Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы,Алғабас ауылы «Балғын шақ» бөбекжайы
Аяпкалиева Саягул Гиниятовна екінші санатты саз жетекшісі
Тақырыбы: «Орманға саяхат»
Бөлімі: Музыка
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Құзіреттелікке жеткізетін ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты мен міндеттері:
А) Әннің мазмұнын түсініп орындауға баулу.Орманға саяхат жасату арқылы
балаларды орманның тыныс тіршілігімен таныстыру. Ә ) Музыкадағы өзгерістерді түсініп ажыратуға,түрлі-түсті ленталармен қимылдар
жасауға үйрету.
Б) Балаларға музыкалық аспаптармен ырғақты дұрыс бере білуге,әртүрлі дыбысты
ажыратуға тәрбиелеу.
Әдіс — тәсілдер:Орманға бару, табиғатты бақылау, түсіндіру, ән айту, музыка
тыңдау,би қимылы,тапсырмалар орындау,дауыс жаттықтыру.
Қажетті көрнекі – құралдар: ағаштар,ертегі кейіпкерлері,музыкалық аспаптар,түрлі-
түсті ленталар,үйшік,орман көрнісі бейнеленген суреттер.
Билингвизм: Аю-медведь-bear. Қасқыр-волк-wolf. Қоян-заяц-rabbit.
| Қызмет кезеңдері | Саз жетекшісінің қызметі | Балалардың қызметі |
| Мотивациялық қозғаушы | Балаларды көңілді музыка әуенімен қарсы алу. Шаттық шеңберін жасау. Жүгірту,би қимылдарынан үзінділер жасату /серіппе, аяқты топылдату т.б Амандасу: Балалармен 3 тілде амандасу. — Саламатсызба,балалар? -Здравствуйте ребята? -Good morning children? -Балалар қараңдаршы бізге көп қонақтар келіпті, кәне қонақтармен амандасайық. -Енді балалар,үш тілде ән айтып берейікші | Балалар тізбектеліп, көңілді музыкамен залға келеді. Музыка ырғағымен қимылдар жасайды.
-Саламатсызба! -Здравствуйте! -Good morning! Саламатсыздар ма!
Балалар үш тілде әнді айтып береді. |
| Іздену ұйымдастырушы
Рефлексивті коррекциялаушы
| -Балалар,біз бүгін орманға саяхатқа барамыз. -Сендер орманға саяхатқа менімен бірге барасыңдар ма? -Орман алыс,орманға жету үшін автобуспен барамыз. -Балалар біздің жолымыз қысқару үшін біздер көктем әнін қайталаймыз. (бәрі бірге көктем келді әнін орындайды) Балалаға орманда кездескен ағаштарда тапсырмалар болатынын айту. Бірінші кездескен ағаштың бұтағынан тапсырманы алады.Қасқырдың суреті. -Балалар қасқырдың тапсырмасы мына жердегі аспаптармен маған әуен ойнап бересіңдер ме дейді? -Балалар әуенді ойнап береміз ме «Полька» әуенін шулы аспаптармен оркестр ойнап көрсетеді. Көлікке бірге мінейік, Әрі қарай кетейік, Жылдамдатып жетейік. Келесі қояндардың билеп тұрған суреті. -Балалар, қояндар қалай билейді? -Олай болса балалар бізде мына әдемі ленталар мен би билеп берейік. Би қимылы: «Ленталар» -Балалар саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз. Алда әлі тапсырмалар бар. Үшінші ағаштағы тапсырма-түлкінің марш ырғағымен жүріп бара жатқан суреті. -Балалар түлкі қалай жүреді? -Бірақ бүгін түлкінің көңіл-күйі болмай тұр. Оның көңілін көтеру үшін ән айтып берейік. -Алдымен ән айтпас бұрын біздер не істейміз? Дауыс жаттықтыру: До,ре,ми,фа,соль,ля,си. Ән айту: «Мен тәртіпті баламын» -Балалар бәрі бірге қосылып орындайды. —Төртінші ағашта аюдың тапсырмасы әдемі ноталарды жапсыру. -Балалар сендер болашақта композитор болғыларың келе ме? -Олай болса біздер ноталарды жапсыру үшін шығармашық орталыққа барайық. — -Балалар енді автобуска мініп балабақшаға қайтайық. (өлең жолдарын айтып,қайтады) -Осымен саяхатымыз аяқталды. -Ал енді, балалар,біздер ойын ойнап жіберейікші. Ойын: «Әнді тап» Шарты:Балаларға үнтаспадан өздері үйрендеген әндерді тыңдатып,қандай ән екен тауып айтады.
-Балалар аю,қоян,қасқыр,түлкі деген сөздерді үш тілде айтып берейікші
-Балалар сендерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма? -Кімге не ұнады? -Қандай тапсырмалар орындадық? -Балалар бүгінгі оқу қызметіне бәріңде өте жақсы қатыстыңдар. -Бүгінгі оқу қызметін мына әдемі тенталарды ағаштарға жақсы тілектерімізді айтып байлайық. -Балалар сендердің бүгінгі тілектерің қабыл болсын деп,оқу қызметін аяқтаймын. — Әндете үш тілде қоштасу
| Балалар саяхатқа барғысы келетіндерін айтады.
Балалар ән айтып айналып келеді.
Суретке қызығушылықпен қарайды
Ия,орындап береміз
Балалар қолдарына әр түрлі аспаптарды алып, әуенді ойнап береді.
Қояндар көңілді, шапшаң, жеңіл биледі.
Балалар ленталарды алып би билеп береді
Жылдам жүреді
Дауыс жаттығуын жасаймыз
До,ре,ми,фа,соль,ля,си
Әнді қызығушылықпен орындайды. Балалар таңырқап қарайды
Балалар шығармашылық орталыққа келіп, ноталарды жапсырады. Автобуска мініп балабақшаға қайтады.
Ойынды қызығушылықпен ойнады
Аю-медведь-bear. Қасқыр-волк-wolf. Қоян-заяц-rabbit.
Балалар өздеріне ұнағандарын айтады
Балалар бір-бірден келіп өздерінің тілектерін айтып ленталарды байлайды.
Балалар үш тілде қоштасады |
Күтілетін нәтиже:
1.Біледі: музыкалық өзгерістерді түсініп,ажырата алуды
2.Игереді: музыкалық ырғақты сезініп,әртүрлі дыбыстарды ажыратуды
3.Меңгереді: түрлі-түсті ленталармен бірдей қимылдар жасауды
