JOSPARLAR.KZ-Орта мерзімді және Қысқа мерзімді Сабақ Жоспарлар сайты

Мен және мені қоршаған орта.

Шалқар ауданы№12 балабақша тәрбиешісі: Жансүгірова Сәнімгүл Жұмабайқызы

Технологиялық карта

Білім беру саласы: Денсаулық

Білім көздері: Қауіпсіз мінез-құлық негіздері

Күні 

Тақырыбы: Мен және мені қоршаған орта.

Мақсаты: Балаларға флора және фауна туралы мәлімет беру. Өсімдік пен жануарлар дүниесіне деген жауапкершілік және қорғау қарым-қатынасын қалыптастыру. Күн және ауа тіршілік иелерінің өмір нәрі екені жөнінде мәлімет беру.

 

 

Іс-әрекет бөлімдері

 

Тәрбиешінің іс-әркеті

 

Балалардың іс-әрекеті

 

 

Ынталандыру,  сезімдерді ояту.

 

Тәрбиеші балаларға бір-бірімен амандасуға ұсыныс жасайды. Барлы шаттық шеңберіне тұрады.

 

Балалар шеңберге тұрып, күлімдеп, бәрі ғажайып сөзді қайталайды.

 

 

Ізденістер, ұйымдастыру.

 

1. Табиғаттың сыйы жөнінде әңгімелесу.

Табиғат-адамдарды қоршаған әлем. Бұл-аспан, ай, жұлдыз, өзен-көлдер, теңіздер, ағаштар, шөптер, жануарлар әлемі. Жел, жауын-шашын, боран, су тасқыны, қар еруі-бұның бәрі табиғаттың құбылыстары. Таулар, тастар, ағаштар, шөптер-табиғаттың денелері.

Табиғат-бүкіл қоршаған әлем, ал адам-өмірдегі ең керемет жаратылыс.

Ағаш- ауаны көмірқышқыл газынан тазартып, оны оттегіне айналдыру қызметінің қайнар көзі. Бұл да адам денсаулығына жағымды әсер етеді.

Күн – табиғат сыйының бірі. Халық «Күн қай жерде аз түссе, сол жерде адамдар жиі ауырады» дейді. Күн шуағы көптеген аурулардың алдын алады.

Тәрбиеші терезенің желдеткішін ашып, балаларға таза ауаны терең жұтуды ұсынады. Таза ауа ағзаға өте пайдалы. Адамдар оттегімен тыныс алып, көмірқышқыл газын сыртқа шағарады.

2. Әліппе-дәптермен жұмыс. Дәрігер Салауаттың кеңестері: — Өсімдіктер мен гүлдерді жұлма! Сүйсініп қара, басқа адамдардың да сүйсініп қалауына мүмкіндік бер.

— Бөтен итті сипама, жақындама. Абай бол, оны өзіне төнген қауіп санап, қауып алуы мүмкін.

3. Ойын-лото – «Қазақстан жануарлары мен өсімдіктері».

Балалар адамға қоршаған ортаға байланысты үлкен жауапкершілік жүктелгенін талқылайды. Адам табиғаттан бөлек өмір сүре алмайды, өйткені ол табиғаттың бір бөлігі. Өз денсаулығын сақтау үшін, ол жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға міндетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар тәрбиешімен бірге Әліппе-дәптердегі мағлұматпен танысады.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар терезеге келіп, қолдарын күнге созып жылытады.

 

 

 

 

 

Қимылдармен орындайды.

 

 

 

 

 

 

Қандай зат екенін табады.

 

 

 

 

 

 

Салауаттың кеңестерін тыңдап, естерінде сақтайды.

 

 

Қорытындылау, өзін-өзі бағалау.

 

·        Табиғат – тіршілік нәрі.

·        Адам флора мен фаунаны қорғап, күтеді, ал олар адамға өмір сүруге пайдасын тигізеді.

·        Адам табиғаттың бір бөлігі. Жер бетінде ауа, су, күн болмаса, тіршілік атаулы болмас еді.

 

Күтілген нәтиже:

Білуі тиіс: Флора және фауна деген не екенін?

Түсінігі: Қоршаған орта туралы түсінігі болу.

Көрсете білуі: Салауаттың кеңестерін жаттап айтып беру.