№ 46 жоббм бастауыш сынып мұғалімі БҚО Орал қаласы Акатова Жансауле Какимжановна
Сабақтың тақырыбы: Шылау мен шылау тұлғалас қосымшалардың жазылуы.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушылардың шылау туралы ұғымдарын кеңейту. Шығармашылық тапсырмалар арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
Дамытушылық:Оқушының ой-өрісін,дүниетанымын көру, шығармашылық
қабілеттерін, сөздік қорын, тілін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды достыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке, татулыққа, ұйымшылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап , пысықтау, түсіндіру, талдау. СТО жобасының стратегиялары (Венн диаграммасы.)
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу
Сабақтың көрнекілігі:А-3, маркер.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
- Өткен тақырыпты еске түсіру.
Ой-қозғау, Сұрақ-жауап
- Шылау дегеніміз не?
- Мен пен, бен , және шылаулары туралы не білеміз?
- Да, де та, те шылаулары қандай мағына үстейді?
- Ма, ме, ба,бе ,па, пе шылауларының тыныс белгілері туралы айт.
- Үшін, туралы дейін, шейін шылаулары қандай септіктермен байланысады?
- Қой, ғой, қана, ғана –ақ , ау шылаулары қандай қызмет атқарады?
III. Жаңа сабақ
- Арыстан да , жолбарыс та орман да мекен етеді.
- Бөлмеде гүлдер өсіп тұр.
- Оқушылардың барлығы бөлмеде.
(Осы сөйлемдерді талдау арқылы ереже шығару.)
- Кітаппен жұмыс
1-жаттығу Мен, бен ,пен шылаулары кездесетін сөйлемді көшіріп жаз.
IV . Топтық тапсырма
1-топ Түн ұйқысын төрт бөліп , сені өмірге әкелген кім?
Сол сөзді тауып , тәуелде.
2-топ 12 сәуір қандай күн?
Жауабы болатын сөзді үш жақта жікте.
3-топ Өңшең тістің арасында
Бір патша . (Тіл) Жауабын септеңіз?
4-топ Біршама зат есімге көптік жалғауын қосып айт.
2-жаттығу
Зат атауларын мен, бен , пен шылаулары арқылы сөйлес құрастырып жаз.
- Шығармашылық жұмыс .
1-топ Мен, пен, бен шылау және қосымша болатын түріне мысал келтір.
2-топ Да, де , та, те шылау және қосымша болатын түріне мысал келтір
3-топ Ма, ме, ба,бе ,па, пе шылау және қосымша болатын түріне мысал келтір
4-топ Үшін, туралы, дейін, шейін , қой, ғой, қана, ғана –ақ , -ау шылауларына мысал келтір.
3-жаттығу Сөйлемдерді көшіріп жазып, шылаулардың астын сыз.
4-жаттығу. Өлеңді жатқа жаз.
Мәтіндегі шылауды бір сызықпен, жатыс септігі жалғанған сөзді екі сызықпен сыз.
- VI. Қорытынды :
- Шылау нешінші сөз табы?
- Шылау мен қосымшаның айырмашылығы?
- Шылау мен қосымшаның ұқсастығы?
VII. Оқушылардың білімін бағалау.
VIII. Үйге иапсырма
5-жаттығу ( 95 бет ), ереже жаттау .
