JOSPARLAR.KZ-Орта мерзімді және Қысқа мерзімді Сабақ Жоспарлар сайты

Сабак жоспары

Раушангүлділер тұқымдасы. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер

Раушангүлділер тұқымдасы. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары. Жабайы өсетін, мәдени, дәрілік, маңызды халық шаруашылығының өсімдіктері.
Аты-жөнім: Бисенбаева Мөлдір Бисенбайқызы
Ақтау қаласы №17 орта мектеп
Биология пәні мұғалімі

16.02.2017 ж.

17.02.2017 ж.

Биология 6 «а», «б» сынып

 

Сабақтың тақырыбыРаушангүлділер тұқымдасы. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары. Жабайы өсетін, мәдени, дәрілік, маңызды халық шаруашылығының өсімдіктері.

№23 зертханалық жұмыс.

Раушангүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысы.

Сабақтың мақсаты,міндетіРаушангүлділер тұқымдасына қандай өсімдіктер жататынын білу тіршілік формаларына қарай ажырататынын түсіну. Гүлінің, жапырағының құрылыс ерекшеліктерін талдау пайдасы мен зиянын айта отырып, баға беру.

Білімділігі: Оқушыларды раушан, бұршақ тұкымдасының ерекшеліктерімен таныстыру. Тұқымдастың алуан түрлігі мен манызын көрсету.

Дамытушылығы:  Оқушылардың интеллектуалдық қабілетін, білімі мен білік дағдысын дамыту. Шығармашылық денгейін тапсырмалар арқылы оқушының биологиялық білімге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелілігі: Оқушыларға раушан, бұршақ тұқымдасының табиғат пен адам өміріндегі манызын мысалдармен түсіндіріп,табиғатты аялауға оған түсінікстікпен қарауға оқушылардың  табиғи – ғылыми көзқарастарын қалыптастыра тәрбиелеу.

Оқыту нәтижелері—          Барлық оқушылар раушангүлділер тұқымдасына қандай өсімдіктер жататынын біледі.

—          Раушангүлділер тұқымдасының тіршілік формаларына қарай ажырататынын түсінеді;

— Оқушылардың басым бөлігі раушангүлділер тұқымдасының құрылыс ерекшеліктерін ажыратады;

— Кейбір оқушылар гүлінің, жапырағының құрылысына қарап талдайды.
Пайдасы мен зиянын айта отырып, баға береді

СілтемеБиология оқулығы 6 сынып
Негізгі идеясыРаушангүлділер тұқымдасы. Гүлі мен жемісінің құрылысындағы ерекшеліктер, тіршілік формалары.
Қолданылған әдістері мен тәсілдеріЖеке, топпен жұмыс (Сыни тұрғыдан ойлау), әңгіме, түсінік беру (ақпараттық коммуникациялық технология),
оқуды бағалау, сұрақ – жауап, пікірталас.
РесурстарСуреттер, сұрақтар жазылған парақтар
Сабақ жоспары1.      Ұйымдастыру:  топқа бөлу (стикер таңдау арқылы 3 топқа бөлу), мақсат қою

2.      Сабақ барысы:  Блум таксономиясы бойынша

3.      Рефлексия

4.      Үйге тапсырма

 

Сабақ амандасып, сынып оқушыларын түгелдеуден басталады.

 

 

Сабақтың кезеңдері:Мұғалімнің іс-әрекеті:Оқушының іс-әрекеті:
Ұйымдастыру кезеңі:

(2 мин)

Оқушылармен амандасу, түгендеу.  Сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау.

 

Сәлемдеседі, бір-біріне сәттілік тілейді
Оқушыларды топқа бөлу:

(3 мин)

Оқушыларды стикерлер таңдатқызу арқылы 3 топқа бөледі.Топтарға бөлінеді
Білу

(10 мин)

Оқушылардан үй тапсырмасы сұрақтар қою арқылы сұралады.

1. Тұқымды өсімдіктер қандай бөлімдерден тұрады?

2. Шаршыгүлділердің гүлінің құрылысын  формула түрінде жаз, түсіндір?

3. Гүлді өсімдіктер қандай 2 класска бөлінеді?

Әр топқа бір бірден сұрақ беріледі. Әрбір топтан бірінші болып қол көтеріп жауап берген оқушы топ басшысы болады.

Қалған оқушылардан графикалық тест түрінде сұралады:

1.Жабық тұқымды өсімдіктердің 250 000-дай түрі бар.

2. Гүлді өсімдіктердің тұқымы бүрде ашық орналасады.

3. Жабық тұқымды өсімдіктерде гүл көбею мүшесі болып табылады.

4. Гүлді өсімдіктерге қосарлы ұрықтану тән.

5. Жабық тұқымдылар жеміс түзбейді.

6. Жабық тұқымдылар – сүректі өсімдіктер, яғни ағаштар, бұталар.

7. Жабық тұқымды өсімдіктер тұқым жарнағына байланысты даражарнақтылар және қосжарнақтылар класы деп бөлінеді.

1. (+)

2. (-)

3. (+)

4. (+)

5. (-)

6. (-)

7. (+)

 

Тақырыптың басты идеясын табады. Сұрақтарға жауап беру арқылы өткен тақырыптағы

мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.

 

Түсіну

(10 мин)

Жаңа сабақ түсіндіру.   

«Раушан» гүлдің суретін көрсету.

— Ендеше, балалар, бұл суреттен не көріп тұрсыңдар
— Бүгінгі сабақ немен байланысты болуы мүмкін?

Әр топ тақырып бойынша постер қорғайды

I топ. Раушангүлділердің түрлері, олардың топтастырылуы
ІІ топ.  Раушангүлділердің құрылыс ерекшеліктері, ортақ белгілері.
ІІІ топ. Адам өміріндегі маңызы.

 

 

Топтар талдап түсіндіреді Постер қорғайды.

Қолдану

(5 мин)

Теорияны тәжірибеде үйлестіру үшін тақырыпқа тиісті тапсырмалар  береді.

Биологиялық диктант

1.  Раушангүлділер тұқымдасының жер бетінде ………….. түрі  бар.

2. Қазақстанда ………  түрлері өседі.

3. Гүлсеріктері…, тостағаншасы…, күлтесі… .

4. Итмұрын гүлінің формуласы ………………… .

5. Жабайы алхоры гүлінің формуласы …………………. .

6. ………… – жабайы итмұрыннан шығарылған сорт.

Жауаптары: 3000-нан ; 190-дай; қосқабатты, 5, 5;

*Т(5)К5А шексіз Ж шексіз; *Т(5)К5А20Ж1; Раушан

Сұрақтарға жауап жазу:

1. Ғаламшарында және елімізде раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің саны қанша?
2. Раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің өсу формалары қандай?
3. Раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің жапырақтары қандай?
4. Раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің жемістері қандай болады және жемістері қалай таралады?
5. Раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің гүлшоғырлары және гүлсеріктері қандай болады?
6. Раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің гүлінің формуласы қандай?
7. Раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің қандай өсімдіктер жатады?
8. Раушангүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің қандай пайдасы бар?
9. Раушангүлділер тұқымдасының қандай туыстары болады?

 

Теорияны тәжірибеде үйлестіре  алады

 

Талдау

(7 мин)

Тақырыпта берілген тапсырмаларды талдауға үйренеді.    

1) №23 зертханалық жұмыс.

2)

 

 

Мына суреттегі гүлдің диаграммасын талдап,формуласын жазыңыздар

 

Талдау жасау арқылы тақырыптың мағынасын түсінеді

Салыстырады, сараптайды

Жинақтау

(5 мин)

Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін жинақтап, түйіндеу үшін?

Сөзжұмбақ «Раушан»

1.Тікенекті өсімдік (Итмұрын)

2.Раушангүлділер тұқымдасына жататын ағаштектес  өсімдік (Алма)

3.Жабайы итмұрыннан шығарылған іріктеме  (Раушан)

4.Шырынды жемісті өсімдік (Шие)

5.Жемісі құрама жаңғақшалы болып келетін раушангүлділер тұқымдас өсімдік (Құлпынай)

6.Раушангүлділердің жабайы өсетін түрі (Шетен)

 

                       И т м  ұ р ы н

                                     а л м а

                               р а у ш а н

                                    ш и е

                  қ ұ л п ы н а й

                        ш е т е н

Берілген тапсырманы орындайды,білімдерін жинақтайды, сараптайды
Бағалау

(3 мин)

Оқушылардың  ерекше ой – пікірлері, өз көзқарастары, қорытынды шешім қабылдап қорытынды жаза білу.

Критерийлер бойынша бағалайды

Өзін-өзі және бірін-бірі бағалайды
РефлексияСабақтан алған әсерлерін сұрайды.

Нені үйрендің?

Не қиын болды?

Енді нені үйренгің келеді?

Сабақтан алған әсерлерін берілген сұрақтарға жауап беру арқылы білдіреді.
Үй тапсырмасы:§ 43.  Раушангүлділер тұқымдасы.

№23 зертханалық жұмыс аяқтау

101-суретті дәптерге салып келу

 

Оқушылар оқып, мазмұнын айтуға дайындалып келеді.

 

 

 

 

Оқушының аты-жөніҮй тапсырмасы:Тақырып бойына сұрақтарға жауап беруіЖуан-жіңішке сұрақтарБиологиялық диктантПостермен жұмыс
      
      
   

 

   
   

 

   
      

 

Сабак жоспары
QazCrypto.kz - Новости о криптовалютах в Казахстане