JOSPARLAR.KZ-Орта мерзімді және Қысқа мерзімді Сабақ Жоспарлар сайты

Туған жерімді сүйемін

Бекітемін

Оқу ісінің меңгерушісі: Гибатуллина Ж.С

Ұйымдастырылған іс-әрекетінің технологиялық картасы. 

Күні: 03.04.16  

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімі: Өзін-өзі тану.

Тақырыбы: Туған жерімді сүйемін

Мақсаты: «Отан»,«Сүйіспеншілік»,«Туған жер»туралы білімдерін бекіту,туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.

Дамытушылығы: Балалардың тілдік құзыреттіліктерін дамыту.

Тәрбиелігі: Патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: әліппе-дәптері,түрлі түсті қарындаштар,суреттер.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, ой  қозғау, сұрақ-жауап, талдау.

                      Оқу іс-әрекетінің барысы:

Оқу іс-әрекетінің түрлері           Тәрбиешінің іс-әрекетіБалалардың іс-әрекеті
Ынталандыру,

Сезімді ояту.

Шаттық шеңбері:

-Кел, балалар,күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік!

Балалар шаттық шеңберіне тұрады,бір-біріне күлкі сыйлайды.
Ұйымдастыру кезеңі.Өзіммен өзім:

Туған өлкеміздің табиғатты қандай тамаша! Айналамыз жап-жасыл, сан алуан тамаша гүлдер хош иісін аңқытып,биік ағаштар мейірімді анадай көлеңкесін  тосып тұр.Туған жердің әрбір шөбі,әр гүлі,әр ағашы,салқын самалы,қасиетті  топырағы көзіңе оттай ыстық.Оның қызыл-жасыл   көбелегі,құстардың құйқылжыта салған үні,жан-жануардың дыбысы құлағына жағымды  естіледі.Туған жердің таза ауасымен дем алып,көңілдерің көтеріліп,жандарың жайланып қалады.

Енді,туған жерімізге қандай жақсылық жасай алатынымызды ойлап,көз алдымызға елестетіп көрейік.

-Туған жер дегенді қалай түсінесіңдер?

Әрбір адам үшін туған ел,туған жер барлық уақытта да  қымбат.Өйткені туған өлке саған алтын бесік атамекен болып саналады.Туған елді әңгіме еткенде оған деген сүйіспеншіліктен жүрегіміз лүпілдейді.Туған елдің құдіреттілігі соншалықты,жанды баурап алады.

Дұрыс  айтасындар,балалар туған жерді ауылды,қаланы көркейтуіміз,оған қамқорлық жасауға  өз үлесімізді қосуымыз туған  жерге  сүйіспеншілікті білдіреді.

Дәйексөз:

«Туған жер-алтын бесік»

Әркімге өзінің туып-өскен жері,оның сылдырап аққан суы,биік таулары, қош иісті гүлдері де ыстық.Сондықтанда әркім өзінің туған жеріне деген махаббатын,отанына сүйіспеншілігін,мақтанышын түрлі жолдармен білдіреді.Ақын-жазушыларымыз туған жердің сұлу табиғатын жырласа,суретшілеріміз суретін салады.

-Балалар сендер өз туған жерлеріңе деген сүйіспеншіліктеріңді қандай ғажайып сөздермен білдіресіңдер?

Анар:

Аспанымдай мөлдірмін,

Жайлауымдай жазықпын.

Өзенімдей өршілмін,

Гүлдерімдей нәзікпін.

Қуат алған өзінен,

Бақытты етіп өсірген.

Отанымның гүлімін.

Жауһар:

Туған жер-алтын бесігім,

Тербеттің мені төсінде.

Жүреді сенің есімің,

Мәңгі бақи есімде.

Қымбат:

Төскейден жел еседі,

Төбемнен бұлт көшеді.

Туған жерім мен үшін,

Көк майсасын төседі.

Диар:

Ұлтарақтай болса да,

Ата қоныс жер қымбат.

Ат төбеліндей болса да,

Туып өскен ел қымбат.

Дарын:

Жұп-жұмсақ жұпар желі бар,

Мөп-мөлдір айдын көлі бар.

Нөсерлеп құяр селі бар,

Бәйшешек толы белі бар.

Еңбекті сүйген ері бар,

Осындай менің жерім бар!

Парасат:

Ақ жаңбырға шомылып,

Туған жердің алабы.

Қызғалдаққа көміліп,

Көздің жауын алады.

Жасмин:

Қазақстан,туған жерім-киелім,

Қастерлеймін,басымды мен иемін.

Табиғаттың-таптырмас жан байлығым,

Бәрін-бәрін аялаймын,сүйемін.

Әліппе-дәптермен жұмыс:

Оқушыларға дәптермен  жұмысты орындау жолдарын түсіндіреді.

Суреттердегі балалардың табиғатқа  қамқорлық істері туралы әңгімелеп береді.Суретті бояйды.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкене ағаштар,

Үп- үлкен боп өседі.

«Мақалды аяқта» ойыны:

1.Аққу айдынын  аңсайды…….

(Адам туған жерін аңсайды).

2.Бөтен жердің гүлінен……

(Туған жердің тікені артық).

3.Сағынған ер елін аңсайды……

(Саралы қаз көлін аңсайды)

4.Туған жердің жері де көрікті…..

(Елі де сүйікті).

5.Туған жердей жер болмас…….

(Туған елдей ел болмас)

 

Балалар өз ойларын айтып,пікірлерімен бөліседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қойылған сұрақтарға  жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар жаттаған өлең-тақпақтарын айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар сергіту сәтін қимылмен көрсетеді.

 

 

 

 

Балаларға мақалды бастап айтып,балалар аяқтайды.

Оқу іс-әрекетін қорытындылауЖүректен жүрекке

-Балалар мен өз отаныма туған жеріме деген  сүйіспеншілігімді былай  білдіремін.

-Ал балалар сендер өз туған жерге деген сүйіспеншіліктерінді қалай білдіресіңдер?

-Туған жерімді аялаймын.

-Туған жерімді сүйемін.

-Туған жерге қамқормын.

-Мен отанымды  сүйемін.

-Мен  Қазақстанның ұланымын.

-Мен туған елімді сүйемін.

-Мен  тәуелсіз елімді жақсы  көремін……

Бүгінгі сабақта қандай әсер алдыңдар?

Не жайлы білдіндер?

Балалар,туған жер бұл бұл-біздің туып өскен жеріміз.Оны қастерлеп,аялау-сендердің борыштарың.

Шаттық шеңберге тұрып. «Атамекен» өлеңін  хормен  оқушылар бірге айтады.

Жарайсындар балалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар жауабы

 

 

 

 

 

 

Хормен әнді орындайды

Күтілетін нәтиже:

1.Балалар, «туған жерімді сүйемін» деген сөздердің мағынасын түсінеді.

2.Адами қасиеттері дамиды.

3.Сүйіспеншілікке тәрбиелейді.