JOSPARLAR.KZ-Орта мерзімді және Қысқа мерзімді Сабақ Жоспарлар сайты

Логикалық есеп шығару

Жылыой ауданы   Құлсары қаласы   №8 жалпы орта білім беретін мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі Рахимбердиева Калима Аманбаевна

Математика №1 қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ тақырыбы:Логикалық есеп шығаруМектеп: №8
Күні :  25.04.2017Мұғалімнің есімі: Рахимбердиева Калима Аманбевна
СЫНЫП: 1-сыныпҚатысқандар саны: 23

 

Қатыспағандар саны:
 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

.

1.4.2.1 дұрыс және дұрыс емес тұжырымдарды анықтау

1.4.2.2 ** сәйкестікті, ақиқатты анықтауға берілген қарапайым логикалық есептерді шешу

 

Оқу мақсаты:Бірдей цифрлар мен фигуралардан тұратын  басқатырғыш есептер, ребустар шешеді.

Сәйкестік пен ақиқаттықты  анықтауға берілген  қарапайым логикалық есептерді шығарады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Тілдік құзіреттіліксызба
Жоспарланган уақыт 

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар:

 

Сабақтың басы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Оқушыларды  сусындар,  ұлттық тағамдар, зиянды тағамдар бойынша 3- топқа бөлу.

Ширату:

Блиц-турнирге арналған сұрақтар

— Екі тышқанның неше құлағы бар? (4.)

— Екі қонжықтың неше табаны бар? (8.)

— Әженің Гүлназ деген немересі, Марғау деген мысығы және Ақтөс деген иті бар. Әженің неше немересі бар? (1.)

— Құстар өзен үстінде ұшып жүр: кептер, шортан, 2 сарышымшық, 2 сұр қарлығаш және 5 мөңке балық. Құстар­ нешеу? Тезірек жауап бер! (5.)

— Тәрелкеде үш сәбіз бен төрт алма жатыр. Тәрелкеде­ неше жеміс бар? (4.)

— Кіреберісте алты аяқкиім тұр. Бөлмеде неше бала ойнап жүр? (3.)

— Ақтөс деген ит күшіктеді: балалары­ның­ біреуі қара, екеуі ақ түсті. Ақтөстің неше күшігі бар? (3.)

— Екі сарышымшық, екі сұр қарлығаш және екі сужылан ұшып келді. Менің үйімнің қасында барлығы неше құс болды? (4.)

Әр топқа есептерді параққа жазып таратып, талқылауға уақыт беру.

1-есеп. Себетте үш алма бар. Үш қызға үш алманы беріңіз, бірақ себетте бір алма қалуы тиіс.

Жауабы:бір қызға алманы себетпен бірге беру керек

2- есеп. Бес қыздың бір-бірден інісі бар. Жанұяда неше бала бар?

Жауабы:6 бала.

Топта  тез жауап беріп отырған оқушыларды  мадақтап , фишка беріп отыру.Ең көп фишка жинаған оқушы сабақ соңында белгілермен марапатталатынын айтып кету..

 

Логикалық есептер әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып шешуге болатын тапсырмалар болып саналады­. Сонымен бірге оларды шешу үшін стандартты емес тәсілдер қолда­ны­лады:­ салыстыру, болжау, талдау.

 

Топтық жұмыс:1- топқа:

Талдау тәсілін қолдан...   Тапсырманы  топта оқып, талдап,постерда қорғайды.Кесте пайдаланады.

Суреттер Оқушылардан қыздардың аттары кім екенін, олар бұл суретті қайдан көргенін, Әлия туралы ненің белгілі екенін, нені білу керегін сұраңыз. Сұраққа жауапты өз беттерінше іздеу үшін уақыт беріңіз. Оқушылардан олардың сұрақты талқылау барысын сұраңыз: Сара мен Әлия суреттерді журнал мен кітаптан қарады. Әлия кітаптан қараған жоқ, яғни ол журналдан қарады. Олай болса, Сара суретті кітаптан қарады.

Жауабы:

журналкітап
Сара+
Әлия+

Әлия журналдан, Сара кітаптан қараған.

2- топқа: Бұл тапсырманы топта талқылап , салыстырып, суреттерді жапсыру арқылы орындайды.

Достар.

Оқушылардан тапсырмада неше бала туралы айтылғанын, Асхат, Марат, Ілияс туралы ненің белгілі екенін сұраңыз. Оқушыларға суретпен жұмыс жасауға­ уақыт беріп, содан соң олардың жауабын тыңдаңыз­. Олардан сұрақтарды талқылау барысын айтып беруді сұраңыз. Суреттерді жапсырады.

Жауабы:Асхат — ең ұзыны, одан аласа — Ілияс, ең аласасы — Марат.

3- топқа: Бұл тапсырманы болжау арқылы орындайды. Постерге суретін  салады.

Ойлан

Бала 3- ші сатыда тұр.

 

Топтар бір- бірін  басбармақ әдісі бойынша бағалайды.

 

Орындап көр.   Жұптық жұмыс:

Оқушыларға суреттерді қарауға­ уақыт беріңіз және жұпта өзара тексеруді ұйым­ дастырыңыз.

Жауабы:

алмасы бар бұтақ-1; алма салынған ыдыс-2; алманың дәні-3

Топта жақсы жұмыс жасаған жұптарды мұғалім өзі  фишка  беріп марапаттайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 алма салынған себет;

 

 

А-4 қағазға жазылған есептер

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

 

Қосымша тапсырмалар

 

 

 

. Жұмыс дәптерінде барлық оқушы орындайды.

1.Көңілді клоундар.

Оқушылар тапсырманы бірт.індеп орындайды. Алдымен бояуды ұсыныңыз. Оны орындап болған соң жұппен өзара тексеру жүргізіледі. Сіз тапсырманың­ шартын­ оқыңыз, ал оқушылар оны суретпен салыс­ тырады.

2.Көршілер.

. Жауабы:бірінші үйде — ит, екінші үйде — мысық, үшінші үйде — әтеш.

3. Қаздың аяқтары

Жауабы: Аулада 4 қаз жүр.

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойынша­ өзін-өзі бағалатыңыз

 
 

Сабақ соңы:

 

 

Бағалау

 

Көп фишка жинаған оқушыларды тауып, оларға Алғыр оқушы,

Тапқыр оқушы, Ойшыл оқушы атты медаль тағу.

 

Оқушылар сабақ соңында:

көрнекі суреттердің көмегімен қарапайым логи­ калық есептердің шешімін табуды;

шешу тәсілдері мен ойлануды меңгереді.

Оқушылардың сабақты меңгеру деңгейін бағалау­ үшін сұрақтар қойыңыз:

— логикалық есептерді шығару үшін нені орын­ дау қажет?

Логикалық есептерді шығару қадамдарын қайта­ лаңыз:

— есептің шартын, сұрағын мұқият оқу;

— суретін салу немесе есепті ойын түрінде көрсету;

— шешу жоспарын құру;

— шешудің әртүрлі тәсілдерін іздеу;

— есеп шартының орындалғанын (орындалма­ға­­­ нын) тексеру.

Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді  бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау