Физикалық және химиялық құбылыстар.
Лабораториялық тәжірибе №3.
«Химиялық құбылыстардың белгілерін тану»
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:Зат күйінің өзгеруі
| Мектеп: Х. Наубетов атындағы орта мектеп
| ||||||||||||||||||||||
| Күні:
| Мұғалімнің аты-жөні: Бисенова Б
| ||||||||||||||||||||||
| Сынып: 7
| Қатысқандар саны:
| Қатыспағандар саны:
| |||||||||||||||||||||
| Сабақтың тақырыбы
| Физикалық және химиялық құбылыстар. Лабораториялық тәжірибе №3. «Химиялық құбылыстардың белгілерін тану»
| ||||||||||||||||||||||
| Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.1.1.3- физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату | ||||||||||||||||||||||
| Сабақ мақсаттары
| — «Физикалық және химиялық құбылыстар» анықтамасын біледі, түсінеді; — химиялық реакция белгілерін таниды; -физикалық және химиялық құбылыстарды ажыратады.
| ||||||||||||||||||||||
| Бағалау критерийлері
| — «физикалық және химиялық құбылыстар» анықтамасын біледі; — химиялық реакция белгілерін біледі; — физикалық және химиялық құбылыстарды ажыратады; — физикалық және химиялық құбылыстардың негізгі белгілері бойынша ажыратылуын түсінеді.
| ||||||||||||||||||||||
| Тілдік мақсаттар
Пәнге тән лексика мен терминология
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер | Оқушылар орындай алады: -Ауызша нысандағы хабарлама топпен/жұппен физикалық және химиялық құбылыстарды қандай негізгі белгілері бойынша ажыратылуын түсіндіреді;
Физикалық және химиялық құбылыстарды, химиялық реакциялардың белгілері;
Физикалық құбылыс – бұл құбылыс негізінде………. Химиялық құбылыс- бұл құбылыс негізінде…………. Бұл құбылыс физикалық/химиялық болып табылады, өйткені……..
| ||||||||||||||||||||||
| Құндылықтарға баулу
| Белсенді қарым-қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту. Бір-бірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау, өзара қарым-қатынаста сын тұрғысынан ойлау. Ынтымақтастық арқылы топта/жұпта жұмыс жасау.
| ||||||||||||||||||||||
| Пәнаралық байланыстар
| Физика — физикалық құбылыстарды талқылау; Биология – химиялық заттармен жұмыс жасау ережесін түсіндіру. | ||||||||||||||||||||||
| Алдыңғы білім
| 7.1А Химияға кіріспе. Элементтер, қосылыстар мен қоспалар. | ||||||||||||||||||||||
| Сабақтың барысы
| |||||||||||||||||||||||
| Жоспарланған уақыт | 45 минут | ||||||||||||||||||||||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар | |||||||||||||||||||||
| 3 мин
3 мин
2 мин
7 мин
2 мин
6 мин
13 мин | Ұйымдастыру кезеңі Сурет бойынша сабақ тақырыбын ашу. Оқушылар таратылған карточкаларды жіктейді.
Бейнебаян: Физикалық және химиялық құбылыстар (ағылшын тілінде) Бейнебаян бойынша оқушылармен ой бөлісу. Сабақ тақырыбы мен мақсатын ашу. Кері байланыс. Мұғалім – оқушы
Физикалық және химиялық құбылыс туралы оқушылармен ой бөлісемін. Денелерде болатын кез келген өзгерістер құбылыстар деп аталады. Табиғатта құбылыстың екі түрі болады: физикалық және химиялық.
Мәтінмен жұмыс. Оқушылар мәтіннен физикалық және химиялық құбылыстардың анықтамасын жазып алады. Зерттеу жұмысы. 1.Қантты қыздыру 2.Қантты еріту -Қанттың физикалық қасиеттерін сипаттаңдар (қатты, ақ, суда ериді) -Қант суда ерігенде не байқадыңдар? (еріген соң қант кристалдары жойылды) -Қандай әдіспен қант және су қоспасын бөлуге болады? (буландыру) -заттың қасиеті өзгерді ме? (жоқ) -Қантты қыздырғанда не байқалды? (түсі өзгерді) -не сездіңдер? (иіс) -Ол бастапқы зат – қантқа ұқсайма? (жоқ) -Қандай процесті байқадыңдар? (қыздыру) -Қай кезде физикалық, қай кезде химиялық процес жүрді? Реактивтер: қант, су, спиртшам, сіріңке -Физикалық құбылыс кезінде заттар және оның қасиеттерінде не байқалады? -Химиялық құбылыс кезінде заттар және оның қасиеттерінде не байқалады? Кері байланыс. Мұғалім – оқушы Бағалау критерийі: —Физикалық құбылыстарды білу; -Химиялық құбылыстарды білу; -Химиялық өзгерістердің белгілерін білу. Дескриптор: — Физикалық құбылыстар туралы біледі; — Химиялық құбылыстар туралы біледі. — Химиялық құбылыстардың белгілерін біледі. Лабораториялық тәжірибе №3. «Химиялық құбылыстардың белгілерін тану» /(w,f) оқушылар бақылаған өзгерістерді түсініп оларды жіктейді. Түйінді сұрақ: «Бұл құбылыс физикалық/химиялық құбылысқа жата ма, жауабыңды түсіндір» Дәптерге жазу. Химиялық реакциялардың белгілері: • түстің өзгеруі; • тұнба түзілуі; • иістің пайда болуы; •газдың бөлінуі; Жылудың сіңірілуі немесе бөлінуі (кейде жарық шығара отырып) Бағалау критерийі: -Физикалық құбылыстарды анықтау; -Химиялық құбылыстарды анықтау; -Физикалық құбылыстардың себебін жазу; -Химиялық құбылыстардың себебін жазу; -Құбылыстарға мысал келтіру. Дескриптор: − физикалық құбылыстарды анықтайды; − химиялық құбылыстарды анықтайды; − физикалық құбылыстардың себебін жазады; − химиялық құбылыстардың себебін жазады; − құбылыстарға өзі мысал келтіреді. | Презентация
Қосымша 1
Презентация
Сынауықтар, су, қант, тұз,сіріңке, спирт шамы
Қосымша 2 | |||||||||||||||||||||
| 5 мин
2 мин | Бекітуге арналған тапсырмалар. Карточкамен жұпта жұмыс жасау 1 – тапсырма. Төменде берілген процестердің қайсысы физикалық құбылыс, қайсысы химиялық құбылыс екенін анықтап кестеге толтыр. 1.Парафиннің балқуы 2.Майшамның жануы 3.Парафиннің жануы 4.Қағазды кесу 5.Суды буландыру 6.Мұздың еруі 7.Магнийдің жануы 8.Темір мен күкіртті араластырып жағу 9.Жылу берілу
Кері байланыс. Оқушы – оқушы (жұпта өзара тексеру)
Бағалау критерийі: -Химиялық құбылыстардың белгілерін білу; -Химиялық құбылыстарды физикалық құбылыстардан ажырату Дескриптор: — Химиялық құбылыстардың белгілерін біледі; — Химиялық құбылыстарды физикалық құбылыстардан ажырата алады. | Қосымша 3 | |||||||||||||||||||||
| 2 мин | Сабақты қорытындылау:
Фишкалармен бағалау
Кері байланыс -Сен өзіңді не үшін мақтар едің? -Сабақта қандай қиындықтар кездесті?
Рефлексия: Үш «Қ» тұжырымдамасы арқылы
| ||||||||||||||||||||||
| Саралау – сіз оқушыларға қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
| Бағалау – сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
| ||||||||||||||||||||||
| -Тапсырмалар оқушылардың деңгейіне қарай сараланды; -Деңгейі жоғары тапсырмаларды оқушыларға жүзеге асыру жоспарланды. | -Тапсырманы орындау барысында оқушылар өзін-өзі, бірін-бірі, топпен бағалады; -«Қорытынды шығару және есте сақтау» әдісі; -«Жеке тұлғаға бағдарланған тәсіл» | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | |||||||||||||||||||||
| Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қол жетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, не себепті? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезінде уақыт тиімді пайдаланылды ма?
| Бұл тарауды рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.
| Практикалық жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережесін сақтау | |||||||||||||||||||||
| Сабақты жоспарлауда:
— Оқу және сабақ мақсаттарына сәйкес тапсырмалар дайындауды; — Оқытудың белсенді әдістерін тиімді қолдануды жүзееге асыруға тырыстым. | |||||||||||||||||||||||
Қосымша 1
Зертханалық жұмыс №3
Тақырыбы: Физикалық және химиялық құбылыстар. Химиялық реакциялардың белгілері.
Мақсаты: Тәжірибе арқылы химиялық реакциялардың белгілерін көрсету.
Дағдылар:
— зерттеуді қауіпсіз жүргізу үшін жазбаша және ауызша нұсқауларды қолдану;
— тиісті жабдықтарды пайдаланып бақылау жүргізу.
Реактивтер: қант немесе көмір-2 г, никель/кобальт тұзы-1 г, ас содасы-1 г, сірке қышқылының ерітіндісі-1 мл, су-250 мл, йод кристалдары-0,2 г, 0,5М мыс сульфатының ерітіндісі-1 мл,
0,5М натрий гидроксидінің ерітіндісі-1 мл.
Жабдықтар мен ыдыстар: пеш немесе спиртшам-1 шт, конусты колба-1 шт, сағат шынысы-
1 шт, фарфор табақша-1 шт, сіріңке, сынауық ұстағыш-1 шт, тамшуырлар-4 шт, сынауық-1 шт.
Жұмыс барысы:
Тапсырма.
- Көмірді немесе қантты жағу
- Никель/кобальт тұзын суда еріту
- Бірнеше йод кристалын колбаға салу және электр пешке қою. Үстіне суық сағат шыныны жабу.
- Табақшаға ас содасының аздаған ұнтағын салу. Үстіне сірке қышқылының 2 мл ерітіндісін құю.
- Сынауыққа мыс сульфатының 2 мл ерітіндісін және натрий гидроксидінің 2 мл ерітіндісін құю.
- Бақылағандарын кестеге жазу.
- Қорытынды шығару.
Назар аударыңыз:
-қыздырғыш аспаптармен жұмыс қауіпсіз жүргізуге;
| № | Не істедім? | Не байқалды? | Құбылыс |
Дескриптор Білім алушы
—химиялық құбылыстың белгілерін атайды;
—байқалған белгілер бойынша құбылыстың атауын көрсетеді.
Қосымша 2
Тапсырма.
- Төменде біздің айналамыздағы әртүрлі құбылыстар көрсетілген. Осы құбылыстарды қандай құбылыстың түріне жатқызуға болады?
- Физикалық және химиялық құбылыстар белгілерін салыстырыңыз.
- Физикалық және химиялық құбылыстарға мысал келтіріп, себебін жазыңыз.
А) Сіріңкенің жануы, бұл _______________________ құбылыс болып табылады, себебі
_____________________________________________________________________ .
Ә) Ас содасының үстіне ас үйдегі сірке қышқылын қосқан кезде газдың бөлінуі, бұл
_______________________ құбылыс болып табылады, себебі_______________________
_____________________________________________________________________ .
Б) Қардың жаууы, бұл ____________________құбылыс болып табылады, себебі_____________________________________________________________________ .
В) Темірдің таттануы, бұл _______________________ құбылыс болып табылады, себебі
_____________________________________________________________________ .
Г) Мыстан жасалған бұйымдарда жасыл түсті тотықтың пайда болуы, бұл _______________________ құбылыс болып табылады, себебі
_____________________________________________________________________ .
Ғ) Газдалған судан газдың бөлінуі, бұл _______________________ құбылыс болып табылады, себебі ___________________________________________________________________ .
Д) _____________________________________________________________________ — бұл физикалық құбылыс, себебі________________________________________________________.
Е) _____________________________________________________________________ — бұл химиялық құбылыс, себебі________________________________________________________.
Дескриптор Білім алушы
— физикалық құбылыстарды анықтайды;
— химиялық құбылыстарды анықтайды;
— физикалық құбылыстардың себебін жазады;
— химиялық құбылыстардың себебін жазады;
— қүбылыстарға өзі мысал келтіреді.
Қорытынды шығару
…………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………………..
Қосымша 3
«Физикалық және химиялық құбылыстар» тақырыбы бойынша тапсырмалар
Оқушы аты-жөні:________________________________________
І.Төменде берілгендердің арасынан физикалық және химиялық құбылыстарды анықтап, кестеге толтыр:
1.Парафиннің балқуы
2.Майшамның жануы
3.Парафиннің жануы
4.Қағазды кесу
5.Суды буландыру
6.Мұздың еруі
7.Магнийдің жануы
8.Темір мен күкіртті араластырып жағу
9.Жылу берілу
| Физикалық құбылыстар
| Химиялық құбылыстар |
ІІ.Берілген тұжырымдамаларды сандар арқылы кестеге физикалық және химиялық құбылыстарға сәйкестендіріп жаз.
| Құбылыстар | Жауап
|
| Физикалық
| |
| Химиялық
|
1.Күміс қасықтың ауада қараюы
2.Судың өзен бетінен булануы
3.Шамда керосиннің жануы
4.Жел (ауаның қозғалысы)
5.Сүттің ашып, айранға айналуы
6.Темірдің балқуы
7.Май шамның жануы
8.Балалар жағажайда құмнан үйлер салды
9.Мырыш түйіршігін тұз қышқылына салды.
