JOSPARLAR.KZ-Орта мерзімді және Қысқа мерзімді Сабақ Жоспарлар сайты

Жасанды жарық көздері

ОҚО.Созақ ауданы.Шу ауылы .

Кенешбаева Гулдана Асановна

Бастауыш сынып мұғалімі.

1-сынып .Жаратылыстану пәні .»Жасанды жарық көздері»

Сабақ тақырыбы:Жарық.

Жасанды  жарық көздері дегеніміз не?

Мектеп: Қаламбаев атындағы жалпы орта мектеп
Күні :12.04.2017жМұғалімнің есімі: Кенешбаева Г
СЫНЫП: 1-сыныпҚатысқандар саны:

 

Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаты:•                    Барлық оқушылар:           табиғи және жасанды жарық көздерін ажырату;
 •                    Оқушылардың басым бөлігі: жасанды жарық көздерінің қажеттілігін білу
•                     Кейбір оқушылар:  және жасанды жарық көздерін анықтау.
Ресурстар: 

поектор,май шам,балауыз,фонар,қол шам ,жасанды жарық көздерінің суреттері,бағалай тапсырмасы, «Нысана» тақтасы

 

Күтілетін нәтижелер:күнделікті өмірде адамдардың жасанды жарық көздерін пайдаланатынын біледі;

 

кейбір жасанды жарық көздерін (шамшырақ, белгі беретін құрал және шамдарды) белгі беру үшін пайдаланатынын біледі;

 

cабақ барысында оқушының белсенді оқуы ар­ қылы сыни тұрғыдан ойлауын және коммуника­­ тивті дағдысын қалыптастырады.

 

Сабақтың мақсаты:1.5.2.1 жарық пен қараңғылықты салыстыру;

1.5.2.2 жарықтың табиғи және жасанды көздерін ажырату;

1.5.2.3 жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтау

 

Сабақ барысыСабақ кезеңдері

 

Ұйымдастыру кезеңі

2-минут

Оқушыларды түгендеу

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Психологиялық дайындық

Мейірімді жүрекпен

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық!

-Саламатсыздар ма қонақтар!

 

Қызығушылықты ояту

8-минут

 

 

Топқа біріктіру

Сурет таңдау арқылы.Балауыз,фонар суреттері бойынша

«Блум» таксономиясы

.Үй тапсырмасын сұрау   (Білу)

«Серпілген сауалдар»

Әр топтан үш оқушыдан шығару.Оқушыларды шеңбер бойында тұрғызып,допты лақтыру арқылы өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қою

-Табиғи жарық көздері дегеніміз не?

-Табиғи жарық көздерін білесің бе?

-Күн табиғи жарық көзі ме?

-Жарықтың бізге пайдасы бар ма?

-Жарықсыз өмірді елестете аласың ба?т.с.с

 

 

 

     Мағынаны тану

30минут

Жаңа сабақ  (Түсіну )

Оқулықпен жұмыс

«Қала көшесі» тапсырмасы

 

 

·         Екі топқа екі суретті беру

·         Суреттерді салыстыр

·         Суреттегі жарық көздерін ата

·         Олар табиғи жарық көзіне жата ма әлде жасанды жарық көзіне жата ма?

Жауабы

Жасанды жарық көздері: бағдаршам, үйдегі шамдар, шырақ, витрина, қалта шамы.

-Сонымен,екінші суретте адам қолымен жасалған жарық көздері көрсетілген екен. Осындай жарық көздері жасанды жарық деп аталады

-Балалар, қараңдаршы біздің сынып іші қандай жарық!Ал,сынып ішіне жарық беріп тұрған заттарды атайықшы.Бұл жарық көздерін жалпылама қалай атайды екенбіз?

-Дұрыс айтасыңдар балалалар.

-Демек ,бүгінгі біздің өтетін жаңа тақырыбымыз

«Жасанды жарық көздері дегеніміз не?»

Бұл сабақта сендер

•                     жасанды жарық көздері туралы білетін боласың;

 

•                     жасанды жарық көзін табиғи жарық көзінен ажырата аласың.

 

Табиғи жарық көздері әрдайым қажетті жерлерге түсе бермейді. Адам баласына жарықтың қажеттілігі артып, ерте заманнан бері жасанды жарық көздерін ойлап таба бастады. Алдымен от, алау, шырпы шам, кейіннен шырақ, майлы және керосинді шамдар, XIX ғасырдың соңында электр шамы пайда болды. От ең алғашқы жасанды жарық көзі болып саналады. Уақыт өте келе адамдар сапалы жарық көзін майлы тұқымды ағаштарды, майды және табиғи шайырды жағып алуға болатынын білді. Металл өңдеу технологиясын дамыту, шақпақ арқылы тез арада тұтату әдістері алғашқы жасанды жарық көздерін шығаруға және жетілдіруге мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде жарықты кез келген жерге орнатуға, орнын ауыстыруға, жанар­ маймен зарядтауға мүмкін болды. Мұнайды, майды және балауызды өңдеудегі жетістіктер отын­ның керекті фракцияларын (тазартылған балауыз, пара­ фин, стеарин, пальмитин, керосин және т.б.) айыруға көмектесті. Осындай жарық көздеріне шырақ, алау,

майлы шам, кейіннен пайда болған мұнай шамы жатады.

 

Жасанды жарық көздері.  (қолану)

Оқул ықтағы суретке назар аударайық.

·         Жарық көздерінің қайсысын жиі кездестіресің?

·         Бұл жарық көздерін қайдан көруге болады?

·         Оқушылар күнделікті қандай жарық көздерін қолданады?

·         Топ ішінде тізім құру. Оқушылардың жауабы ұпайларын арттыруға көмектеседі.

Қандай мамандық иелері түнде жұмыс істейді.

Түнде жұмыс істейтін адамдар қандай жарық көзін пайдаланатынын айтыңыз, мысалы, наубайханада, зауытта және фабрикада. Оқушылардан қандай маман иелері түнде жұмыс істейтінін сұраңыз.

 

 

 

 

Жасанды жарық көзі не үшін қажет? (Талдау)

Суретке қарап, жарық көздерінің қаншалықты маңызды екен. Шамшырақ пен белгі  беретін құралға ерекше көңіл аудару керек. Адам өмірін сақтап қалу үшін жарық көзінің қаншалықты маңызы бар?

 

Жауабы

Шамшырақ. Кемелер жартастарға соғылмау немесе суасты үңгірлеріне түсіп кетпеу үшін және жағалаудың­ қауіпті аумағын жарықтандырy үшін қажет.

Үлкен аспашам. Бөлмені жарықтандыру үшін керек.

Көше шамдары. Түнгі уақытта көшені жарықтандыру үшін қажет.

Белгі беретін құрал. Белгілі бір арақашықтықта белгі беру үшін керек.

Сергіту сәті:

“Теңізшілер шамшырақтың (маяк) жарығын көрді”. “Шамшырақ” атты жаттығуды орындауды ұсыныңыз

(орындарынан тұрып орындайды).

“Көздеріңді жұмыңдар. Терең тыныс алыңдар. Теңіздің ортасында жартасты жағалау бар деп елестетіңдер. Аралдың ең биік нүктесінде шамшырақ тұр. Әркім өзін адамдарға көмектесетін шамшырақпын деп есептесін. Аралда күшті жел тұрғанда сен қозғалмайсың. Күн демей, түн демей сен мұнара басынан жарық сәулесін шашып тұрасың. Саған адамдар сенеді, көмекке дайын тұратыныңды бағалайды, көздеріңді ашыңдар”.

— “Шамшырақтың орнында өзіңді қалай сезіндің? Теңізшілерге жол көрсетy сендерге ұнай ма? Сендерге қандай жағдайда сенім артуға болады?”

Дәптермен жұмыс

51 беттегі 49-жұмыс парағы

Үйіміздегі жарық көзі

Сенің отбасың қандай жасанды жарық көзін пайдаланады?Олардың суретін сал

«Радио эфир» әдісі

1-топтан бір оқушы шығады .қарсылас тобы оған қоңырау шалу арқылы сұрақтар қояды

Бағалау:қалыптастырушы бағалау тапсырмасын тарату

Соңы

5минут

«Нысана» әдісі
Бәрін білдім

Оқушылар бүгінгі сабақта алған білімдерін саралай келе ,нысана бойынша стикер жабыстырады

 

білемін

 

Білгім келеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Пәнаралық байланысҚосымша тапсырмалар
Көркем еңбек. Шамшырақтың аппликациясы.“Білгір” ойыны. Оқушылар екі топқа бөлініп, жасанды жарық көзін атау бойынша жарысады. Кім қатесіз көп сөз атайды, сол жеңімпаз болады.

 

Жауабы: шырақ, от, алау, ошақ, белгі беретін құрал, отшашу, шамшырақ, торшер, шам, аспашам, қолшам және т.б.

БағалауОқу мақсаты: 1.5.2.2 Жарықтың табиғи және жасанды көздерін

ажырату.

Ойлау дағдыларының

деңгейі:

Білу және түсіну

Қолдану

Бағалау критерийі Білім алушы

· Табиғи жарық көздерін таниды және атайды.

· Жасанды жарық көздерін таниды және атайды.

тапсырма

Суреттегі жарық көздерін атаңыз. Табиғи жарық көздерін білдіретін суреттердің

астындағы санды жасыл қарындашпен, жасанды жарық көздерін білдіретін санды

көк түсті қарындашпен қоршаңыз.

Дескриптор: Білім алушы

— суретте берілген жарық көздерін атайды;

— табиғи жарық көздерін анықтайды;

— жасанды жарық көздерін анықтайды.

 

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?