Күні: 11.04.2017ж 1 «а» класы
Пәні: Сауат ашу
Тақырыбы: Біздің кафе. Буын.
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік:Оқушылардың мәтінді саналы түсініп оқуын меңгерту, шапшаң оқуға төселдіру; Буын жайлы білімдерін кеңейту. Сыпайы сөздерді үйрету, үлкендермен сәлемдесу түрлерін үйрету.
2. Дамытушылық: Тіл байлығын, сөздік қорын дамыту, таным белсенділігін арттыру, сауатты көркем жазуын қалыптастыра түсу, әдеп әліппесін бойына дарыту.
3. Тәрбиелік: Адамгершілік, имандылық тәрбиесін беру, әдептілікке, сыпайылыққа, ізеттілікке үйрету, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, сөздік, көрнекілік,
Түрі: Топтық жұмыс, саяхат сабақ.
Көрнекілік: Кесте, суреттер, сыпайы сөздер, үлестірмелі қима қағаздар, слайд.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындықтарын ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз
Үлкендерді құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Қызығушылықты ояту: Мұғалім: — Балалар, біз осы уақытқа дейін «Үлкенге құрмет, кішіге міндет», «Әке көрген оқ жонар», «Талаптыға нұр жауар» деген мағыналы, тәрбиелік мәні зор мақалдармен таныстық. Осы тақырыптар бізді не нәрсеге жетелейді, нені үйретті, қандай бала болуымыз керек екенін ұғындырды?
Оқушылар: Әдепті, ақылды болуға, ата-анаңды, үлкендерді, ұстаздарды құрметтеуге, кішіге қамқор болуға, үлкен әже — аталарымызға көмектесуге үйретті.
Мұғалім: Міне осының бәрі ненің белгісі?
Оқушылар: Адамгершіліктің, әдептіліктің, сыпайылықтың.
Мұғалім: Сыпайылық неден басталады?
Оқушылар: Құрметтеуден,сіз деп айтудан.
Мұғалім: Ендеше балалар, біз бүгіннен бастап бір-бірімізге сіз деп сөйлейік. Бұл сыйластықтың белгісі.
Мұғалім: Ендеше балалар, біз бүгінгі сабақта сіздер болып, біздер болып, бізге қонаққа келген ұстаз апайларымызбен бірге бәріміз «Сыпайылар әлеміне» саяхатқа шығамыз. Саяхатқа шығу үшін бізге көліктер керек.
— Қандай көлік түрлерін білеміз?
— Мектепке автобуспен келетін балалар бар ма?
Көліктерді таптық, енді сол көліктерге мініп саяхатқа шығамыз.
Өткенді қайталау. / Автобус/
-Балалар, біз бүгінгі сабақты 3 топқа бөліп өткіземіз.
Топтық ереже: Бір-бірімізді тыңдаймыз, бір-біріміздің сөзімізді бөлмейміз, уақытты үнемі пайдаланамыз, басқа топтарды тыңдаймыз.Топтың атын біліп алу үшін, мынадай тапсырмалар орындаймыз. Ол үшін ең алдымен біз автобус көлігіне мінеміз. Тапсырманы дұрыс орындағанда ғана автобус бізді «Сыпайылар әлеміне» апаруға жол бастайды.
Әр сұраққа дұрыс жауап берсеңдер автобус көлігін аласыңдар.
Сабақтың соңында жинаған көлік түрлерінің саны бойынша бағаланасыңдар.
1-топ: «Дыбыс» тобы. Сандарды өсу ретімен орналастыр.
| 5 | 3 | 1 | 4 | 2 |
| б | ы | д | с | ы |
2-топ: «Әріп» тобы. Әріптерден сөз құрастыру
ірәп-әріп
3-топ: «Сөз» тобы: Ребус
,,,, ,,, ,,
Сағат өзен қаз
1-топ: «Дыбыс» тобы.
-Дыбыс дегеніміз не?
— Дыбыс нешеге бөлінеді?
-Мысал келтір
2-топ: «Әріп» тобы.
-Әріп дегеніміз не?
-Қазақ тілінде неше әріп бар?
-Мысал келтір
3-топ: «Сөз» тобы.
-Сөз неден құралады?
-Бір сөзге сөйлем құра
-Сөйлем неше сөзден құралған?
Үй тапсырмасын тексеру: Үйге қандай тапсырма берілді?
1-топ: «Дыбыс» тобы.
1-оқушы ы, і дыбыстарының бір біріне ұқсастығы мен өзгешелігі неде?
2-топ: «Әріп» тобы.
Жаңылтпашты жатқа айту
3-топ: «Сөз» тобы.
Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды ата?
—Міне балалар, өткенді қайталадық, бәрін есімізге түсірдік, кешегі үйге берілген тапсырманы да орындадық, яғни автобуспен бәріміз «Сыпайылар әлеміне» жол бастадық. (Оқушыларға автобус беру арқылы бағалау). Енді әрі қарай пойызға мініп жүреміз. Пойыздың тапсырмасы мынадай болмақ.
Жаңа сабақ: (Пойыз) Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін мынадай тапсырмалар орындаймыз.
1-топ: «Дыбыс» тобы.
Буын ережесін шығару.
-«Ата» деген сөзді буынға бөлу. Неше дауысты дыбыс және неше буын бар?
А-та-2 дауысты (а-дауысты дыбыс), 2-буын бар.
Ереже: Сөзде қанша дауысты дыбыс болса сонша буын болады. Мысалы: А-та деген сөзде 2 дауысты дыбыс бар, сондықтан 2 буын бар.
2-топ: «Әріп» тобы.
Суреттегі сөздердің бірінші әріптері бойынша сөз құрастыру. БУЫН.
3-топ: «Сөз» тобы.
Әріпті жұмбақ. БУЫН.
Табада бар
Танада жоқ,
Сабада бар
Санада жоқ. (Б)
Дабылда жоқ
Дауылда бар,
Далада жоқ
Ауылда бар. (У)
Қылда бар
Жүнде жоқ,
Жылда бар
Күнде жоқ. (Ы)
Нарда бар
Қарда жоқ,
Нанда бар
Майда жоқ. (Н)
-Ендеше балалар, біздің бүгінгі тақырыбымыз буын. Алдағы уақытта осы буынға байланысты тапсырмалар орындап, жаттығулар жазамыз.
Ереже: Сөз буынға бөлінеді. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса сонша буын болдады. Буын дауысты дыбысқа негізделіп жасалады. Мысалдар келтіру.а- на, а- ра, ба- ла, ша ға- ла т.б.
-Міне, пойыздың тапсырмасын да орындадық. Пойызбен бірге жүріп, біраз жолды артқа қалдырдық. (бағалау мақсатында пойыздарды беру)
Енді аспанға ұшу арқылы, яғни ұшақ арқылы «Сыпайылар әлеміне» жақындаймыз.
Ойын: «Кім жылдам?» ойыны.
Әуелі бір буынды, содан кейін екі буынды және үш буынды сөздерді ата
—Міне балалар, ұшақпен де ұштық. (Ұшақ суреттерін оқушыларға беру) «Сыпайылар әлемі» елінің дәл ортасына жақындадық. Әрі қарай кемеге мініп баратын боламыз.
Сергіту сәті: (видеоролик)
Оқулықпен жұмыс: «Біздің кафеде» / Кеме/
-Бүгін балалар «Біздің кафеде» деген мәтінмен танысамыз. Қоржынымызды тағы да сыпайы сөздерден толықтыратын боламыз.
«Біздің кафеде» мәтінді мәнерлеп оқу.
1-топ: «Дыбыс» тобы.
-мәтінді 3 оқушы мәнерлеп оқу
2-топ: «Әріп» тобы.
— Мәтін бойынша сұрақтарға жауап берсін, түсінгенін айту
Сұрақтарға жауап бер.
- Балалар аналарымен қайда келді?
- Олар тапсырыс беру үшін кімді шақырды?
- Олар не туралы сөйлесті?
- Балалардың аналары кім болып істейді?
3-топ: «Сөз» тобы.
— Мәтіндегі қарамен жазылған сөйлемдері оқысын. Дәрігер, наубайшы сөздерін буынға бөлсін.
Дәптермен жұмыс: Көркем жазу
1- жаттығу. Мәтіндегі қарамен берілген сөйлемдерді көшіріп жазу.
-Міне балалар, осымен кеменің тапсырмасын да ойдағыдай аяқтадық. (Оқушыларға кеме беру). Егер осы соңғы тапсырманы орындасақ онда біз «Сыпайылар әлемі» еліне жетеміз. Соңғы тапсырманы орындау үшін атқа, яғни жылқыға мінеміз.
-Балалар неге жылқыны таңдадық деп ойлайсыңдар? Себебі ол қазақ халқының көлігі. Қазақ халқы жылқыны мінсе — көлік, ішсе сусын деп бекер айтпаған. Жылқы ол талай бәйгелерден оза жапқан жануар. Егер біз қазіргі бізге берілген тапсырманы ойдағыдай орындайтын болсақ, жылқы біздерді де бәйгеге апарады, яғни жете алмай жатқан «Сыпайылар әлеміне» еліне жеткізеді.
Бекіту: «Жылқы»
1-топ: «Дыбыс» тобы.
«Баспалдақ» ойыны, «Б» дыбысына басталатын сөздер жазу
Бал , бала, балалпан, батыр
2-топ: «Әріп» тобы.
Ға буынынан аяқталатын сөздер жазу
А-ға, та-ға, жа-ға,балға.
3-топ: «Сөз» тобы.
Сәйкестендіру
Рах құл
Ке сат
Ма мет
Рұқ шір
Рахмет, кешір, мақұл, рұқсат.
Барлық топқа: Семантикалық картаны толтыру.
| Сөздер | 1-буын | 2-буын |
| Ана | + | |
| Сіз | + | |
| Әже | + | |
| Ұл | + | |
| Бала | + | |
| қыз | + | |
| кешір | + |
Жұп болып тексеру.
-Міне балалар, осымен біз барлық «Сыпайылар әлемі» еліне жеттік. (Жылқыларды беру арқылы бағалау)
Бағалау: Топ басшылары топтарындағы оқушылардың қанша көлік түрін жинағандарын айтады. Мұғалім бағалайды.
Қорытынды: -Балалар, біз «Сыпайылар әлеміне» оңайлықпен келген жоқпыз. Осы елге жету үшін не істеді? (көліктерге міндік, түрлі тапсырмалар орындадық.)
-Қандай көлік түрлеріне міндік?
-Олардың пайдасы қандай екен?
-Қандай мәтінмен таныстық?
-Буын дегеніміз не екен?
-Қандай тапсырмалар орындаған қызықты болды?
-Қандай тапсырма қиын болды?
«Ыстық орындық». Сыпайылар әлемінің тәжін киіп, бүгінгі сабақтан алған әсерлерін айту.
-Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!
Өзім туралы мәліметтер:
№ 3 Мәртөк орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Ашикбаева Алмагуль Костаевна
Мекен- жайым: Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы
Губина көшесі, № 59 үй
