JOSPARLAR.KZ-Орта мерзімді және Қысқа мерзімді Сабақ Жоспарлар сайты

Сабақ жоспарлар сайты 2018-2019ж

Зат есім. 4 класс

Кыстаубаева Серикгул Колганатовна

Ақтөбе қаласы, Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектеп

 

Сабақтың тақырыбы:                        Зат есім. 4 класс

Сабақтың мақсаты:                                  

                                                                       1.Білімділік:   Оқушыларға зат есім турлы түсінік  беру.

                                                                       2.Тәрбиелік:    Оқушыларды сауаттылыққа тәрбиелеу.

                                                                       3.Дамытушылық:    Оқушылардың сөздік қорын дамыту.

 

Сабақтың көрнекілігі:              Плакаттар, карточкалар, қима қағаздар, тест.

Өтілу әдісі:                                   Саяхат  сабақ.

Сабақпен басқа пәннің байланысы:            Дүниетану, бейнелеу, т.б.

Сабақтың  жүрісі:

І. Ұйымдастыру  бөлімі:

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Жұмбақтың шешуін тауып, көшіріп жазу.

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

-Балалар, айналаға қараңдаршы. Сыныптағы өздерің көріп отырған заттардың әрқайсысының өз аты бар. Соларды атайық.

-Шкаф, гүл, шелек, тақта, парта, орындық, т.б.

-Сұрақ  қойыңдар.

-Не?

-Мына тақтаға қарайық? Сөзжұмбақ берілген, мұнда жанында сурет берілген соны тауып жазамыз.

 

ІҮ. Сөзжұмбақ шешу.

                         Кім?  Не?  Деген сұрақтарға жауап береді.

 

    Қ ы з
      ш а ң ы р а қ
        т ү й е
  ш е г е
        с а н д ы қ
б ү р к і т
    д о м б ы р а

 

Мұғалім:  Бұл сөз табын не деп атайды?

Оқушы:    Зат есім деп атайды.

Мұғалім: Сонымен балалар, зат есім дегеніміз не?

Оқушы:   Заттың атын білдіреді.

Мұғалім: Оның сұрақтары?

Оқушы:   Кім? Кімдер? Не? Нелер? 

Мұғалім: Балалар, Кім? Кімдер? Адамға қатысты қойылады. Не? Нелер? Жануар мен заттарға қойылады.  (тақтадағы ережені бір балаға оқыту) мысал келтіру адам (кім?), әншілер (кімдер?), ағаш (не?), бүркіттер (нелер?)

-Қазір балалар, біз орманға саяхатқа шығамыз. Алдымыздан қасқыр кездесті.

-Балалар, қасқыр қандай аң?

-Жыртқыш аң.

Қасқырдың пайдасы бар екенін ұмытпауымыз керек.

 

Қасқырдың тапсырмасы:

Мақалды көшіріп жаз. Кім? Не? Сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз.

 

Түлкі тапсырмасы:

-Түлкі қандай аң?

-Айлакер, қу аң.

-Сондықтан түлкі қулығын асырып кетіп жүрмесін. Абай болайық.

(Түлкінің  тапсырмасы  карточкамен  жұмыс  жасату.)

 

Қоянның  тапсырмасы:

(Қоянның  тапсырмасы «Кім жылдам»  ойынын ойнату.)

 

«Кім жылдам»  ойыны.

1-ші қатар кім?  Сұрағына жауап беретін сөз айтса,  (әнші)

2-ші қатар көпше кімдер?  Түрге  аударады,  (әншілер)

3-ші қатар сол  сөзге сөйлем  құрастырады,  (Біздің қалаға әншілер келіп концерт қойды.)

 

2-ші қатар  не?  Сұрағына жауап беретін сөз айтса,  (ағаш)

3-ші қатар көпше нелер?  Түрге  аударады,  (ағаштар)

1-ші қатар сол  сөзге сөйлем  құрастырады,  (Орманда ағаштар көп.)

Келесі аңға жеткенше сергіту жасайық.

 

Ү. Сергіту сәті.

Тап – таза, тұнық суда

Балық жүзіп ойнауда

Біресе керіледі.

Біресе жиырылады.

Ал, енді бірде құмға тығылады.

-Серуенімізді ары қарай жалғастырайық.

-Мынау кездескен қай аң?

-Аю

 

Аюдың тапсырмасы:

303-жаттығу.  Суреттегі заттардың атын жаз . Оларға сұрақ қой. Бұл сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстыр. Осы сөздерді бір сөзбен  не деп атайды? Суреттегі құралдармен жұмыс істейтін адамды кім деп атайды?

-Құрал саймандар.

-Ұста

-Ұста туралы әңгіме құра.

Ары қарай жүрейік, мына кездескен қай аң?

-Тиін

-Тиін нені жақсы көреді?

-Қарағай мен шыршаның  бүрі.

 

Тиіннің  тапсырмасы:

Тиін сендерге тест алып келген.

1 қате – «5»

2-3 қате – «4»

4 қате – «3»

Одан көп қатеге – «2»

 

ҮІ. Т  е  с  т          с  ұ  р  а  қ  т  а  р  ы:

1.Кімдер? нелер? Сұрағына жауап беретін сөздер қатарын тап.

А.балапандар, қанаттар, үйлер

ә.жасыл, келді, сары

б.парта, гүл, дәптер

2.Құстар, аталар, аюлар, жануарлар сөздеріне төмендегі сұрақтардың қайсысын қоюға болады?

А.не істеді? Қайтті?

Ә.кімдер? нелер?

Б.неше? нешінші?

3.Кім? не? Сұрағына жауап беретін сөздер қатарын тап.

А.отыршы, кетті, жүрді.

Ә.дәптер, қалам, ата

б.алты, бес, екі

 4.Қандай сөздер бас әріппен жазылады?

А.заттың түр – түсі

ә.кісі, жер – су аттары

б.жануар, зат аттары

5.Кім? кімдер? Не? Нелер? Деген сұрақтар қай сөз табына қойылады?

А.зат  есім

ә.сын есім

б.сан есім

г. Етістік

6.Заттың атын білдіретін сөзді қалай атаймыз?

А.зат есім

ә.сын есім

б.сан есім

7.Бала, үйрек, апа, бауыр сөздеріне төмендегі сұрақтардың қайсысын өоюға болады.

А.қандай? қай?

Ә.кімдер? нелер?

Б.кім? не?

8.Заттың атын білдіретін сөздерді тап.

А.тырна, Айгүл, кітап

ә.қара, қоңыр, ақ

б.бес, үш, бір

9.Кім? деген сұраққа жауап беретін сөзі бар сөйлемді тап.

А.күз болды.

Ә.Айсұлу әдемі.

Б.машина жүрді.

10.Бас әріппен жазылуы тиісті сөздерді тап.

А.айдос, нұргүл, ертіс

ә.үлкен, кішкентай, қара

б.торғай, балық, гүл

-Міне, балалар, біздің саяхатымыз аяқталды. Әрбір адам өзінің туған жерін, табиғатын қорғауы керек.

– Ал, сендер табиғатты қорғауға  қалай үлес қосасыңдар?

-Көктемде көп ағаштар егеміз, құстарға ұя жасаймыз. Ағаштарға су құямыз, сындырмаймыз. Өзіміздің ауламызды тазалаймыз. Табиғатты сүю. Отанды сүю. Сендердің табиғатқа жасаған әрбір жақсы қадамдарың – сендердің болашақтарың. Сендер – болашақ азаматсыңдар. Сондықтан да сендер өздерің іні – қарындастарыңа үлгі – өнеге болуларың керек.

 

ҮІІ. Қорытындылау.

Кубизм стратегиясы.

  1. Зат есім дегеніміз  не?
  2. Сұрақтары қандай?
  3. Кім? Кімдер?   Неге қатысты қойылады?
  4. Не?  Нелер?  Неге қатысты қойылады?
  5. Кім?  Кімдер?  Сұрағына мысал келтіру.
  6. Не?  Нелер?   Сұрағына мысал келтіру.

 

ҮІІІ. Үйге  тапсырма  беру.  

ІХ. Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Следи за нами в FaceBook.
Все новые статьи и много уникального!
Спасибо, не показывайте мне эту штуку больше!
Қызықты ма?
Сабак жоспары
Друг, не уходи!