JOSPARLAR.KZ-Орта мерзімді және Қысқа мерзімді Сабақ Жоспарлар сайты

Натурал сандардың бөлінгіштігі                            

Мектеп: Жанқожа батыр атындағы №70 мектеп   

Мұғалімнің аты-жөні:  Абубакирова Гульназ

Ұзақ мерзімді                                                            

жоспардың тарауы:  5.1В                                  Натурал сандардың бөлінгіштігі                            

Күні:                       Сынып: 5                                                                                                                                              

Мектеп: Жанқожа батыр атындағы №70 мектеп   

Мұғалімнің аты-жөні:  Абубакирова Гульназ

Қатысқандар:                

Қатыспағандар:                                                                                                           

Сабақтың тақырыбы:

 

Жай және құрама сандар
Осы сабақта қол жеткізілетін

оқу мақсаттары:

5.1.1.6 жай және құрама сандардың анықтамаларын білу;

 

Ойланудың деңгейлері:Білу, түсіну, қолдану
Сабақтың мақсаты:Барлық оқушы:

Натурал санның бөлгіштерін таба алады, бөлгіштерінің санын анықтайды;

Оқушылардың басым бөлігі:

Натурал сандардың бөлгіштеріне қарай жай немесе құрама екенін анықтайды, жай сандар кестесін пайдаланып тапсырмаларды орындайды;

Кейбір оқушылар:

Жай сандардың ішінен егіз сандарды таба алады, құрама сандардың ішінде кемел сандардың болатынын түсінеді және оны табу үшін ізденеді, берілген цифрларды пайдаланып жай немесе құрама сандарды құрастырады, санның құрама екендігін дәлелдейді;

Бағалау критерийі—          Натурал санның бөлгіштерін біледі;

—          Берілген сандар қатарынан жай және құрама сандарды көрсетеді;

—          Натурал санның бөлгіштерінің саны бойынша жіктейді;

—          Жай саннан да, құрама саннан да басқа тек 1 бөлгіші бар сан бар екенін біледі;

—          Егіз сандарды таниды және дәлелдейді;

—          Жай сандар мен құрама сандармен орындалатын арифметикалық амалдар нәтижелерін қорытындылай алады;

Тілдік мақсаттар:Оқушылар натурал санның бөлгіштерін айта алады, жай және құрама сандар анықтамасын тұжырымдайды;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Натурал санның бөлгіштері, жай сан, құрама сан, егіз жай сандар, кемел сандар, Эротосфен елегі;

Диалог/жазылымға қажетті тіркестер:

—          Натурал сан жай деп аталады, егер …

—          Натурал сан құрама сан деп аталады, егер …

—          1 саны жай немесе құрама сан бола ма?

—          Айырмасы 2-ге тең болатын екі жай санды егіз сандар деп атаймыз.

—          Натурал сандарды бөлгіштеріне қарай қандай топтарға бөлеміз?

Құндылықтарға баулу:«Жалпыға бірдей еңбек қоғамы»
Пәнаралық байланыс:Тарих пәні: математика тарихынан «Эротосфен елегі» туралы  ақпарат беру

 

Алдыңғы білімНатурал санның бөлгіштері мен еселіктері

 

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдеріСабақтағы жоспарланған жаттығу түрлеріРесурстар
Сабақтың басы

 

1-2 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4-5 мин

Ұйымдастыру бөлімі:

 

1.Оқушыларды  таратпа қағаздағы сандар арқылы 4 топқа бөлу, 3, 5, 7, 11 сандарының еселіктері арқылы кездейсоқ 4 топ құрылады:

І топ: 5 санының еселіктері: 5,10,15,20,25

ІІ топ: 3 санының еселіктері: 3,6,9,12,24

ІІІ топ: 7 санының еселігі: 7,14,21,28,42,

IV топ: 11 санының еселігі: 11,22,44,88, 110

 

2. Ширату жаттығуы:

Арифметикалық фокус

1)      Кез келген үш таңбалы санды жаз;

2)      Жазған саныңның оң жағына сол санды қайталап жаз. Алты таңбалы сан шықты.

3)      Шыққан санды 7-ге бөл.

4)      Нәтижені 11-ге бөл.

5)      Тағы да нәтижені 13-ке бөл.

6)      Шыққан санға назар аудар. Не байқадың?

Оқушының бастапқы жазған саны не себепті қайта шыққанын мұғалім түсіндіреді. 1001 санының бөлгіштері 7,11,13 болатынын  оқушылар түсінеді.

 

1-тапсырма.  «Миға шабуыл» топпен жұмыс.

І топ:

Кестеге 25, 23, 6, 13, 1, 28, 19 сандарының бөлгіштерін және бөлгіштер санын толтырыңдар:

Натурал санБөлгіштеріБөлгіштерінің саныҚорытынды
25   
23  
6  
13  
1  
28  
19  

 

ІІ топ:

Кестеге 35, 41, 26, 11, 1, 18, 29 сандарының бөлгіштерін және бөлгіштер санын толтырыңдар:

Натурал санБөлгіштеріБөлгіштерінің саныҚорытынды
35   
41  
26  
11  
1  
18  
29  

 

ІІІ топ:

Кестеге 45, 17, 16, 31, 1, 10, 43 сандарының бөлгіштерін және бөлгіштер санын толтырыңдар:

Натурал санБөлгіштеріБөлгіштерінің саныҚорытынды
45   
17  
16  
31  
1  
10  
43  

 

ІV топ:

Кестеге 12, 7, 4, 11, 33, 2, 1 сандарының бөлгіштерін және бөлгіштер санын толтырыңдар:

Натурал санБөлгіштеріБөлгіштерінің саныҚорытынды
12   
7  
4  
11  
33  
2  
1  

 

Кесте бойынша зерттеңдер:

1)      Натурал сандарды бөлгіштерінің саны бойынша қалай топтастыруға болады?

2)      Бөлгіштерінің саны біреу болатын қанша сан бар? Кестедегі мәліметтерден басқа 1 бөлгіші бар сан табыла ма?

3)      Бөлгіштер саны 2-ге тең сандарға назар аударыңдар, олар туралы қандай қорытынды жасауға болады? Тағы қандай мысалдар келтіре аласыңдар?

 

 

 

Топқа бөлуге арналған таратпа қағаздар

 

 

 

 

 

 

Слайд №1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-үлестірме

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

2 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

12 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8 мин

Оқушылардың 1-тапсырмадағы орындаған жұмыстарын мұғалімнің басқаруымен толықтыру жоспарланады.

1 мен 1000 сандары арасындағы жай сандар кестесі тақтада көрсетіліп (тақырыбы жазылмаған түрде), оқушыларға сұрақтар қойылады:

—          «Кесте бойынша не байқадыңдар?

—          Кесте қандай ереже, заңдылықпен құрылған?

—          Бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай болады деп ойлайсыңдар?»

деген сұрақтар арқылы оқушыларға ой тастап, сабақ мақсатын өздері болжауға мүмкіндік беремін. Оқушылар сабақ мақсаты сандармен байланыстылығын ұғынады.

 

Мұғалім сабақ мақсатын хабарлайды, тақырып бойынша анықтамалар қайталанады.

 

2-тапсырма. Жұптық жұмыс

№191.

Жай сандар кестесін пайдаланып:

1)      66,97,128,139,201,311,450,502,503,641,864,879,991 сандарынан жай сандарды бір жолға, құрама сандарды екінші жолға жазыңдар.

2)      1-ден 50-ге дейінгі егіз сандарды жазыңдар.

Әрбір оқушы өзінің оң жағында отырған оқушымен жұптасады да, тапсырманы бір-бірімен тексереді, салыстырады.

 

3-тапсырма. Жеке жұмыс

№193.

Мына сандарды:

1)      Екі жай санның қосындысы түрінде жазыңдар:

10;12;18;24;30;42;68;

2)      Екі жай санның көбейтіндісі түрінде жазыңдар:

22;35;77;65,69;95

Бағалау критерийі:

ДискрипторларҰпай
Санды қосылғыштарға жіктеуді біледі: 2+8=101
Берілген сандарды қосылғыштарға жіктеуде тек жай сандарды қолданды: 10=3+71
Санды екі санның көбейтіндісі түрінде жазғанда жай сандарды қолданды: 22 = 2 * 111

 

№196.

1,3,5,7 цифрларының әрқайсысын бір рет қана пайдаланып, екі таңбалы сандарды жаз. Осы сандардың

1)      қайсысы жай сан?

2)      қайсысы құрама сан?

 

ДискрипторларҰпай
Цифрлардан екі таңбалы сандарды құрастыра алады: 11,33,55,77,13,15,17,

31,35,37,51,53,57,71,73,75

1
Берілген цифрларды бір рет қолданды:

13,15,17,31,35,37,51,53,57,71,73,75

1
Жай сандар мен құрама сандарды жазды:

Жай сандар: 13,17,31,37,53,71,73

Құрама сандар: 15,35,51,57,75

1
Жай сандар мен құрама сандарды түгел жазды1

 

Кері байланыс:

7-6 ұпай: «Жарайсың! Сабақты жақсы меңгергендігіңді көрсеттіңІ»

5-4 ұпай: «Жоғары нәтижеге жетуіңе 1 қадам қалды, ұмтылуға тырыс!»

3-1 ұпай: «Жақсы нәтиже көрсеткен досыңнан көмек сұрауды ұсынамын»

 

4-тапсырма. Топтық жұмыс. «Хабарлама жіберу» (sms)

Әр топқа бір сұрақ беріп, оның жауабына сәйкес келетін «хабарлама» дайындайды. Дайын хабарламаны сағат тілінің бағытымен келесі І топ ІІ топқа жолдайды. т.с.с. «Хабарламаны» алған топ оның келесі бетіне:

«Керемет! Бұл мен үшін жаңалық болды!»,

«Рахмет!Бұл туралы әлде де ойланып көру керек», «Түсінбедім, қайта толықтырасың ба?»

деген сияқты тіркестер арқылы жауап жазады және кері байланыс орнатады.

1)      Екі жай санның қосындысының мәні жай сан бола ма?

2)      Екі жай санның айырмасының мәні жай сан бола ма?

3)      Екі жай санның көбейтіндісінің мәні жай сан бола ма?

 

5-тапсырма. «Эротосфен елегіне» зерттеу жүргізу

Мұғалім әр топқа төмендегідей кестені таратады, кесте бойынша оқушыларға зерттеуге арналған нұсқаулар береді:

1)      2 санынан басқа 2 санына еселік болатын барлық сандарды тауып, оларды сызып шығыңдар;

2)      3 санынан басқа 3 санына еселік сандарды сызып шығыңдар;

3)       5 санынан басқа 5 санына еселіктерді сызып шығыңдар;

4)      Кестеде 7 санынан басқа 7-ге еселік сан табыла ма, бар болса оны да сызып шық;

5)      Қалған сандар туралы ойлан! Не байқадыңдар? Өз қорытындыларыңды жасаңдар.

 

І топ: 1 – 30

12345678910
11121314151617181920
21222324252627282930

 

ІІ топ: 31-60

31323334353637383940
41424344454647484950
51525354555657585960

 

ІІІ топ: 61-90

61626364656667686970
71727374757677787980
81828384858687888990

 

Топтар жұмысты орындап болған соң кестелер тақтаға ілініп, әр топ басқа топтың жұмысын тексеріп шығады, қателіктер болса, түзетеді.

Сызылмай қалған сандар туралы оқушылардың қорытындылары тыңдалады. Содан соң «Эротосфен елегі» туралы тарихи мағұлмат беріліп, бейне ролик көрсетемін.

 

 

Слайд №2

1 және 1000 сандарының аралығындағы жай сандар кестесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқулық «Атамұра» баспасы

Т.Алдамұратова, 75-76 бет

Слайд №3

(тапсырманың дұрыс жауабы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд №3

2-үлестірме

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд №4

 

 

Кестелік органайзер,

Бейне-ролик

https://www.youtube.com/watch?v=9m2cdWorIq8

 

 

 

Сабақтың соңы

 

4 мин

1.Сабақ мақсаты қайта хабарланып, оқушыларға сұрақ беру арқылы қорытындыланады.

1)      Натурал сандар бөлгіштерінің санына қарай қандай түрлерге бөле аламыз?

2)      Жай сан мен құрама сандарды ажырата аламыз ба?

3)      Ең үлкен жай санды табу мүмкін бе?

4)      Ең кіші жай сан қандай сан?

5)      Жай сан да, құрама сан да бола алмайтын санды білесің бе?

 

2.Кері байланыс.

Оқушыларға қосар бет таратылады. Оның сыртына оқушылар туған күні, айы, жылы санмен көрсетіліп, жазылған сандардың жай, құрама немесе 1 саны болатынын кестеге түсіреді. Ішкі бөлігінде кері байланысқа арналған сауалдарға жауап береді.

 

Оқушының туған күні: 13.10.1985

 

Натурал сандар
Құрама санЖай сан1 саны
10

1985

13
 

Оқушының туған күні, айы, жылы:

____________

 

Натурал сан
Құрама санЖай сан1 саны

 

 

Сабақ мақсатына қол жеткізуде сен үшін ең тиімді болған екі нәрсені жаз: 1.___________________________________________________________2.___________________________________________________________

Сабақ барысында мақсатқа жетуіңе кедергі болған 1 нәрсені жаз: ____________________________________________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Үйге тапсырма: оқулықтан №194, №198

Шығармашылық тапсырма: «3-ші кемел санды тап. 4-шісі қандай болуы мүмкін?Ойланып көр.

 
Саралау – Сіз қандай тәсілдермен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

 

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау;

АКТ қолдану;

 

·         Топтар кездейсоқ әдіс бойынша құрылады;

·         Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін «Арифметикалық фокус» ширату жаттығуы жоспарланды;

·         Оқушылардың  танымдық қасиетін дамыту мақсатында «Миға шабуыл» жаттығуы жоспарланды;

·         Оқушылар сабақ мақсатына апаратын күрделі зерттеулерге арналған тапсырма арқылы – «Эротосфен елегін» зерттейді, тарихи мағұлат алады.

·         Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында кемел сандардың алғашқы екеуі туралы ақпарат беріліп, үшіншісін табу үй тапсырмасы және «Төртінші кемел сан қандай болуы мүмкін?»  зерттеуі ұсынылады.

·         Жұптық жұмысты дайын жауап арқылы жұптар бір-бірін бағалайды;

·         Жеке орындауға арналған тапсырма дискрипторлар бағаланады;

·         Сынып журналындағы мәліметтерге сүйеніп оқушының тапсырманы дұрыс немесе қате орындағанын анықтаймын;

PowerPoint бағдарламалық жабдығында даярланған слайдтар;

Бейне-ролик

Сабақ бойынша рефлексияБұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз.

Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

 

 

 
Жалпы бағалау

 

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

 

2.

 

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді?

1.

 

2.

 

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?