Омарова Рабиға
| Пәні Пәні: Қазақ тілі | Мектеп: №21 Яссауи жалпы орта мектебі | ||||||||||||||||
| Күні: | Мұғалімнің есімі: Омарова Рабиға | ||||||||||||||||
| Сынып: 7 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||
| Тақырыбы:
| 7-бөлім.Қазақстандағы ұлттар достастығы. 4-сабақ.Қазақстан-әлемдік қауымдастықта. | ||||||||||||||||
| Сабаққа негізделген оқу мақсаттары
| 7.Т/А.5Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре отырып,дәлелді жауап беру,өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыру, талқылау. 7.О2.Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану. 7.Ж2.Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып,шағын мақала,нұсқаулық әңгіме құрастырып жазу. 7.ӘТН4.2.Еліктеуіш сөздердің мәтіндегі қолданысын түсіну. | ||||||||||||||||
| Бағалау критерийлері
| Проблемалық сұрақтарға мәтіннен деректер келтіреді,өз жауабын өзгенің жауабымен салыстырады,талқылайды. Публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданған тілдік құралдар арқылы таниды. Жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды қолданады,шағын әңгіме құрастырып жазады. Еліктеуіш сөздердің мәтіндегі қолданысын түсінеді. | ||||||||||||||||
| Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Тыңдалған мәтіннен деректер келтіре алады. | ||||||||||||||||
| Оқушылардың басым бөлігі:Проблемалық сұрақтағы өз жауабын өзгенің жауабымен салыстыра біледі,талқылай алады. Еліктеуіш сөздерді мәтінде қолдана біледі. | |||||||||||||||||
| Кейбір оқушылар:Стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды қолданады,шағын мақала жаза алады. | |||||||||||||||||
| Тілдік мақсат:
| Термин сөздерді талдайды. Ассамблея, этнос, валюта, инвестиция. | ||||||||||||||||
| Диалог құруға \тіркес сөздер\ Әкесі мен Төле баланың елді ауызбіршілікке,ынтымаққа шақыруы | |||||||||||||||||
| Талқылауға арналған сұрақтар Не себепті … … деп ойлайсың? Басқа ұлт өкілдері не себепті Қазақстанға келді? Қазақстан халықаралық лаңкестікке, ядролық қарудың таралуына не себепті қарсы болды? | |||||||||||||||||
| Ишара: бүгінгі өтілетін тақырыпқа байланысты көрініс | |||||||||||||||||
| Пәнаралық байланыс | Тарих, әдебиет | ||||||||||||||||
| Құндылықтар | Қазақстанның дүние жүзіне танылуы, рәміздері мен Ата Заңының қабылдануы, бейбітшіліктің тұрақтылығы. | ||||||||||||||||
| Алдыңғы оқу
| Қазақстан халқы Ассамблеясы. | ||||||||||||||||
| Жоспар | |||||||||||||||||
| Жоспарланған кезеңдер | Жоспарланған іс-әрекет | Жұмыс түрі Әдіс-тәсілдер | Ресурстар | ||||||||||||||
| Сабақтың басы 8-10 мин.
| Сыныптың психологиялық ахуалын қалыптастыру. Шаттық шеңберін құру. Дөңгеленіп тұрайық, Керегені құрайық, Уықтар боп иіліп, Шаңыраққа киіліп, Киіз үйді құрайық. «Үш шеңбер» әдісі бойынша топқа бөлу. Қазақтың үш биі 1- топ: Төле би 2 -топ: Қазыбек би 3 -топ: Әйтеке би Үй тапсырмасын сұрау.Топпен жұмыс «Ыстық картоп» әдісі арқылы сұрақтар қою. 1.Қазақстан халқы Ассамблеясы қай жылы құрылды? 2.Ассамблеяның негізгі бағыттары қандай? 3.Еліміздегі түрлі ұлттардың мәдени орталығы туралы не білесіңдер? Мәтіннен шылауларды табу. Жұптық жұмыс. ҚБ |
«Үш шеңбер» әдісі
Топтық жұмыс «Ыстық картоп» әдісі
|
А4
смайликтер | ||||||||||||||
| Сабақтың ортасы . 25-27мин.
Сергіту сәті
| Слайд шеруі: « Қазақстандағы ұлт пен ұлыс тарихы» 1-тапсырма. Жұптық жұмыс. «Микрафон» әдісі бойынша тыңдалған мәтіннен әр топ бір-біріне проблемалық сұрақтар дайындайды, келесі топтар дәлелді жауап береді, өз жауаптарыңды өзгелердің жауабымен салыстырыңдыр, талдаңдар. ҚБ- Дескриптор: 1.Проблемалық сұрақтарға тыңдалған мәтіннен деректер келтіре алады. 2.Сұрақтарға дәлелді жауап береді. 3.Өз жауабын өзгелердің жауабымен салыстырады,талқылайды.
2-тапсырма.Топтық жұмыс. «Тұлғаны таны»әдісі бойынша тілдік құралдар арқылы публицистикалық және ресми стиль ерекшеліктерін қолданыңдар. Әкесі мен бала. — Бала:Әке, қалай еткенде бірлік болады,оның күші қандай? -Әкесі:Балам мынаны сындырып көрші! (Бір бума солқылдақ шыбық алдыртады) (Бала буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды). -Әкесі:Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы! (Бала шыбықты пырт-пырт етіп біртіндеп оңай сындырады ). -Әкесі:Бұдан не түсіндің ,балам? -Бала:Ынтымағы ,бірлігі мықты елді жау да ,дау да алмайды.Бірлігі,ынтымағы жоқты жау да ,дау да оңай алады дегеніңіз ғой. -Әкесі:Бәрекелді,балам.Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке,ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың,ынтымаққа барамын» дегеннің мәнісі –осы.
2.Өркенім өссін десең, Кекшіл болма — Кесапаты тиер еліңе. Елім өссін десең, Өршіл болма Өскеніңді өшірерсің. (Қазыбек) 3.Ашу деген ағын су, Алдын ашсаң,арқырар. Ақыл деген дария, Алдын тоссаң,тоқырар. (Әйтеке)
ҚБ Дескриптор: 1.Публицистикалық ерекшеліктерде қолданған тілдік құралдарды таниды. 2.Стильдің түрлерін ажырата біледі. 3.Қазақтың үш биін таниды.
«Қазағым-ай» әні.
3-тапсырма. Жеке жұмыс «Прожектор» әдісі бойынша көркемдегіш құралдарды қолдана отырып, еліктеуіш сөздерді қатыстырып, шағын әңгіме құрастырып жазыңдар. Көркемдегіш сөздер:Дүбірлі той, ақ түйенің қарны жарылып,көңілдегі тоң жібіп,бейбіт күн,ынтымағы жарасқант,б,
ҚБ Дескриптор: 1.Көркемдегіш құралдарды қолдана біледі. 2.Шағын әңгіме құрастырып жаза алады. 3Еліктеуіш сөздерді қатыстырып жазады.
4-тапсырма.Жұптық жұмыс, «Ой ашар» стратегиясы бойынша белгілі бір сандық ұяшықты ашу арқылы көп нүктенің орнына тиісті еліктеуіш сөздерді қолданыңдар.
Төле би. 10.Батырдың айбалтасы ……… етті. 20.Әуеде қалықтап ұщқан қыранның…….еткен дауысы естілді. 30.Алыстан ……. адамдардың сұлбасы көрінді.
Қазыбек би 10.Қыр астынан адамдардың……. дауыстары естіліп жатты. 20.Көп ішінде бидің сөзі …………. етті. 30.Көксерек Құрмашты ат үстінен…..етіп алып түсті.
Әйтеке би. 10.Қабағы түйілген батыр сөзге келмей, ……етті де қойды. 20.Ауыл иттеріне таланған Көксеректің ……. еткен дыбысы шықпады. 30.Итбай Ботакөзге…………………етті.
(ербеңдеген, жарбаң-жарбаң, арс, саңқ, абыр-сабыр, саңқ, қыңқ, жарқ-жұрқ, күңк)
ҚБ- Дескриптор: 1.Сөз таптарында еліктеуіш сөздерді біледі. 2. Еліктеуіш сөздердің түрлерін ажырата біледі. 3.Сөйлемдерде еліктеуіш сөздерді орынды қолдана алады. |
Жұптық жұмыс «Микра- фон» әдісі
Топтық жұмыс «Тұлғаны таны» әдісі.
Жеке жұмыс «Прожектор»әдісі
Жұптық жұмыс «Ой ашар» стратегиясы
| АКТ
мадақтау
Бағдаршам түстері
смайликтер
Сандық балл
| ||||||||||||||
| Сабақтың соңы8-10
| Қорытынды . «Тас иірімі»әдісі арқылы Қазақстанның қарқын дамуы туралы қорытындылау.
Үйге тапсырма: «Ұлы дала тарихы» деген тақырыпқа эссе жазу.
Кері байланыс: «Екі жұлдыз,бір тілек» | «Тас иірімі» әдісі
«Екі жұлдыз, бір тілек» |
Маркер, плакат
| ||||||||||||||
| Қосымша ақпарат Саралау-оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?
Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?
| Бағалау оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Қазақстандағы ұлт пен ұлыс арасындағы байланысты,ұқсастықты тауып келу. | ||||||||||||||||
| Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті,қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?
| |||||||||||||||||
| Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға) 1. 2. Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты) 1. 2. | |||||||||||||||||
Оңтүстік Қазақстан облысы
Сарыағаш ауданы №21 Яссауи орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Омарова Рабиға Оспановна
