мияулады? 3) Мысық неге мияулады? (Үйдің ауласында жүрген мысық кірпіні көріп қалады да одан қорқып кетеді.Өйткені кірпі кішкентай болғанымен де оның терісі тікенек болғандықтан қорықты. Мысық қалай дыбыстайды? (МИЯУ) Парта саған төсек емес жатуға, Түзу ұста, тік отыр сен партада. Бойды түзе, көтер басты жоғары, Сымбаттылық сонда болар бойында. Дәптермен жұмыс. Я дыбысының таңбалануы, таза, көркем жазу. Топтық жұмыс: Постер құрау, қорғау (алдарындағы суреттердің атауын жазып, буынга бөліп, дыбыстық талдау жасайды) Өзін-өзі бағалау,от шашу | Оқулық, дәптерлер. Өзін-өзі бағалау,от шашу |
| Сабақтың соңы | -Біз қандай дыбыспен таныстық? Яя дыбысының артикуляциясын айтқызу. Я дыбысы й+а дыбыстарының қосындысынан тұратындығын, оның я әрпімен таңбаланатынын айтқызу -Яя қандай дыбыс? -Яя дауысты дыбыс -Қандай екі дыбыстың қосарлануы арқылы жасалады? (й + а) -Яя дыбысы бар қандай сөздермен таныстық? Кері байланыс: Қалыптастырушы бағалау 1. Қатесін тап, 2. Күн шуағы,(Яя дыбысы бар сөздермен толықтыру) 3. Яя дыбысы қай үйдің тұрғыны Балаларды мадақтау РефлексияБүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау. | Бас бармақтар |
| Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтары мен байланыс (тәрбие) |
| Қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. | Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы) | Өнер, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
| | | |