Шалқар ауданы №12 бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі:
Аманғожина Халима Әлжанқызы
Білім беру саласы: Денсаулық
Білім көздері: Қауіпсіз мінез-құлық негіздері
Күні
Тақырыбы: Күн тәртібі.
Мақсаты: Балалардың күн тәртібі туралы білімдерін кеңейту. Күн тәртібін жүйелі орындайдың денсаулықты нығайтудағы маңызын түсіндіру. Ұйқының адам денсаулығы үшін маңызы туралы ұғымдарын кеңейту. Ұйқы күн тәртібінің құрамды бір бөлігі деген түсінік қалыптастыру.
| Іс-әрекет бөлімдері | Тәрбиешінің іс-әркеті | Балалардың іс-әрекеті |
|
Ынталандыру, сезімдерді ояту. | Қолдарына гүл ұстаған балалар дөңгелене отырады. Тәрбиеші өзі бастап сәлемдесіп, балалар қолдарындағы гүлді бір-біріне тілек айту арқылы ұсынады. Гүл шоқтары бірте-бірте көбейіп, тәрбиешінің өзіне бір құшақ гүл- «Тілек шоғы» болып оралады. «Өзгелерге денсаулық тілеп, жақсылық жасасаң, ол өзіңе қайтып оралады», — деп тәрбиеші қорытындылайды. | Балалар шеңбер құрып, бір-біріне күлімсіреп қарап, жақсылық, денсаулық тілейді. |
|
Ізденістер, ұйымдастыру. | 1. Әліппе-дәптермен жұмыс. Әліппе-дәптердегі суреттерге қарап, күн тәртібі туралы әңгіме құрастыру. «Күн және түн» қимылды ойыны. Тәрбиеші «Күн» белгісін бергенде, балалар күледі, жүгіреді, секіреді т.б. Ал «Түн» белгісін бергенде, қозғалыстарын тыйып, бәрі ұйықтайды. 2. Дидактикалық ойын – «Жыл мезгілдері». Табиғат өз өмірінде белгілі бір тәртіпті сақтайды. Ол тәртіп «жыл мезгілі» деп аталады. Адам табиғаттың бір бөлігі, сондықтан ол да өз өмірінде белгілі бір тәртіп сақтап, арнайы бір өмір салтына бейімделуі керек. Адамның бұл тәртібі күн тәртібі деп аталады. Күн тәртібін сақтайтын балалар ақылды, сымбатты, дені сау болып өседі. 3. Жұмбақ шешу. Дүниеде не тәтті? (Ұйқы) Сен ұйықтап жатқанда кәдімгі оқиға сияқты түс көресің. Шын мәнінде мұндай оқиға өмірде болмайды. Кейде түс қызыұты, ал кейде тіпті қорқынышты болуы мүмкін Түстен қорқудың қажеті жоқ. 4. Сергіту сәті. Ұйқыдан оянып, асығып тез тұрма. Ке-рі-ліп, бойыңды жаз, анаңа күлкі сыйла! Терезе-есікті ашқанда, Үйіңді, бөлмеңді толтырсын таза ауа!
|
Балалар өздерінің ұйқысы жайлы айтып талқылайды. |
|
Қорытындылау, өзін-өзі бағалау. | · Ұйқы – адам өміріне аса қажет, ұйқысыз өмір сүру мүмкін емес. · Барлық балалар мен үлкендер күн тәртібін сақтағандары жөн. · Адам – табиғаттың бір бөлігі, ол табиғатты сүюге, қорғауға, қамқорлық жасай білуге міндетті. |
Күтілген нәтиже:
Білуі тиіс: Ұйқының адам өміріне аса қажет екенін.
Түсінігі: Әр адам күн тәртібін сақтау керектігін.
Көрсете білуі: Өз ойларын қорытып айтып беру.
