JOSPARLAR.KZ-Орта мерзімді және Қысқа мерзімді Сабақ Жоспарлар сайты

Ер есімі –ел есінде

Атырау облысы

Махамбет ауданы

Қосарал орта мектебі

Тарих пәні мұғалімі

Ислямгалиева Айкен Муратовна

Сабақтың тақырыбы :  Ер есімі –ел есінде

Сабақтың  мақсаты:

Оқушыларды  Ұлы Отан соғысының  шығу  себептерін түсіндіре отырып, шайқастағы қазақстандықтардың ерліктері  туралы  мағлұмат  беру.

Дамытушылық: тақырыпты меңгерте отврвп Ұлы Жеңіс  жайлы  білімдерін  дамыту  ойлау қабілеттерін  арттыру,  нақты  мәліметтерді  қабылдау дағдыларын  қалыптастыру.

Тәрбиелігі: Азаматтық тәрбие арқылы елін, жерін ,құрметтеуге  бағыттау

Сабақтың  жоспары

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Топқа бөлу
  3. Тарихтан тағылым
  4. Топтық жұмыс
  5. Тарихи сынақ хат
  6. Тұлғаны тану
  7. Сәйкестендіру
  8. Математикалық ойын
  9. Қортындылау
  10. Бағалау. Үйге тапсырма

Тарихтан тағылым

 

Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жылдар аралығында  болды.

Еуропада  орналас қан  Германияда 1933  жылы ұлтшыл  -фашистік тәртіп орнады. Жетекші  Адольф Гитлер болды. 1939 жылы фашистік Германия  әлемге  иелік ету мақсатында  соғыс  бастады. 1939 жылы 1 қыркүйекте Польша  жеріне  басып күрді. 1941  жылы Германия Еуропаның көптеген елдерін  басып алды. Енді тек оған қарсы шығатын КСРО ғана қалды . Фашистік  Германия КСРО –ны 3-4 айдың  ішінде басып алу  жоспарын жасады  .Ол жоспар   “Барбаросса”  деп аталды.

1941 жылы 22 маусымда неміс әскерлері КСРО  шекарасына басып кірді.  Ұлы Отан соғысы осылай басталды  Қазақстан  халқы да Отан қорғау  ісіне  алғашқы  күндерден бастап өз үлестерін қосты .

ҰОС жылдары  1млн 200мың қазақстандық әскер  қатарына алынды. Қазақстан  халқының  бестен бірі майданға аттанды.

Ең алдымен Қазақстан  экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру  жүргізілді. Көптеген  өнеркәсіптер соғысқа қажетті заттар шығаратын  кәсіпорын  болып  қайта құрылды. Сонымен қатар майдан  өңірі  болып  саналатын  Ресей, Украина  ,Беларуссиядан көптеген  кәсіпорындар Қазақстанға көшірілді. Ондай кәсіпорындардың саны 20-ға жетті. 1941ж қараша айында Кеңес  әскері Мәскеуге  25-30 шақырым таяп қалды.Генерал –майор  И.В.Панфилоы басшылық  еткен 316-шы атқыштар  дивизиясы  4сағат  бойы ерлікпен шайқасты.

Топтық  жұмыс

Iтоп  Ұлы Отан соғысы  туралы

II  топ И.Панфилов  туралы  баянда

III  топ  28  Панфиловшылардың  ерлігі

 

Сәйкестендіру

ҰОС жылдарында Кеңес Одағының  атағын алған  ең алғаш  қазақстандық  жауынгер18 жасар  Жәнібек Елеусізов
Кеңес Одағының  Батыры  атағын  алған  ең жас қазақ  жауынгеріР.Қошқарбаев, 1999  жылы Халық қаһарманы  атағын алды
ҰОС жылдары КСРО1945ж 2қыркүйек, Жапонияның тізе бүгуімен
1945ж30 сәуірде жауынгер Булатовпен бірге Рейстагқа ту тіккенҚ.А. Семенченко (1941  жылы 22 шілде)
Екінші дүниежүзілік соғыс27 млн адамынан айырылды. Оның шамамен 600 мыңы қазақстандықтар

 

Тарихи сынақ  хат

  1. Ұлы отан  соғысы кезінде Қазақстандық  партизандардың  жалпы саны ………. адамнан асып түсті
  2. 1945 ж. 2 мамырында Кеңес Армиясы Германияның

………. толық  билігіне  алды

  1. Ұлы Отан соғысында қазақстандық  …………. Адам  солдаттар  мен сержанттар ,офицерлер  Кеңес  Одағының  Батыры  атағын алды
  2. Фашистік Германияға   қарсы  соғыс  жеңіспен  аяқталғаннан кейін  Кеңес әскері ………   Қарсы   шайқасты

Бекіту сұрақтары

Үйге  тарпсырма  ерлік , отан  батырлық туралы мақал мәтел жаттау