Маңғыстау облысы.Бейнеу ауданы.
Манашы орта мектебі.
Физика пәні мұғалімі:Светлана Ногаева
| Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Қысым | Маңғыстау облысы.Бейнеу ауданы. Манашы орта мектебі. Физика пәні мұғалімі:Светлана Ногаева | ||||||||||||||||||||||
| Күні:9.06/2017 | Мұғалімнің аты -жөні:С.Ногаева | ||||||||||||||||||||||
| Сыныбы:7 | Қатыс саны: | ||||||||||||||||||||||
| Сабақтың тақырыбы: | Қысым.Қатты денелердің қысымы | ||||||||||||||||||||||
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.3.1.2 – қысым терминин түсіну.Қысымды арттыру немесе кемітудің өмірде қолданылуын мысалдар арқылы түсіну.
| ||||||||||||||||||||||
| Сабақтың мақсаты | Қысым ұғымды меңгеріп, есептер шығарғанда қолдана білуді үйрету. Қысымның негізгі ұғымдарын қалыптастыру. | ||||||||||||||||||||||
| Бағалау критерийі | 1. Қысымның анықтамасын 2. Шаманы белгіліп беру 3. Шаманың формуласын түрлендіру 4. Өлшем бірліктер, еселік бірліктер | ||||||||||||||||||||||
| Тілдік мақсаттар | • Тілдік мақсат: • Қысым ұғымының анықтамасын тұжырымдайды. «Қысым» терминдерін орыс және ағылшын тілінде аталуын біледі. • Пәнге қатысты лексика мен терминология: «Қысым» терминдерін меңгереді.Қысым күшке тура пропорционал беттік ауданына кері пропорциональ екенін біледі. • Диологтар мен жазу үшін қолданылытын тіркестер: Қатты заттардағы қысым…………….… Массасы 1кг денені 9.8Н күшпен………тартады | ||||||||||||||||||||||
| Құндылықтарға баулу | Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу құндылығын білімін арттыру. Қысым ұғымын өз бетімен оқып үйреніп және оны есептер шығаруда пайдалана отырып, топпен еңбек етуді бойына сіңіру.
| ||||||||||||||||||||||
| АКТ қолдану дағдылары | Интер белсенді тақта,суреттер,ресурстар,постер стикерлер | ||||||||||||||||||||||
| Пəнаралық байланыс | математика, технология, әдебиет,дене шынықтыру | ||||||||||||||||||||||
| Алдыңғы білім | Қатты денелердің сқйықтардың және газдардың молекулалық құрылымы туралы біледі. Заттың неден тұратынын біледі Заттардың ұсақ бөлшектері молекуламен атом туралы біледі. Заттардың молекулалық құрылымы негізінде қатты денелердің ,сұйықтар мен газдардың құрылымын сипаттап үйренеді | ||||||||||||||||||||||
| Сабақ барысы
| |||||||||||||||||||||||
| Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар
| ||||||||||||||||||||||
| Сабақтың басы
10 мин | 1. Ұйымдастыру.Оқушыларды түгендеу 2. Психологиялық дайындық Жүректен жүрекке әдісі 3. Үй тапсырма. «Жылдам сұрақ»әдісі 1.Заттар неден тұрады? 2.Қатты денелер қандай қасиетке ие? 3.Сұйық және газдардың қасиеттері? 4.Заттың өте ұсақ бөлшектен тұратынын болжаған ғалым? 5.Заттың құрылым теориясына үлесін қосқан орыс ғалымы? 6.Сұйықтар мен газдардың қасиеттерінің айырмашылығы неде? 7.Қатты денелер сұйықтардан қандай қасиеттерімен ерекшелінеді? Дескриптор: 1.Заттың неден тұратынын біледі. 2.Заттардың ұсақ бөлшектері молекуламен атом туралы біледі 3.Заттың агрегаттық күйлерін біледі.
4.Топқа бөлу. (Заттың агрегаттық күйлерімен бөліну) Ітоп Қатты ІІ топ Сұйық ІІІ топ Газ «Сөздер банкасы» оқушылар өздері білетін физикалық шамаларды атап банкіден алып отырады.Ең сонында қысым сөзі қалады,жаңа тақырып ашылады.
(Бейнеролик көрсету)
| Қарапайым сұрақтардың мысалы
Слайд
Слайд | |||||||||||||||||||||
| Сабақтың ортасы 28мин | ІІ. Жаңа сабақ: Қысым.Қатты денелердің қысымы. 1-тапсырма:Мәтінмен жұмыс
Мыс: Суретте нені байқадыңдар?
Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы қысым деп аталады. Қысым бетке перпендикулар бағытта әрекет ететеін күштің осы беттің ауданына қатынасымен анықталады:
F=PS
ХБЖ-да қысым паскальмен өлшенеді: гПа=100 Па=102 Па кПа=1000 Па=103 Па МПа=100000 Па=106 Па Оқушылар постер қорғайды: І топ. Қысым дегеніміз не?Суреттің сырын аш. ІІ топ.Қысымның формуласы.Қысым неге тәуелді? Мысал келтіру. ІІІ топ.Қоғамдағы ролі қандай? Суреттің сырын ашу ХБЖ-да қысым неменөлшенеді?
Суреттің сырын аш:
Дескриптор:
1.Өмірмен байланыстыра біледі 2.Қысым формуласын таба алады. 3.Постер қорғауды біледі 4.Өз ойларын толық жеткізе алады. 5.Суреттің мағынасын аша алды. Сергіту сәті : Мақал- мәтелдердің физикалық мағынасын ашу: : І.От жанды жылытады, жылы сөз тәнді жылытады.( Қатты дененің жануы,энергия) ІІ. Отқа салсаң темірде балқиды. (заттың агрегаттық күйі, дененің қатты күйі) ІІІ. Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді. (Диффузия) 1V.Жел тұрмаса,шөптің басы қозғалмайды (Қозғалыс,тербеліс) Дескриптор: 1.Мақалдың мағынасын аша алады 2.Оларға сипаттама бере алады
2-тапсырма : Зымыран есептер 1.Массасы 6000 кг жер тегістегіш машина тіреуінің ауданы 2000см2. Оның топыракка түсетін қысымы қандай? 2.Егер табаның ауданы 1,5 м2 көлемі 6м3 болса мәрмәр тас топыраққа қандай қысым түсіреді. 3.Массасы 400кг дененің ауданы 20м2.Ол дененің қысымын тап. Дескриптор: 1.Есептің берілгенін жаза алады. 2.Есептің формуласын таба алады. 3.Есепті толық қорытып шығара алады.
3- тапсырма.Физикалық диктант Қысымның формуласы………………….. Қысым күшке тура пропорционал беттің ауданына……………… пропоционал Күш түсіретін бет ауданын кішірейткен сайын қысым ……………… болады Дескриптор: 1.Қысымның формуласын біледі. 2.Қысымның неге тәуелді екенін біледі..
| Слайд | |||||||||||||||||||||
| Сабақтың соңы
7 мин | 4- тапсырма Сәкестендіру әдісі Гук заңы F=mg Ауырлық күші F==kx Үйкеліс күші F=μmg Дененің салмағы P=mg
Дескриптор: 1.Формулаларды тез таба біледі. 2.Оларға сипаттама бере алады.
| Ресурстар,үлестірме | |||||||||||||||||||||
| Әңгімелесетін әріптестер (жұппен жұмыс) Өткен сабаққа сілтеме жасауды көздейтін бастапқы немесе бүкіл сыныпқа арналған тапсырма ретінде оқушылар әріптестерімен: жаңа оқылған 3 факті туралы; оларға жеңіл болып көрінгендер туралы оларға қиын болып көрінгендер туралы алдағы уақытта оқығысы келген нәрселер туралы ақпарат алмасады.
| |||||||||||||||||||||||
| Кері байланыс «Жақсылық тамшысы»«Бүгінгі сабақтан алған тамшыдай біліміміз, болашақта білім теңізіне айналсын» — деп қорытындыладым | Бүгінгі алған білімдері бойынша оқушылардың түсінігін ортаға салады. | ||||||||||||||||||||||
| Бағалау | Оқушының өзін – өзі бағалау бетшесі
| ||||||||||||||||||||||
| Үйге тапсырма | Қысым формуласына есептер құрастыру. Паскаль заңы тақырыбын оқып келу. | ||||||||||||||||||||||
| Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
| Жұмысты жылдам әрі дұрыс орындаған, жеке жұмысты толық әрі нақты орындаған оқушыларға дербес қолдау көрсетіп отырамын. Есеп шығару барысында жылдам шығарып отырған оқушыларға мадақтау сөздері арқылы қолдау көрсетемін.Постер қорғау барысында оқушылардың арасындағы ауыз біршіліктің қандай екені айқын білінеді.Керемет,тамаша сөздері арқылы оқушыларымды мадақтап отырамын. | Қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындау деңгейіне қарай жетістік критерийін негізге ала отырып бағалаймын. Ауызша және жазбаша жауап берген оқушылардың деңгейлеріне қарай бағалаймын. | Сыныпта парта мен орындықтардың оқушы денсаулығына зиян келтірмейтіндей етіп орналастырылуына басты назар аударамын. Сергіту сәттерін қолданамын. |
| Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |
| Сабақ мақсаттар дұрыс қойылған.Себебі oқушылар кез келген тақырыпты өмірмен байланыстыра біледі.Тақырып алдын ала үйге оқып келуге берілгендіктен оқушылар ақпарат көздерінен көптеген мағұлматтар алып,тақырыпты ашуға тырысады. | ||
