Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс
| 13.12.2016 | Қазақстан тарихы
| 8 — сынып
| ||
| Сабақ тақырыбы: | Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс
| |||
| Жалпы мақсат: | Бөкей Ордасындағы көтерілістің себебін, тарихи маңызын түсіну, тарихи оқиғаларды өз бетінше саралап, салыстыра алу, көтерілістің басталу себебін,тарихи маңызын, бұл тарихи оқиғаның бүгінгі жастарға үлгі екенін түсіндіру. | |||
| Күтілетін нәтиже: | Оқушылар тарихи деректермен жұмыс жасайды, көтерілістің себебін анықтай алады, тарихи маңызын түсінеді, тарихи оқиғаларды саралап, салыстыра алады. | |||
| Сілтеме: | Оқулық. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық 97-102 беттер | |||
| Сабақтың түрі: | Аралас сабақ | |||
| Сабақта қолданылатын ресурстар: | Үлестірмелі қима-қағаздар,бағалау парағы,АКТ | |||
| Оқыту әдістері: | Джигсо 1 стратегиясы АКТ, диалогтік оқыту, топтастыру, бүктеме, рөлдік ойын сергіту. | Жеке жұмыс Топтық жұмыс Жұптық жұмыс АКТ-мен жұмыс. | ||
|
| Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | ||
| І.Ұйымдастыру кезеңі. 2 мин.
| 1.Сәлемдесемін, Шеңберге тұрғызамын Шын өр рухты қазақпыз ба? Қазақпыз! Жер еркесі желдей ескен азатпыз ба? Азатпыз! Егемендік, Азаттықты сүйеміз бе? Сүйеміз! Азаттықтың күрескері Исатай мен Махамбеттей Батырларды білеміз бе? Білеміз! 2. Сурет қиындысын құрау арқылы сыныпты 3 топқа бөлу. 3. Бағалау парағын тарату, топ басшысын сайлау | 1.Оқушылар сәлемдеседі,кезекші сыныпта кім жоқ екендігін айтады, қойылған сұрақтарға жауап береді.
2.Оқушылардың мұндағы мақсаты сурет қиындысы арқылы бір топ болып құралу 3. Бағалау парағын тарату, топ басшысын сайлау | ||
| ІІ.Үй тапсырмасын сұрау 3 мин | Зымыран сұрақтар. 1. Бөкей хандығы қай жылы құрылды? 1812 ж 2. Бөкей хандығының негізін қалаған кім? Бөкей 3. Бөкей хандығы қай жерде орналасқан? Еділ мен жайық өзені аралығында 4. Жәңгір кім? Бөкейдің ұлы хан 5. Ағарту саласында қандай іс-әрекеттер жасады? 6. Денсаулық саласындағы жетістіктері қандай? | Оқушылар қойылған сұрақтар бойынша білімдерін көрсетеді. | ||
| III.Жаңа сабақ 13 мин.
Ойлан. Топтас.Талқыла
| Махамбет пен Исатай туралы білімдерін шоғырландыру. АКТ-дан видеоролик көрсету. Оқушылар үш топқа бөлінеді. 1 топ оқушылары “Көтеріліс барысы”. 2 топ оқушылары “Көтерілісшілердің Хан ордасын қамауға алуы. Тастөбе шайқасы”. 3 топ оқушылары “Көтерілісшілер күшін біріктіру. Көтерілістің жеңіліске ұшырауының себептері мен салдары”. Оқушылар өздері өз топтарында оқып талқылайды, постер қорғайды. |
АКТ-дан видеоролик тамашалайды 1.Мәтінді топ болып оқиды, талқылайды. Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру. 3.Оқушылар өздерінің шығармашылықтарын.
| ||
| Рөлдік ойын көрініс көрсету 5 мин
| 1-топ тапсырмасы:1837 жылдың қараша айы И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы Тастөбе шайқасына өз серіктерін дайындауда… (көрініспен көрсету) 2-топ тапсырмасы: 1937 жылдың желтоқсан айы көтерілісшілер Жайық өзенін кесіп өтуде… (көрініспен көрсету) 3-топ тапсырмасы: 1846 жыл Жарсуат ауылына жақын орналасқан Қараой жерінде Махамбет Өтемісұлы қаза тапты…(көрініспен көрсету) | Әр топ оқушылары оқиғаны өз түсінгендеріне қарай сомдайды. | ||
| Шатастырма тест 4 мин. | Оқушылар жаңа сөздерді іздеп табуы тиіс. РАЫЛЫИЫЛТАСТӨБЕЫВДРВАДВАРАДВҚАРАУЫЛҚОЖАФЧПОАҚБҰЛАҚКЦФЧПООДАНУИСАТАЙДНАФВЛИБАЛҚЫБИПОМБИОМЖАЙЫҚСЛЛПБЬЖАРЫККЕЮНЕСКОЖАРГОЫКУОЛЬЛМДБАЙМАҒАМБЕТРАОПОЛИЧСМАБҚАРАОЙЧСМААЬЖАГ | Топ оқушылары біріге отырып жаңа сөздерді табуы тиіс. | ||
| Шығармашылық тапсырма 5 мин | 1-топ тапсырмасы: 1836 жылғы көтеріліспен 1986 жылғы көтерілісті салыстыр. 2-топ тапсырмасы: Махамбет пен Исатай кезіндегі қазақтар мен қазіргі кездегі өмірмен салыстырып жазу. 3-топ тапсырмасы: Картадан басты оқиғалар өткен жерді көрсету | Әр топ өзіне берілген тапсырманы орындайды. | ||
| Сергіту сәті 2 мин. | Жұмыр Қылыш күйіне видеоролик арқылы қимыл жасау. | Жұмыр Қылыш күйінде видеороликте көрсетілген қимылдарды жасайды. | ||
| Сабақты бекіту 3 мин.
| «Бүктеме» әдісі арқылы 3 топ оқушылары топтасып бір-біріне тақырып бойынша сұрақтар қояды | 1.Оқушылар өздеріне берілген сұрақтарды талқылайды, топтың бір мүшесі түсініктемесін айтады. | ||
| Сабақты қорытындылау 8 мин. | Қорытындылау: | “Өзіме хат” Махамбет пен Исатай болып қазіргі жас ұрпаққа өз-өзімізге Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен құттықтап хат жазу | ||
| Рефлексия: | Бүгінгі сабақ қалай өтті ұшақтың қанатына өз ойын жазып ұшыру. | |||
| Бағалау: | Топ басшылары топ мүшелерін қалай бағалағандығын айтып, бағалау парақшасымен таныстырады | |||
| Үй тапсырмасы: | §19 оқу. Мұхтар Шахановтың “Нарынқұм трагедиясы” поэмасының өздеріне ұнаған бөлімін жатқа айту | |||
Махамбет атындағы орта мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы: Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы
бастаған көтеріліс
Сыныбы: 8 а
Өткізген: М.Азирбаев
2016-2017 оқу жылы
Азирбаев
Манас
Бериккалиевич
Атырау облысы
Индер ауданы
Махамбет атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі
